2026 жылғы тамыздағы негізгі тоқсандық және жартыжылдық салық есептіліктері, салықтар мен төлемдер
30.07.2026 08:07:19 190
2026 жылғы тамызда салық төлеушілер салық есептілігін тапсыру, сондай-ақ бюджетке салықтар мен төлемдерді төлеу бойынша бірқатар міндеттемелерді орындауы тиіс.
Салық төлеушілердің назарына!
Есеп беру күні - 15 тамыз - демалыс күніне (сенбіге) тура келеді. Салық заңнамасына сәйкес, есептілікті тапсыру және салықтарды төлеудің соңғы мерзімі келесі жұмыс күніне - 2026 жылғы 17 тамызға ауыстырылады.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық міндеттемелерін уақтылы орындау қажеттігін еске салады.
САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ:
17 тамыз:
- 101.03 нысаны – 2026 жылғы II тоқсан үшін резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын КТС бойынша есеп;
- 101.4 нысаны – 2026 жылғы II тоқсан үшін бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын КТС бойынша есеп;
- 200.00 нысаны – 2026 жылғы II тоқсан үшін ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация;
- 300.00 нысаны – 2026 жылғы II тоқсан үшін ҚҚС бойынша декларация;
- 400.00 нысаны – 2026 жылғы маусым айы үшін акциз бойынша декларация;
- 500.00 нысаны – 2026 жылғы II тоқсан үшін жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері бойынша декларация;
- 510.00 нысаны – 2026 жылғы II тоқсан үшін қол қою бонусы бойынша декларация;
- 531.00 нысаны – 2026 жылғы II тоқсан үшін салық міндеттемесін заттай нысанда орындау туралы декларация (есеп);
- 590.00 нысаны – 2026 жылғы II тоқсан үшін пайдалы қазбаларды өндіру салығы және ілеспе төлемдер бойынша декларация;
- 641.00 нысаны – 2026 жылғы II тоқсан үшін аударымдардың есебі;
- 701.00 нысаны – мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебі;
- 710.00 нысаны – 2026 жылғы II тоқсан үшін ойын бизнесі салығы бойынша декларация;
- 860.00 нысаны – 2026 жылғы II тоқсан үшін су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация;
- 870.00 нысаны – 2026 жылғы II тоқсан үшін қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация;
- 880.00 нысаны – 2026 жылғы II тоқсан үшін цифрлық майнинг төлемақысы бойынша декларация;
- 910.00 нысаны – оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілердің 2026 жылғы I жартыжылдыққа арналған декларациясы.
20 тамыз:
- 328.00 нысаны – 2026 жылғы шілде айы үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;
- 851.00 нысаны – жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ағымдағы төлемдер сомаларының есебі;
- 870.00 нысаны – қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация.
ТӨЛЕМДЕР:
5 тамыз:
- 2026 жылғы шілде айында жеке практикамен айналысатын тұлғалардың табыстары бойынша ЖТС.
17 тамыз:
- 2026 жылғы шілде айы үшін интернет-платформа операторы аударатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР бойынша ЖТС.
20 тамыз:
- 2026 жылғы шілде айы үшін ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС;
- ЕАЭО елдерінен импортты қоса алғанда, акциз;
- қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы.
24 тамыз:
- 2026 жылғы шілде айында бейрезиденттердің жекелеген санаттарына төленген табыстардан ЖТС.
25 тамыз:
- КТС – 2026 жылғы тамыз айы үшін аванстық төлемдер;
- резиденттің табыстарынан төлем көзінен ұсталған КТС;
- төлем көзінен ұсталған ЖТС;
- бейрезиденттердің табыстарынан төлем көзіненұсталған КТС;
- 2026 жылғы шілде айы үшін өзін-өзі жұмыспенқамтығандарға арналған АСР бойынша ЖТС;
- оңайлатылған декларация негізіндегі АСР қолданатын салық төлеушілердің 2026 жылғы I жартыжылдыққа арналған декларациясыбойынша КТС (ЖТС);
- 2026 жылғы II тоқсан үшін ҚҚС;
- 2026 жылғы II тоқсан үшін экспортқа рента салығы;
- тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлем;
- пайдалы қазбаларды өндіру салығы;
- салық міндеттемесін заттай нысанда орындаубойынша ағымдағы төлемдер;
- 2026 жылғы шілде айы үшін әлеуметтік салық;
- мүлік салығы;
- 2026 жылғы II тоқсан үшін ойын бизнесісалығы;
- жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
- су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
- қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшінтөлемақы;
- радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшінтөлемақы;
- 2026 жылғы тамыз айы үшін сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы;
- 2026 жылғы II тоқсан үшін цифрлық майнинг төлемақысы;
- 2026 жылғы шілде айы үшін бірыңғай төлем;
- 2026 жылғы шілде айы үшін әлеуметтіктөлемдер: міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмысберушінің міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, МӘМС аударымдарымен жарналары.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге техникалық кідірістер мен өсімпұл есептелуін болдырмау үшін есептілікті ұсынуды және төлемдерді төлеуді соңғы күндерге қалдырмауды ұсынады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1265649?lang=ru