2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда шыны бөтелкелердегі сыраны міндетті цифрлық таңбалау енгізіледі

2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда шыны бөтелкелердегі сыраны міндетті цифрлық таңбалау енгізіледі

13.08.2026 14:40:48 375

2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда шыны бөтелкелердегі сыра мен сыра сусындарын міндетті цифрлық таңбалау енгізіледі. Осы күннен кейін өндірілген немесе әкелінген өнімде Data Matrix таңбалау коды болуы тиіс.

Сыраны таңбалау кезең-кезеңімен енгізіледі: 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап – кегтердегі өнімге, 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап – шыны бөтелкелердегі өнімге, ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – металл банкалардағы өнімге. Алдағы уақытта өнімнің айналымға қатысушылар арасында берілуі кезінде құжаттарды электрондық ресімдеу және растау арқылы оның толық қадағалануы қамтамасыз етіледі.

Сала жаңа талаптарға дайын екенін көрсетіп отыр. ТТ АЖО-да айналымның 16 392-ден астам қатысушысы тіркелген.

Цифрлық таңбалау өнімнің өндірушіден немесе импорттаушыдан бөлшек саудаға дейінгі қозғалысын қадағалауға мүмкіндік береді, бұл нарықтың ашықтығын арттыруға ықпал етеді.

Нарық қатысушылары не істеуі қажет

Айналымға қатысушылар tanba.markirovka.kz порталында ТТ АЖО-да тіркеліп, тауар карточкаларын тіркеуді бастауы қажет.

Таңбалау кодтарын алу үшін тіркеуді алдын ала аяқтау ұсынылады.

Міндетті таңбалау енгізілген күнге дейін өндірілген сыра мен сыра сусындарының таңбаланбаған қалдықтары белгіленген тізбеге сәйкес бір күнтізбелік жыл ішінде өткізіледі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1273497?lang=ru