Алтай ауданында аудандық мәслихаттың төрағасы Л. Гречушникова мен аудан әкімінің орынбасары Ж. Асқарова «БЦК» ЖШС ұжымымен «Алтай ауданының бүгіні мен болашағы туралы ашық әңгіме» тақырыбында кездесу өткізді.
29.07.2026 17:20:55 231
Алтай ауданында аудандық мәслихаттың төрағасы Л. Гречушникова мен аудан әкімінің орынбасары Ж. Асқарова «БЦК» ЖШС ұжымымен «Алтай ауданының бүгіні мен болашағы туралы ашық әңгіме» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған шаралар және өңірдің алдағы даму перспективалары талқыланды.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына ерекше назар аударылды. Конституция – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі, мемлекеттің демократиялық құрылымының, заң үстемдігінің, әділеттілік қағидаттарының және мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы жауапкершілігінің негізгі құқықтық негізі екені атап өтілді. Сонымен қатар конституциялық өзгерістердің Әділетті Қазақстан қағидаттарын нығайтуға, өкілді органдардың рөлін арттыруға, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға және азаматтардың қоғамдық маңызы бар шешімдерді қабылдауға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ететіні айтылды.
Кездесу соңында кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ауданның инфрақұрылымын дамыту, абаттандыру, әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту және өзге де өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Барлық сауалдарға жан-жақты жауаптар берілді. Қатысушылар мұндай ашық форматтағы кездесулер халық пен жергілікті билік арасындағы өзара сенімді нығайтып, тиімді ынтымақтастықты дамытуға және Алтай ауданының өркендеуіне бірлесіп үлес қосуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1265480?lang=ru