Қазақстан құрамасы үздік бестікте!
18.08.2026 15:51:43 236
Венгрияның Будапешт қаласында жасөспірімдер арасындағы әртістік жүзуден Әлем чемпионаты аяқталды. 12 және 16 тамыз аралығында өткен дүбірлі додада 35 елден 300 спортшы медальдар үшін бақ сынасты. Қазақстан құрамасы әлемдік біріншілікте екі күміс және екі қола жүлдеге ие болды Бұл нәтиже ұлттық құрамамызға жалпыкомандалық есепте төртінші орын алуға мүмкіндік берді. Ресей көшбасшы болды, Испания екінші орында, Қытай үшінші болды.
Ұлттық құрамамыздың бұл жетістігіне Қарағанды облысының спортшылары да зор үлес қосты. Қазақстан құрамасы акробатикалық бағдарламада «күміс» жүлдеге қол жеткізді. Жүлдегерлер қатарында Ә. Молдағұлова атындағы мектеп-интернат-колледжінің (Теміртау филиалы) тәрбиеленушісі Даяна Джаманчалова, сондай-ақ Қарағанды облысының жүзуден олимпиадалық резерв мектебінің өкілдері Полина Мерзлякова, Анастасия Воронкова және София Ищенко бар. Спортшылардың барлығы Олимпиадалық резервті даярлау орталығының ауыспалы құрамына кіреді.
Бұл Әлем чемпионатында тұғырдың үшінші сатысына екі рет Қарағанды облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің өкілі Виктор Друзин (техникалық және ерікті бағдарлама) көтерілді.
Спортшыларымызды және олардың жаттықтырушылары - Елена Анатольевна Котова, Оксана Александровна Москвичева, Илья Владимирович Котов пен Светлана Викторовна Якушеваны шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!
@n.nuratov_88
@sport_internat_temirtau
@zhsshm_karagandy_oblysy
@shkola_plavaniya_krg
@cpor_karaganda

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1275938?lang=ru