Мажарстанда Абай күніне орай гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Мажарстанда Абай күніне орай гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

10.08.2026 18:30:44 153

Будапешт, 2026 жылғы 10 тамыз – Мажарстандағы Қазақстан Елшілігі Абай күніне орай Будапешт қаласында ұлы қазақ ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімін ұйымдастырды.

Іс-шара Будапешт қаласының Варошлигет саябағында, Астана көшесінде орналасқан Абай бюсті жанында өтті. Бұл орынға жыл сайын қазақстандықтар ақынның рухына тағзым ету және оның мол рухани мұрасын ұлықтау мақсатында жиналады.

Рәсімге Мажарстандағы Қазақстан Елшілігінің өкілдері, қазақ студенттер мен диаспора мүшелері қатысты. Қатысушылар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ұлы ақынның рухына тағзым етті.

Анықтама: Абай Құнанбайұлының Будапешттегі ескерткіші 2014 жылы 3 маусымда ашылған. Ол Варошлигеттегі (Városliget) Астана көшесінде орналасқан.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1271784?lang=ru