Қостанайда инфрақұрылымды жаңарту: Жолдарды жөндеу және нөсер кәрізін дамыту жұмыстары жалғасуда

Қостанайда инфрақұрылымды жаңарту: Жолдарды жөндеу және нөсер кәрізін дамыту жұмыстары жалғасуда

24.08.2026 15:26:32 219

Қостанайда қалалық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Осы орайда өткізілген жұмыс сапары барысында қаладағы жолдарды жөндеу және нөсер кәрізі жүйесін дамыту жобаларының орындалу барысы тексерілді. Биыл қаланың көше-жол желісін дамытуға 5,5 млрд теңге бөлініп, бұл қаражат шамамен 28 шақырым жол учаскесін қамтып отыр.

Қазіргі таңда ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталды, ал орташа жөндеу, Нариманов көшесін қайта жаңғырту және тұрғын үй аулаларын абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Негізгі жол-құрылыс жұмыстарын қыркүйек айында толық аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар, қаладағы жалпы ұзындығы 110 шақырымды құрайтын нөсер кәрізі жүйесін дамыту аясында биыл 44 учаскеде тиісті жұмыстар аяқталды. Әсіресе Карбышев көшесіне ерекше назар аударылып, мұнда жол төсемін жөндеумен қатар жаңа нөсер кәрізін салу және қолданыстағы желілерді тазалау жұмыстары қатар жүргізілуде. Ал «Горгаз» ауданында жауын-шашын мен еріген қар суын іркіліссіз бұру әрі су басу қаупін азайту мақсатында қосымша сорғы жабдығы орнатылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1278984?lang=ru