Бүгін Алтай ауданының тұрғындары психоневрологиялық диспансерде медициналық куәландырудан өту кезінде туындаған ұзын-сонар кезекке байланысты аудандық мәслихат депутаттарына шағыммен жүгінді.

Бүгін Алтай ауданының тұрғындары психоневрологиялық диспансерде медициналық куәландырудан өту кезінде туындаған ұзын-сонар кезекке байланысты аудандық мәслихат депутаттарына шағыммен жүгінді.

29.07.2026 16:47:14 271

Бүгін Алтай ауданының тұрғындары психоневрологиялық диспансерде медициналық куәландырудан өту кезінде туындаған ұзын-сонар кезекке байланысты аудандық мәслихат депутаттарына шағыммен жүгінді.

Осы күні біз жағдаймен өз көзімізбен танысып, тұрғындармен кездесу үшін, аталған мекемеге бардық.

Өкінішке қарай, мәселе шынымен де бар екені анықталды. Тұрғындардың айтуынша, медициналық куәландырудан уақытылы өту үшін кезекке бірнеше күн бұрын жазылуға мәжбүр. Кейбір азаматтар кезектен қалып қоймау мақсатында медициналық мекеменің алдына тіпті түнгі уақытта келетіндерін жеткізді. Мұндай жағдай тұрғындардың орынды наразылығын туғызып отыр және бұл сынның негізсіз емес екені анық.

Оқиға орнында біз «Алтай ауданының психиатриялық диспансері» КМКК басшысы Юрий Викторович Долговпен кездесіп, қалыптасқан жағдайды талқыладық. Оның айтуынша, медициналық мекеменің қазіргі қабылдау мүмкіндігі қысқа мерзімде барлық азаматты қамтуға жеткіліксіз, сондықтан кезектердің пайда болуына осы жағдай себеп болған.

Мәселенің өзектілігін ескере отырып, депутаттар Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментіне депутаттық сауалдар жолдады. Сауалдарда қабылданатын азаматтар санын арттыру, қосымша ұйымдастыру шараларын қабылдау, сондай-ақ өздеріне байланысты емес себептермен медициналық куәландырудан уақытылы өте алмай отырған тұрғындардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу мәселелері көтерілді.

Аталған мәселе мүмкіндігінше қысқа мерзімде шешімін табуы тиіс деп есептейміз. Өз тарапымыздан бұл мәселені депутаттық бақылауда ұстаймыз және тұрғындарды алынған жауаптар мен қабылданған шешімдер туралы міндетті түрде хабардар ететін боламыз.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1265445?lang=ru