«Almaty Youth Jazz Band» Будапештте және Палознактағы «Jazzpiknik» фестивалінде өнер көрсетті
10.08.2026 18:21:13 179
Будапешт, 2026 жылғы 7 тамыз – Белгілі музыкант Тағыр Зарипов жетекшілік ететін «Almaty Youth Jazz Band» ұжымы Мажарстанға келіп, Қазақстанның жас музыкалық таланттарын мажар көрермендеріне таныстырды.
5 тамыз күні ансамбль «Budapest Jazz Club» сахнасында өнер көрсетті, ал 6 тамыз күні Мажарстанның белгілі жазғы музыка фестивальдерінің бірі – Палознактағы Jazzpiknik фестивалінде бағдарламасын жалғастырды.
«Almaty Youth Jazz Band» – Қазақстан мен Орталық Азиядағы жалғыз балалар джаз ансамблі. Отыз жылдан астам уақыт бойы Тағыр Зарипов жас музыканттарға тәлім беріп, жаңа буынды джаз әлемімен таныстырып келеді. Ұжым халықаралық сахналарда, соның ішінде Нью-Йорктегі әйгілі «Apollo Theater»-де өнер көрсеткен.
Мажарстандағы концерттер барысында ансамбль Абай Құнанбайұлының әндерін джаздық өңдеуде, музыканттардың авторлық шығармаларын, сондай-ақ әлемдік джаз классикасын ұсынды. Бағдарламаға Абайдың «Қаламқас» әнінің джаздық нұсқасы да енгізілді.
«Almaty Youth Jazz Band» ұжымының Мажарстандағы өнері Қазақстан мен Мажарстан арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға, жас таланттарды қолдауға және Қазақстанның мәдени мұрасын музыка тілі арқылы шетелде насихаттауға ықпал етті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1271767?lang=ru