«Aqtobe Camp – 2026» жобасының екінші күні қатысушы жастар арасында қызықты әрі тартысты квиз сайысы ұйымдастырылды.
29.07.2026 12:15:58 259
Жобаның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыруға үлес қосу, жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, есірткіні тұтыну мен таратуға қатысты құқықтық жауапкершілікті түсіндіру, сондай-ақ бопсалау, кибербуллинг, ұрлық, алаяқтық және лудомания сияқты қоғамдағы өзекті мәселелердің алдын алып, жастар арасында салауатты орта қалыптастыру.
Жобаның алғашқы күні қатысушыларға арналған психологиялық тренингтер, арт-терапия және тимбилдинг бағдарламалары ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралар жастардың өзара сенімін нығайтуға, командалық рухын арттыруға, эмоционалдық тұрақтылығын дамытуға және тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1265242?lang=ru