ТІЛ – ЕЛ БІРЛІГІНІҢ ТІРЕГІ
09.09.2026 17:34:50 112
7 қыркүйек күні аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған «Тіл – ел бірлігінің тірегі» аудандық форумы өтті.
Форум аясында тақырыптық алаңдар, әртүрлі этнос өкілдері арасында «Мен қазақ тілін үйренемін» аудандық жобалар байқауы және ауданымыздағы бес этномәдени бірлестіктің өкілдерін біріктірген «Бірлік – береке бастауы» этностар фестивалі ұйымдастырылды.
Қатысушылар өз жобаларын, ұлттық салт-дәстүрлерін, әндері мен билерін, мәдениетін таныстырып, тіл – адамдарды біріктіретін, достықты, өзара түсіністік пен бірлікті нығайтатын алтын көпір екенін тағы бір мәрте көрсетті.
Мерекелік күн концерттік бағдарламамен және іс-шараларға қатысушылар мен жеңімпаздарды марапаттаумен қорытындыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1288606?lang=ru