Тауарларға арналған декларацияның 31-бағанын қалай дұрыс толтыру керек
14.09.2026 17:46:36 204
Тауарларға арналған декларацияны толтыру кезінде 31-бағанға — «Жүк орындары және тауарлардың сипаттамасы» бөліміне ерекше назар аудару қажет екенін еске саламыз.
Бұл бағанда тауарды нақты айқындауға және Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (ЕАЭО СЭҚ ТН) бойынша 10 таңбалы кодты дұрыс таңдауға мүмкіндік беретін тауар туралы мәліметтерді егжей-тегжейлі көрсету қажет.
Бұл неліктен маңызды?
31-бағанның дұрыс толтырылуына:
кедендік төлемдерді дұрыс есептеу;
тыйым салулар мен шектеулерді қолдану;
ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану;
зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау;
кедендік бақылау көлемі және тауарды шығару мерзімі байланысты.
31-бағанды толтыру тәртібі Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен белгіленген. Тауарлардың жекелеген түрлері бойынша қажетті мәліметтердің тізбесі осы Тәртіпке № 2 қосымшада көзделген.
Тауардың тек жалпы атауын көрсету жеткіліксіз. Сипаттама толық әрі түсінікті болуы тиіс. Тауарды және оның кодын нақты айқындауға мүмкіндік беретін негізгі мәліметтерді көрсету қажет.
Декларацияны ұсынар алдында 31-бағанды міндетті түрде тексеру керек. Ондағы ақпарат коммерциялық, көліктік, техникалық және басқа да құжаттардағы мәліметтерге, сондай-ақ тауардың нақты сипаттамалары мен жай-күйіне сәйкес келуі тиіс.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1291395?lang=ru