📢 СЭҚ қатысушыларының назарына!

📢 СЭҚ қатысушыларының назарына!

31.07.2026 18:26:58 217

2026 жылғы II тоқсан және I жартыжылдық үшін кедендік есептілікті ұсыну туралы

ҚР ҚМ 2026 жылғы 14 мамырдағы №306 бұйрығымен ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қаржы министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі №374 «Мемлекеттік кірістер органына есепті жүргізу және есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілді.

📌 Өзгерістер №374 бұйрықты Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне және әкімшілік деректерді ұсыну қағидаларына сәйкестендіру мақсатында қабылданды.

Атап айтқанда:

✅ «ақпараттық жүйе» термині «цифрлық жүйе» терминімен ауыстырылды;

✅ есептілік нысандарының титулдық беттері мен оларды толтыру жөніндегі түсіндірмелер өзектендірілді;

✅ есепке алу кітаптарын (журналдарын) және есептілікті сақтау мерзімдері белгіленді;

✅ заң техникасының талаптарына сәйкес редакциялық сипаттағы өзгерістер енгізілді.

❗ Бұл ретте есепке алу кітаптарының (журналдарының) және есептілік нысандарының мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілген жоқ.

📅 №306 бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2026 жылғы 19 мамырда №38744 болып тіркеліп, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.

📌 Есептілікті тапсыру кезінде нені білу қажет?

2026 жылғы II тоқсан бойынша тауарлар мен көлік құралдарының есебін жүргізу, сондай-ақ 2026 жылғы II тоқсан мен I жартыжылдық үшін есептілікті қалыптастыру және ұсыну 2026 жылғы 12 шілдеге дейін қолданыста болған нысандар бойынша жүзеге асырылады.

💻 «Keden» цифрлық жүйесі толық іске қосылғанға дейін есептілік мемлекеттік кірістер органдарына электрондық пошта арқылы қабылданады.

📍 Қарағанды облысы бойынша СЭҚ қатысушылары үшін

Есептілікті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне келесі электрондық пошта мекенжайына жолдау қажет:

📧 dgd_karaganda@kgd.gov.kz

📝 Есептілікті жіберу бойынша ұсынымдар

Электрондық хатқа:

📄 ілеспе хатты;

📅 шығыс нөмірі мен күнін;

👤 орындаушының аты-жөнін;

☎️ байланыс телефонын;

📧 электрондық пошта мекенжайын көрсету ұсынылады.

Сондай-ақ электрондық хаттың тақырыбын нақты көрсету ұсынылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1266936?lang=ru