МКК-де сауданы дамыту және алкоголь өнімдерін міндетті таңбалауға дайындық мәселелері талқыланды
10.08.2026 16:10:48 152
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде алкоголь өнімдерін ірі өндірушілермен және салалық қауымдастықтар өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
Кеңес МКК Төрағасының орынбасары С. Ахметовтің төрағалығымен өтті. Талқылауға «Бахус» АҚ, «Көкшетау минералды сулары» АҚ, «Петропавл арақ зауыты» ЖШС және саланың басқа да кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
Кездесудің негізгі мәселелерінің бірі өзара сауданы дамыту және қазақстандық өнімді шетелдік нарықтарға жеткізу көлемін кеңейту болды. МКК және бизнес өкілдері алкоголь өнімдерінің экспортына байланысты практикалық мәселелерді, отандық кәсіпорындардың жеткізу көлемін ұлғайтуға дайындығын, сондай-ақ қолданыстағы кедергілер мен сыртқы сауданы одан әрі дамыту жөніндегі ұсыныстарды талқылады.
Отандық өндірушілердің шетелдік нарықтарға шығу үшін қосымша мүмкіндіктерді пайдалануына жағдай жасау мақсатында мемлекет пен бизнестің тиімді өзара іс-қимылын қалыптастыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Кездесудің жеке блогы алкоголь өнімдерін міндетті таңбалау мен қадағалап отыруды енгізуге арналды. Жаңа тәртіпке дайындық аясында пилоттық жоба өткізілді. Оны іске асыру барысында нормативтік және техникалық шешімдер пысықталып, өнімнің қадағалануын қамтамасыз ету тәсілдері қалыптастырылды.
Алкоголь өнімдерін міндетті таңбалауды 2027 жылдан бастап енгізу жоспарлануда. Оны іске қосқанға дейін қажетті техникалық пысықтауларды аяқтап, таңбалау кодтарын енгізу, есепке алу және олардың қозғалысы процестерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету қажет.
Кездесу барысында сала өкілдері таңбалауға дайындық кезінде туындайтын практикалық мәселелерді атап өтіп, техникалық шешімдерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі негізгі бағыт – қазақстандық экспорт мүмкіндіктерін кеңейту және саланы алкоголь өнімдерін міндетті таңбалауға дайындау бойынша одан әрі сындарлы диалог жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1271579?lang=ru