Қазақстан Елшісінің Исламабадты дамыту басқармасының төрағасымен кездесуі өтті
29.07.2026 17:56:32 204
Исламабад, 2026 жылғы 29 шілде – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Исламабадты дамыту басқармасының (Capital Development Authority, CDA) төрағасы әрі Исламабадтың Бас комиссары (Chief Commissioner, Islamabad) Сохаил Ашрафпен кездесті.
Кездесу барысында Елші сұхбаттасын Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі күн тәртібімен таныстырып, 2026 жылғы ақпанда өткен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Пәкістанға жасаған алғашқы мемлекеттік сапарының қорытындылары туралы ақпарат берді. Әңгіме барысында қол жеткізілген уағдаластықтар мен өңіраралық өзара іс-қимыл аясындағы перспективалы екіжақты жобаларға ерекше назар аударылды.
Тараптар Астана мен Исламабад қалаларының әкімшіліктері арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, цифрландыру, ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект, білім беру, қалалық инфрақұрылымды дамыту, қалаларды көгалдандыру, сондай-ақ екі ел астаналарының сауда-өнеркәсіп палаталары мен іскер топтары арасында тікелей байланыстар орнату бағыттарындағы өзара іс-қимыл перспективалары қарастырылды.
CDA төрағасы С.Ашраф аталған бағыттар бойынша практикалық ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдіріп, екі қала арасындағы әріптестікті кеңейту бастамасын қолдады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тәжірибе алмасу және бірлескен бастамаларды іске асыру мақсатында 2026-2027 жылдары екі ел астаналарының өкілдерінің өзара сапарларын ұйымдастыруға уағдаласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1265542?lang=ru