Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

30.07.2026 12:11:37 216

Исламабад, 2026 жылғы 28 шілде – Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістанның Жоғары білім беру комиссиясының (HEC) төрағасы, профессор, доктор Нияз Ахмад Ахтармен кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында тараптар соңғы жылдары қол жеткізілген нәтижелерді оң бағалап, жоғары білім саласындағы Қазақстан мен Пәкістан арасындағы өзара іс-қимылдың тұрақты даму қарқынын атап өтті.
Екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы тікелей байланыстарды кеңейту перспективаларына, бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға, академиялық ұтқырлықты дамытуға, сондай-ақ студенттер, оқытушылар мен зерттеушілер алмасуына ерекше назар аударылды.
HEC басшысы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Исламабадқа сапарының қорытындысы бойынша берген тапсырмасын орындау мақсатында Пәкістанның білім беру гранттары қорына (Pak-EEF) 1 млн. АҚШ доллары көлемінде грант бөлгені үшін Қазақстан тарапына алғыс білдірді. Ол сондай-ақ Пәкістанның федералдық білім беру және кәсіптік даярлау мәселелері жөніндегі мемлекеттік министрі В.Қамардың Қазақстанға сапарының қорытындыларын жоғары бағалады. Сапар аясында Қазақстанның ресми органдары мен жетекші жоғары оқу орындарының өкілдерімен нәтижелі келіссөздер өткізілді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нақты жобалармен және бастамалармен толықтыруға бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1265892?lang=ru