KazAID пен KOICA Орталық Азия елдері үшін цифрлық трансформация бойынша бірлескен бағдарламаның екінші кезеңін бастады

KazAID пен KOICA Орталық Азия елдері үшін цифрлық трансформация бойынша бірлескен бағдарламаның екінші кезеңін бастады

10.08.2026 18:30:41 174

2025 жылғы 10-22 тамыз аралығында Соннам қаласында (Оңтүстік Корея) KOICA Халықаралық ынтымақтастық орталығының базасында Корея халықаралық ынтымақтастық агенттігі «KOICA» мен «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі бірлесіп жүзеге асыратын «Орталық Азиядағы цифрлық трансформация және ынтымақтастық үшін потенциалды арттыру» тақырыбындағы бірлескен бағдарламаның екінші кезеңі өтеді.

Іс-шараға Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Қазақстанның әртүрлі министрліктерінен 14 өкіл қатысуда.

Корея тарапынан мемлекеттік басқару және цифрлық трансформация саласындағы корейлік тәжірибе мен білімді бөлісу үшін Корея университеті мен Йонсей университетінің профессорлары – сарапшылары бағдарлама спикерлері ретінде сөз сөйлейді. Шара бағдарламасы стратегиялық енгізу, электрондық үкімет пен жасанды интеллектті одан әрі дамыту, сондай-ақ ашық деректер мен интеграция бойынша дәрістер мен практикалық семинарларды қамтиды.

Осы іс-шарада KazAID атынан бағдарламаның жобалық менеджері А. Түймебекова қатысып, ашылу салтанатында сөз сөйледі. Ол KazAID пен KOICA арасында қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жетекші қазақстандық сарапшыларының және Оңтүстік Кореядан шақырылған мамандардың қатысуымен 2025 жылы Астана қаласында Astana Hub базасында «Орталық Азиядағы цифрлық трансформация және ынтымақтастық үшін потенциалды арттыру» бағдарламасының сәтті іске қосылғаны туралы айтып берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1271788?lang=ru