Пәкістанның Теңіз істері жөніндегі Федералдық министрімен кездесуіне қатысты
30.07.2026 10:36:04 223
Исламабад, 2026 жылғы 28 шілде - ҚР ПИР Елшісі Е.Қыстафин Пәкістанның Теңіз істері жөніндегі Федералдық министрі Мухаммад Джунаид Анвармен кездесті.
Кездесу барысында көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Өңірлік өзара байланыстылықты тереңдету және халықаралық көлік дәліздерін дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ жүк тасымалы көлемін ұлғайту және логистикалық бағыттарды әртараптандыру мақсатында күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығы атап өтілді.
Федералдық министр көлік байланысын нығайтуға және екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру мен сындарлы диалогты жалғастыруға мүдделілігін растады.
Сонымен қатар, Министр Елшіге Пәкістан тарапының Араб теңізі жағалауында орналасқан теңіз инфрақұрылымына қолжетімділікті қамтамасыз етуге дайын екенін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1265780?lang=ru