Электрондық кезек жүйесі бойынша CarGoRuqsat
15.09.2026 11:36:51 153
2025 жылғы мамырдан бастап автомобиль өткізу пункттерінде CarGoRuqsat электрондық кезек жүйесі енгізілді.
Жүйе шеңберінде Қазақстан аумағынан автомобиль өткізу пункттері арқылы шығуды жоспарлайтын тасымалдаушылар «CarGoRuqsat» қосымшасы арқылы электрондық кезекте орын брондауы қажет.
Ол үшін сілтеме бойынша өту керек https://cgr.qoldau.kz/ru/start, «CarGoRuqsat» қосымшасына тіркелу және кіру, өткізу пунктін таңдау, шекарадан өту күні мен уақытын көрсету және жүргізуші мен автокөлік туралы деректерді толтыру.
Өтінім мақұлданғаннан кейін шекарадан өту үшін өткізу пунктіне уақытылы келу қажет.
Өз кезегінде, ЕАЭО елдерімен шекарада электрондық кезек жүйесін енгізу өткізу пункттерінде мерзімдік жиналуды болдырмауға және шекарадан өту процесін жүйелеуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1291750?lang=ru