Қазақстан Елшісі Пәкістанның мемлекеттік Әділет министрімен кездесті

Қазақстан Елшісі Пәкістанның мемлекеттік Әділет министрімен кездесті

03.08.2026 15:55:46 247

Исламабад, 2026 жылғы 31 шілде – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Е.Қыстафин Пәкістанның Әділет жөніндегі мемлекеттік министрі А.Маликпен кездесті.

Жүздесу барысында тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті күн тәртібін, сондай-ақ алдағы кезеңге жоспарланған сапарлар мен іс-шараларды талқылады.

Сұхбаттасушылар мемлекеттік органдар деңгейінде ғана емес, сондай-ақ іскерлік, академиялық, мәдени, ғылыми-техникалық қауымдастықтар, спорт федерациялары және өзге де салалар арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары қарқынын қанағаттанушылықпен атап өтті.

Осы тұрғыда, ең алдымен, екі елдің уәкілетті органдары арасындағы құқықтық саладағы ынтымақтастықты жандандырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Құқықтық ынтымақтастықтың өзара қызығушылық тудыратын нақты бағыттарын айқындау мақсатында Қазақстан мен Пәкістанның әділет министрліктері өкілдері арасында келіссөздер өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1267695?lang=ru