ШҚО бойынша МКД-нің қызметкері – XXIV халықтық спорт ойындарының жеңімпазы
18.08.2026 17:01:06 230
Шығыс Қазақстан облысында 2026 жылғы 8 тамыздан бастап салауатты өмір салтын, дене шынықтыр, ұлттық және халықтық спорт түрлерін насихаттау мақсатында Спорт апталығы өтуде. Спорт апталығы аясында тұрғындарды белсенді өмір салтына тартуға және спорттық дәстүрлерді дамытуға бағытталған түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылуда. Іс-шараны ұйымдастырушылар – Шығыс Қазақстан облысының Әкімдігі және ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы.
2026 жылғы 12 тамызда Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының XXIV халықтық спорт ойындары аясында ұлттық спорт түрі – «Қазақ күресінен» жарыс өтті.
100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасы, Көшпелі кедедік тексеру бөлімінің жетекші маманы Досым Саматов жеңіске жетті.
Жоғары спорттық шеберлігі мен төзімділігін, жеңіске деген жігерін танытқан Досым Саматұлы 1-орынға ие болып, «Қазақ күресінен» облыстық жарыстың жеңімпазы атанды.
Досым Саматовтың жеңісі – кәсіби жауапкершілік, мақсатқа ұмтылушылық пен салауатты өмір салтын ұстанудың жарқын үлгісі. Мұндай жетістіктер спортты насихаттауға, ұжымдық рухты нығайтуға және ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы Досым Саматовты лайықты жеңісімен құттықтап, мықты денсаулық, жаңа спорттық жетістіктер, кәсіби қызметінде табыс және жарқын жеңістер тілейді!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1276036?lang=ru