Қазақстан мен Мажарстан климаттық технологиялар және өнеркәсіптік өндіріс салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Қазақстан мен Мажарстан климаттық технологиялар және өнеркәсіптік өндіріс салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

10.08.2026 18:11:19 176

Будапешт, 2026 жылғы 4 тамыз – Мажарстандағы Қазақстан Республикасы Елшілігінде мажарлық ICCS, ZEQVION және ELWA компаниялар тобының басшылығымен кездесу өтіп, Қазақстанда бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.

Кездесуде климаттық технологиялар мен көміртек нарығын дамыту саласындағы бастамаларға ерекше назар аударылды. Мажар тарапы халықаралық стандарттарға сәйкес Қазақстанда көміртекті секвестрлеу және көміртек бірліктерін генерациялау жөніндегі инвестициялық бастамасын таныстырды. Талқылау барысында компания халықаралық көміртек нарығы тетіктері аясында жобаларды одан әрі ілгерілету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Letter of Authorization (LoA) авторизациялық хатын алудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, тараптар Қазақстанда жоғары тозуға төзімділігімен, кең температуралық диапазонда қолданылуымен және жол жабынының қызмет ету мерзімін ұзартатын Rapid Aszfalt арнайы жол жөндеу материалын өндіру жобасын қарастырды. Өндірісті Қазақстанда іске қосу ағымдағы жылдың соңына жоспарланып отыр.

Кездесу барысында өндірісті жергіліктендіру, инвестициялар тарту және Қазақстан мен Мажарстан арасындағы технологиялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері де талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыруға және талқыланған инвестициялық бастамаларды одан әрі пысықтауға өзара мүдделілігін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1271750?lang=ru