Мажарстанда «Тұран» халықтарының кезекті Құрылтайы өтті

Мажарстанда «Тұран» халықтарының кезекті Құрылтайы өтті

18.08.2026 12:41:42 259

 

Будапешт, 2026 жылғы 17 тамыз – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігі «Мажар-Тұран» қорының ұйымдастыруымен 15 тамызда Бугац даласында өткен Тұран халықтарының Үлкен Құрылтайының ашылу салтанатына қатысты.

Шараға қатысқан қонақтардың қатарында Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Қуанышбек Өмірәлиев, Түркі академиясының президенті Шахин Мустафаев, TÜRKSOY ұйымының төрағасы Сұлтанбек Раев, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты Кюршад Зорлу, Қарақалпақстан Республикасының (Өзбекстан) Мәдениет министрі Бегісбай Темірбаев, «Мажар-Тұран» қорының төрағасы Андраш Биро, Бугац қ. мэрі Ласло Саба және т.б. құрметті тұлғалар болды.

Құрылтайдың ашылуында сөз сөйлеген тұлғалар Үлкен жиынның Еуропадағы ең үлкен мәдени шара ретіндегі маңыздылығына және өздерін ғұн-түркі ұрпақтары ретінде сезінетін халықтарды біріктіретін күш екеніне тоқталып өтті.

Бұдан басқа Құрылтай бағдарламасы әртүрлі мәдени шараларды да қамтыды. Мерекеге жиналғандарды басқа да түркі халықтарының дәстүрлі топтарынан басқа, еліміздің нео-этно дуэті «Арқайым» мен «Шертер» фольклорлық ансамблі өнерлерімен тәнті етті.

Сонымен қатар, «Шығыс базары» алаңында қазақ, өзбек, түрікмен, әзербайжан, түрік және ұйғыр қолөнершілерінің көрмелері мен жәрмеңкелері ашылады.

Анықтама: Құрылтай екi жыл сайын Мажарстанның Бугац даласында өткізіліп тұрады. 2010 жылдан бастап әлемдегi дәстүрлердi сақтауға арналған ең ірі мерекелерiнiң бiрі болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1275805?lang=ru