Оман Сұлтандығының Сыртқы істер министрлігінде екіжақты ынтымақтастықты жандандыру жолдары талқыланды

Оман Сұлтандығының Сыртқы істер министрлігінде екіжақты ынтымақтастықты жандандыру жолдары талқыланды

18.08.2026 15:15:36 258

Масқат, 2026 жылғы 18 тамыз – Қазақстан Республикасының Оман Сұлтанатындағы Елшісі Айдарбек Тұматов Оман Сыртқы істер министрінің орынбасары шейх Халифа Әл-Харсимен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және жандандыру жөніндегі бірлескен күш-жігерді үйлестіру мақсатында кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың басым бағыттары мен алдағы кезеңге арналған бірлескен қадамдарды талқылады. Саяси салада ресми сапарларды ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл сапарлар Қазақстан-Оман қатынастарының дамуына қосымша серпін беріп, мемлекетаралық байланыстарды жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.

Екі ел арасындағы шарттық-құқықтық базаны одан әрі кеңейту аясында тараптар Қазақстан-Оман ынтымақтастығының қазіргі қажеттіліктері мен перспективалық бағыттарына жауап беретін екіжақты құжаттарды әзірлеу және жасасу бойынша жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстанның Елшісі Қазақстан Республикасы Президентінің БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасына Оман Сұлтандығы тарапынан қолдау көрсету туралы өтінішін қарау нәтижелері жайлы мәлімет сұрады.

Кездесу соңында Оман Сыртқы істер министрінің орынбасарына 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасының Құрылтай сайлауы туралы ақпарат берілді. Аталған сайлау биылғы жылы елдегі маңызды саяси оқиғалардың бірі болмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/1275896?lang=ru