Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы.

Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы.

15.09.2026 11:46:20 182

Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бөлген радиожиiлiк спектрiнiң номиналдары (белдеулер, диапазондар) үшiн алынады.
Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығы "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртiппен байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган берген рұқсат беру құжаттарымен куәландырылады.
"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес радиожиілік спектрін пайдалана отырып байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін бюджетке төлеуге жататын бiржолғы төлемақы сомасы төлемақы есебiне есепке жатқызылмайды.
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшелері төлеушілердің тұрған жерiндегі салық органдарына төлеушілер, салық салу объектiлерi, берілген рұқсаттар, олардың қолданылу кезеңі, берілген рұқсаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, салық төлеушілерге жіберілген хабарламалар туралы және төлемақы сомалары туралы мәлiметтерді мынадай мерзімдерде ұсынады:
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган жылдық төлемақы сомасын көрсете отырып, хабарлама жазып беріп және оны төлемақы төлеушілерге ағымдағы есепті кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірмей жіберген кезде – салықтық кезеңнің 25 ақпанынан кешіктірмей;
Радиожиілік спектрін пайдалану құқығын куәландыратын рұқсат беру құжаты көрсетілген мерзімнен кейін алынған жағдайда, байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеушіге төлемақы сомасын көрсете отырып, салық төлеуші радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей хабарлама жіберген кезде – салық төлеуші радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей.
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшелері есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмейтін мерзімде төлеушілердің тұрған жеріндегі салық органдарына радиожиілік спектрін пайдалана отырып, байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін біржолғы төлемақыны төлеушілер, бюджетке төлеуге жататын осындай біржолғы төлемақы сомалары және оны төлеу мерзімдері туралы мәліметтерді ұсынады.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1291774?lang=ru