Мемлекеттік қызметтегі ашықтық: кірістер мен мүлік туралы декларациялау талаптары

Мемлекеттік қызметтегі ашықтық: кірістер мен мүлік туралы декларациялау талаптары

14.09.2026 16:45:42 174

Атырау облысында тұрғындардың 80%-ы декларация тапсырып үлгерді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Бибігүл Қайрекенова мәлімдеді.

Оның айтуынша, жалпыға бірдей декларациялау аясында азаматтар 250.00 және 270.00 нысандары бойынша есептілік тапсырады. 250.00 нысаны активтер мен міндеттемелер туралы бастапқы мәліметтерді қамтыса, 270.00 нысанында есептік кезеңде алынған кірістер мен мүлік көрсетіледі.

– 250.00 нысаны жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне алғаш кірген кезде бір рет тапсырылады. Ал 270.00 нысаны бойынша есептілік тиісті санаттағы азаматтар үшін жыл сайын ұсынылады. Декларацияны белгіленген мерзімде тапсыру маңызды, – деді Б.Қайрекенова.

Декларацияны 15 қыркүйекке дейін салық төлеушінің кабинеті, e-Salyq Azamat және eGov mobile арқылы электронды түрде немесе тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына қағаз нұсқада тапсыруға болады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-atyrau/press/news/details/1291296?lang=ru