Өзін-өзі жұмыспен қамтыған студенттерге арналған ақпарат
31.07.2026 18:51:41 247
Егер студент өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін қолданса және E-Salyq Business мобильді қосымшасында МӘМС бойынша берешек көрсетілсе, ал төленген МӘМС жарналары қайтарылып жатса, жеңілдік санаты туралы мәліметтерді жаңартып, қолдау қызметіне жүгіну қажет.
Ол үшін:
Оқу орнынан күндізгі оқу нысанында білім алатынын және оқу кезеңін растайтын анықтама алу қажет.
E-Salyq Business қосымшасында:
«Профиль» → «Салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеуге арналған мәліметтер» → «Санат» бөліміне өтіп, «күндізгі оқу нысаны» жеңілдік санатын таңдап, жеңілдіктің қолданылу мерзімін («бастап» және «дейін») міндетті түрде көрсету қажет.
Осыдан кейін қолдау қызметіне өтініш жолдап, оған оқу орнынан алынған анықтаманы қоса тіркеп, тиісті кезең үшін «студент» жеңілдік санатын ескере отырып әлеуметтік төлемдерді қайта есептеуді сұрау қажет.
Өтініште:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
ЖСН;
қайта есептеу жүргізілуі тиіс кезең көрсетілуі ұсынылады.
Өтініш тіркелгеннен кейін қолдау қызметі оны қарап, есептеулерге түзету енгізу мәселесін қарайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/1266983?lang=ru