Қазақстан Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды
04.08.2026 15:50:59 215
Белград қ., 2026 жылғы 4 тамыз – Сербия Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Елшісі Болат Иманбаев Сербия СІМ Дипломатиялық протоколының бастығы Бранко Радовановичпен кездесіп, сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды.
Б.Радованович Елшіні осы маңызды дипломатиялық лауазымға тағайындалуымен құттықтап, дипломатиялық қызметіне көмектесуге және қолдауға дайын екенін білдірді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сербия арасындағы саяси, дипломатиялық, сауда-экономикалық және мәдени салалардағы екіжақты байланыстарды одан әрі дамыту мен нығайту мүмкіндіктерін, сондай-ақ, Сербия Ресубликасындағы ресми іс-шаралардың өту тәртібі және протокол ережелері жайында әңгімелесті.
Кездесу соңында дипломаттар екі ел үшін өзара мүдделі барлық салалардағы Қазақстан-Сербия байланыстарын одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге деген ұстанымдарын растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1268485?lang=ru