Абайды тану - өзіңді тану

Абайды тану - өзіңді тану

10.08.2026 18:11:21 158

Абайды тану – бір тұлғаның өмірі мен шығармашылығын тану ғана емес, өзіңді тануға, ойыңды таразылауға, ел алдындағы жауапкершілігіңді сезінуге бастайтын рухани жол.

Осы рухани сабақтастық аясында Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Оразбай Мұрат Асқарұлы бастаған ұжым мүшелері Мұхтар Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада 10 тамыз – «Абай күніне» орай тағылымды іс-шара өткізді.

Кездесудің қадірін арттырған қонақ – абайтанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы Алмахан Мұхаметқалиқызы болды.

Ол Абайдың өмірі мен шығармашылығының көпшілікке беймәлім қырларына тоқталып, әдеби еңбектерде сирек кездесетін деректер мен тарихи оқиғаларды ортаға салды. «Абай жолы» арқылы таныс болған дүниелердің өзіне жаңаша үңілуге мүмкіндік берген бұл кездесу қызметкерлердің қызығушылығын оятып, еркін пікір алмасуға ұласты.

Кездесу соңында Департамент басшысы Алмахан Мұхаметқалиқызына Абай әлеміне терең бойлатып, тағылымды ойларымен бөліскені үшін алғысын білдіріп, жаңа Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясын тарту етті.

Ұлы ойшылдың «Ғылым таппай мақтанба» деген өсиеті араға ғасырлар салса да, өз мәнін жоғалтқан емес. Өзіңді тану, терең ойлау, адамдықты биік қою – заман өзгерсе де мәні тереңдей түсетін асыл құндылықтар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/press/news/details/1271748?lang=ru