Сыраны және сыра сусындарын таңбалау
13.08.2026 17:55:36 316
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 01.02.2026 жылдан бастап Қазақстан Республикасында сыраны және сыра сусындарын міндетті цифрлық таңбалау енгізілгенін еске салады.
«Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі №343-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 22.11.2025 жылғы № 330-НҚ бұйрығына сәйкес сыраны және сыра сусындарын міндетті таңбалауды енгізудің мынадай мерзімдері белгіленді:
2026 жылғы 1 ақпаннан бастап – кегтерде шығарылатын сыраны және сыра сусындарын міндетті таңбалау.
2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап – бөтелкелерді міндетті таңбалау.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – банкілердегі сыраны және сыра сусындарын міндетті таңбалау, толық қадағалану – жүйеде тауарды беру құжаттарын жазып беру және растау.
Таңбалау Data Matrix кодтарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
01.02.2026 жылдан кейін сәйкестендіру құралдары жоқ сыраны және сыра сусындарын өндіруге және импорттауға тыйым салынады.
Бұл ретте, тізбеге сәйкес сыраны және сыра сусындарын міндетті таңбалау енгізілген күнге дейін өндірілген сыра мен сыра сусындарының таңбаланбаған қалдықтарын тауар айналымына қатысушылар 1 (бір) күнтізбелік жыл ішінде өткізеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1273800?lang=ru