Жалпыға бірдей декларациялау бойынша сұрақтар мен жауаптар
14.09.2026 16:30:55 181
1.Мен KASE Қазақстан қор биржасы арқылы акциялар сатып алдым. Оларды 270.00-нысанды декларацияда көрсетуім керек пе?Эмитенттің тіркелген жері ескерілуі тиіс: шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздары шетелдік активтерге жатқызылады және 270.00-нысанда көрсетілуі қажет.Акцияларды сатудан капиталдық табыс түскен жағдайда, бұл табыс салық декларациясында көрсетілуге тиіс және ол табыс сомасының 10% мөлшеріндегі салыққа тартылады. Сондай-ақ, егер бағалы қағаздар 20 000 АЕК-тен асатын сомаға сатып алынған болса, олар туралы мәлімет беру атап өткен жөн.
2.Жұмыс берушім маған 2025 жылға арналған ипотекалық несие бойынша сыйақы төлемдеріне қатысты салық шегерімінің бір бөлігін беріп қойды. 270-нысанды тапсырған кезде шегерімнің қалған сомасын қолдана аламын ба? Егер салық агенті шегерімнің тек алдын ала есептелген сомасын ғана қолданған болса, салық төлеуші растайтын құжаттар болған жағдайда, 270.00-нысанды тапсыру кезінде шегерімнің пайдаланылмаған бөлігін талап етуге құқылы. Дегенмен, жұмыс беруші тарапынан бұрын қолданылған соманы қайта талап етуге болмайды. Егер жұмыс беруші 118 АЕК мөлшеріндегі ең жоғары шегерімді қолданған болса, 270.00-нысан арқылы ипотека бойынша қосымша шегерімді талап ету мүмкін емес.
3.Жеке табыс салығын (ЖТС) қайтару үшін декларациядағы арнайы жолдарды толтыру қажет пе, әлде растаушы құжаттарды қоса тіркеу жеткілікті ме?Егер салық агенті салық шегерімін қолданып қойған болса, «Салық төлеушінің кабинеті» немесе «e-Salyk Azamat» қосымшасы арқылы шегерімді растайтын құжаттармен бірге тек 270-ші нысанды тапсыру жеткілікті.
4.Шетелде оқып жүрген стипендия алатын студенттер декларация тапсыруға міндетті ме?
Егер студенттер шетелдік стипендия алса, мұндай табыс Қазақстан Республикасынан тыс жерде алынған табысқа жатқызылады және оны 270.00-нысанды декларацияда көрсету қажет.
Дегенмен, алынған стипендия сомасы салықтан босатылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1291271?lang=ru