Абай облысының ҚАЖ мекемесінде сотталғандар "Ана үйі" қорының өкілдерімен кездесті
31.07.2026 16:45:50 212
Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының сотталғандарымен "Ана үйі" қоғамдық қорының өкілдері кездесті. Сапар аясында сотталған әйелдерге консультативтік және психологиялық көмек көрсетілді, сондай-ақ босатылғаннан кейін әлеуметтік қолдау мүмкіндіктері түсіндірілді.
Кездесу барысында Қор өкілдері балалары балалар үйінде жүрген сотталған әйелдермен, сондай-ақ бұрын тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандармен жеке әңгімелер өткізді. Негізгі мақсат құқықтық, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету, сондай-ақ отбасылық байланыстарды қалпына келтіруге, қамқоршылықты рәсімдеуге және қоғамға оралуға дайындалуға көмектесу болды.
Бүгінгі таңда мекемеде екі жүзден астам сотталған әйел жазасын өтеп жатыр. Онға жуық сотталушы ата-ана құқығынан айырылған және олардың балалары балалар үйінде, жиырмадан астам сотталушы бұрын тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне тап болған. Олардың барлығына қажетті қолдау көрсетілді: ата-ана құқықтарын қалпына келтіру тетіктері, балаларды жақын туыстарына қамқорлыққа беру мүмкіндіктері түсіндірілді, сондай-ақ зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдердің құқықтарын қорғау және қол жетімді дағдарыс орталықтары туралы ақпарат берілді.
Балаларды туыстарының отбасына орналастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қор өкілдері қамқоршылықты ресімдеу процесін сүйемелдеуге, заң көмегін көрсетуге және балалардың туыстарының арасында тәрбиеленуі үшін мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға дайын екендіктерін атап өтті.
Мен өзім 40 жастамын, Алтай қаласының тұрғынымын, қастандық жасағаны үшін маған сегіз жыл бас бостандығынан айыру тағайындалды, оның ішінде мен бес жыл колонияда болдым. Менің қателіктеріме байланысты 12 жасар қызым ана махаббатынан айырылды. Енді қоғамдық қордың арқасында қызым менің туыстарымда болуға және жақын адамдарымның қамқорлығы мен жылуын сезінуге мүмкіндік алады. Босатылғаннан кейін мен қызыммен қарым —қатынасты қалпына келтіруді, жаңа өмір бастауды және бұрынғы қателіктерден аулақ болуды жоспарлап отырмын", - деп бөлісті сотталған.
Мұндай кездесулер сотталған әйелдерге сыртқы әлеммен байланысын үзбеуге көмектеседі, балалармен қайта қауышуға үміт береді, олардың психологиялық қалпына келуіне және босатылғаннан кейін заңға бағынатын өмір салтына мотивация қалыптастыруға ықпал етеді, - деп атап өтті сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Айнұр Ысқақова.
Өткізілген кездесу қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдерді қолдау және отбасылық жылулық пен қамқорлыққа мұқтаж балалардың құқықтарын қорғау жолындағы тағы бір қадам болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1266807?lang=ru