Қостанайда «Тәлімгерлік институты» іске қосылды: полиция ардагерлері жасөспірімдерге қолдау көрсетеді
09.09.2026 17:45:46 112
Қостанай қаласында Полиция департаменті мен Білім басқармасының бірлесуімен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және олардың заңға бағыну мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған «Тәлімгерлік институты» пилоттық жобасы ресми түрде іске қосылды.
Жобаның алғашқы кезеңі Қостанай, Рудный, Лисаковск, Арқалық қалаларындағы, сондай-ақ Қостанай және Жітіқара аудандарындағы 20 білім беру ұйымын — 10 мектеп пен 10 колледжді қамтып отыр.
Бұл бастама аясында тәлімгер ретінде ішкі істер органдарының көпжылдық тәжірибесі бар ардагерлері тартылды. Олар оқушылармен тұрақты жұмыс жүргізіп, ерекше назарды тәуекел тобындағы жасөспірімдерге, буллинг мәселелеріне, жанжалдардың алдын алуға және кез келген құқық бұзушылықтарға жол бермеуге аударады.
Жоба аясында тәлімгерлер бала, отбасы, педагогтер мен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді байланыстырушы буынға айналады. Бұл кез келген күрделі жағдайды немесе туындаған мәселелерді дер кезінде анықтап, жасөспірімдердің құқыққа қайшы әрекеттерге тартылуына жол бермеуге мүмкіндік береді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның басты мақсаты — қандай да бір мәселе құқық бұзушылыққа немесе заңбузушылыққа айналмай тұрып, балаға өз уақытында психологиялық, рухани және әлеуметтік қолдау көрсету.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1288617?lang=ru