Қазақстан мен Ливан көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Ливан көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті

18.08.2026 14:46:01 273

17 тамызда Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы осы елдің Сыртқы істер министрлігінде  Халықаралық ұйымдар департаментінің директоры Салим Баддурамен кездесті. Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Ливан арасындағы көпжақты форматтағы өзара бастамаларын қолдау, сондай-ақ халықаралық алаңдардағы ынтымақтастықты алдағы кезеңде тереңдету мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ тараптар екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы диалогты нығайтуға, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуға және өзара мүдделі бағыттар бойынша үйлестіруді жалғастыруға ерекше назар аударды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beirut/press/news/details/1275854?lang=ru