Сыртқы істер министрінің орынбасары Корея Елшісін қабылдады

Сыртқы істер министрінің орынбасары Корея Елшісін қабылдады

19.08.2026 11:55:41 328

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжон Кихонды қабылдады.

Кездесу барысында қазақ-корей ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды. Тараптар кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтудың және тұрақты саяси диалогты қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар ағымдағы жылы биік және жоғары деңгейлерде жоспарланған өзара сапарлар мен іс-шаралар кестесіне, сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін беруге бағытталған «Орталық Азия – Корея Республикасы» алғашқы Саммитін өткізуге дайындыққа ерекше назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар сындарлы диалогты және Қазақстан мен Корея арасындағы қатынастарды одан әрі нығайту жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1276463?lang=ru