Қазақстанда магистральдық этан құбырлары мен пропан құбырлары үшін техникалық регламент қабылданды

Қазақстанда магистральдық этан құбырлары мен пропан құбырлары үшін техникалық регламент қабылданды

13.08.2026 17:55:38 304

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 29 шілдедегі № 285-н/қ бұйрығымен «Сұйытылған күйдегі этан және пропан фракцияларын тасымалдауға арналған магистральдық құбырларға қойылатын талаптар туралы» ұлттық техникалық регламент бекітілді.

Техникалық регламент плюс 20 ºС температурада қаныққан булардың қысымы 0,2 МПа-дан жоғары болатын сұйытылған күйдегі этан және пропан фракцияларын сұйытылған күйде тасымалдауға арналған магистральдық құбырларға қойылатын талаптарды жобалау (инженерлік іздестірулерді қоса алғанда), құрылыс (реконструкциялау), пайдалану, консервациялау, тарату (жою), сондай-ақ олардың сәйкестігін бағалау қағидалары кезінде Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға және орындауға арналған міндеттерді белгілейді.

Қазақстан Республикасының техникалық регламентін әзірлеуді «Теңізшевройл» ЖШС объектілерінен және Теңіз кен орнында салынып жатқан газ бөлу кешеннен сұйытылған күйдегі этан және пропан фракцияларын «НИНТ» АЭА-дағы Қарабатан газ-химия кәсіпорындарына дейін тасымалдауды қамтамасыз етуге бағытталған «Атырау облысында магистральдық құбыржолдарын (этан, пропан) бірыңғай дәлізде салу» жобасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі жүзеге асырды.  

Техникалық регламентті қабылдау көрсетілген жобаны іске асыру және тиісті магистральдық құбырларға міндетті талаптарды белгілеу үшін нормативтік негізді қамтамасыз етеді.

Техникалық регламент алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Техникалық регламенттің мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады:
https://zan.gov.kz/client/#!/search/results/sadn=285-%D0%BD%2F%D2%9B&at=%D0%9F%D0%A0%D0%98%D0%9A.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/1273798?lang=ru