Конституциялық Сот судьялары ант берді
25.09.2026 00:07:03 215Ағымдағы жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотында тиісті лауазымдарға тағайындалған судьялардың ант беру рәсімі өтті:
Эльвира Азимова – Конституциялық Соттың Төрағасы; Сәкен Абдолла, Лейла Жақаева, Қайрат Жақыпбаев, Айжан Жатқанбаева, Айгүл Қыдырбаева, Қанат Мусин, Бақыт Нұрмұханов, Сергей Скрябин, Аслан Төкиев, Сергей Ударцев – Конституциялық Соттың судьялары.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабына сәйкес Конституциялық Сот Төрағадан және он судьядан тұрады.
Конституциялық Сот – конституциялық бақылауды жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Конституциясының бүкіл ел аумағында үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз мемлекеттік орган.
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 7-бабына сәйкес Конституциялық Соттың судьялары тағайындалғаннан кейін ант береді.
Конституциялық Сот судьясының анты Конституциялық Сот судьясының міндеттерін адал әрі ар-ожданмен атқаруды, бейтарап болуды және өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана бағына отырып, оның үстемдігін қамтамасыз етуді міндеттейді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1298062?lang=ru