ШҚО бойынша МКД-де Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

ШҚО бойынша МКД-де Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

20.08.2026 18:07:43 184

2026 жылғы 19 тамызда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Департамент басшысы Саят Бимағамбетов ұжымға құттықтау сөз сөйлеп, экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етуде, мемлекеттік бюджетті толықтыруда және кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасауда қызметкерлердің кәсіби әрі жауапты еңбегінің маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара барысында мемлекеттік кірістер органдарының жұмысына елеулі үлес қосқан қызметкерлер марапатталды. Үздік мамандарға «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгілері және Құрмет грамоталары табысталды.

Жас мамандарға да ерекше назар аударылды. Еңбегімен ерекшеленген қызметкерлердің ата-аналарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Жандос Дүйсембиевтің атынан жауапты және кәсіби мамандарды тәрбиелеп өсіргендері үшін алғыс хаттар табысталды.

Салтанатты іс-шарадан кейін жас мамандардың ата-аналары үшін Департамент мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Қонақтар мемлекеттік кірістер органдарының қалыптасу тарихымен, кәсіби дәстүрлерімен және ұжымның еңбек жетістіктерімен танысты.

Іс-шара мамандыққа деген құрметті ғана емес, сонымен қатар ұрпақтар сабақтастығын, кәсіби жауапкершілікті және мемлекетке қызмет етудің маңыздылығын айшықтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1277632?lang=ru