«Ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

«Ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

10.08.2026 14:46:35 183

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсетеді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап аталған мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 11 қарашадағы № 689 «Мемлекеттік кірістер органдарының резиденттікті растауға және ресми құжаттарға апостиль қоюға байланысты кейбір мәселелер туралы» бұйрығымен реттеледі.

Осы бұйрықпен мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілген. Апостиль – мыналарды куәландыратын арнайы мөртаңба:

  • лауазымды тұлғаның қолының түпнұсқалығын;

  • құжатқа қол қойған тұлғаның өкілеттігін;

  • мемлекеттік органның мөрінің немесе мөртаңбасының түпнұсқалығын.

  Апостиль құжаттың мазмұнын растамайды, тек оның ресми шығу тегін куәландырады.

Мемлекеттік қызметті алушылар:

  • жеке тұлғалар;

  • заңды тұлғалар;

  • сенімхат немесе өкілеттігін растайтын өзге де құжаттар негізінде әрекет ететін өкілдер болып табылады.

Мемлекеттік қызмет:

  • көрсетілетін қызметті беруші арқылы;

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі.

 Мемлекеттік қызметті алу үшін:

  • апостиль қойылатын құжат;

  • мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат ұсынылады.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 667-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес апостиль қою үшін әрбір ресми құжатқа 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 АЕК – 4 325 теңге. Сәйкесінше, мемлекеттік баж мөлшері әрбір ресми құжат үшін 2 162,5 теңгені құрайды. Төлем 108126 БСК - апостиль қою үшін мемлекеттік баж бойынша жүргізіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 3 жұмыс күні, қосымша тексеру қажет болған жағдайда - өтініш тіркегелген күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

Өтінішті қарау нәтижелері бойынша өтініш берушіге:

  • апостиль қойылған ресми құжат;

немесе

  • қағидаларда көзделген негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту беріледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1271462?lang=ru