Алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізуге лицензияны онлайн режимінде 1 жұмыс күні ішінде қалай алуға болады

Алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізуге лицензияны онлайн режимінде 1 жұмыс күні ішінде қалай алуға болады

18.08.2026 16:51:03 195

Қазақстан азаматтары мен кәсіпкерлері алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізуге лицензияны мемлекеттік органдарға бармай-ақ, электронды форматта рәсімдей алады. Қызмет eGov.kz электрондық үкімет порталы, eLicense.kz электрондық лицензиялау порталы, сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен мемлекеттік кірістер органдары арқылы қолжетімді.

Өтінімді онлайн беру тәртібі

Лицензияны жылдам әрі ыңғайлы рәсімдеу үшін электрондық сервистерді пайдалануды ұсынамыз:

- eGov.kz немесе eLicense.kz порталында авторизациядан өтіңіз.

- «Алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізуге лицензия беру» қызметін таңдаңыз.

- Өтінімнің электрондық формасын толтырып, қажетті мәліметтерді көрсетіңіз.

- Лицензиялық алымды төлеңіз.

- Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойыңыз.

Қажетті құжаттар мен мәліметтер

Өтінім беру кезінде келесілерді ұсыну қажет:

- белгіленген нысандағы өтініш;

- лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат немесе мәліметтер;

- жылжымайтын мүлікті жалға алу немесе өтеусіз пайдалану шарты (меншік құқығы болмаған жағдайда);

- объектінің біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер.

Қызмет көрсету мерзімі

Өтінішті қарау және лицензияны беру 1 жұмыс күнін құрайды.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы

және Байланыс-орталығы басқармасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1276017?lang=ru