Брестте ЕАЭО Кеден қызметтерінің бірлескен алқасының 55-отырысы өтті
2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Брестте ЕАЭО Кеден қызметтерінің бірлескен алқасының 55-отырысы өтті

25.09.2026 19:08:52 213

      2026 жылғы 22 қыркүйекте Брест қаласында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің бірлескен алқасының (ЕЭО КҚБА) 55-отырысы өтті.

     Кеден қызметтерінің бірлескен алқасы – ЕЭО кеңістігінде бірыңғай кеден саясатын практикалық іске асыруды қамтамасыз ететін негізгі үйлестіруші орган.

    Алқа жұмысына кеден қызметтерінің басшылары мен ЕЭО-ға мүше мемлекеттер делегацияларының өкілдері қатысты.

     Қатысушылар тауарларды шығарғанға дейін кедендік тексеруді бастау мерзімдері мен оны жүргізу тәртібі, тиісті актілерді ресімдеу, сондай-ақ көрсетілген мерзімдерді ұзарту тетіктері бойынша құқық қолдану практикасы тәжірибесімен алмасты. Сонымен қатар тараптар КҚБА-ның алдыңғы отырысында қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы есепті тыңдады.

     Кездесу барысында мәселелердің кең ауқымы қаралып, мынадай бағыттар бойынша бірқатар практикалық шешімдер қабылданды:

     - ЕЭО-ға мүше мемлекеттердің кеден заңнамасы нормаларын жетілдіру және жақындастыру;

     - деректерді электрондық алмасу және ведомстволар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл жүйелерін дамыту;

    - тауарларды сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай Тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН) бойынша сыныптаудың бірыңғай тәсілдерін келісу;

    - тәуекелдің біріздендірілген құндық индикаторлары қолданылатын тауарларды кедендік декларациялауды мониторингтеу нәтижелері;

    - тауарлардың қозғалысын бақылаудың тиімділігін арттыру және құқық бұзушылықтарға қарсы күрес.

      Отырыс барысында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Жұмағұлов сыртқы экономикалық қызметке адал қатысушылар үшін кедендік операцияларды оңайлату және жеделдету бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігіне назар аударды.

     Отырыс қорытындысы бойынша ЕЭО елдерінің кеден органдары арасындағы нормативтік-құқықтық және технологиялық өзара іс-қимылды одан әрі синхрондауға бағытталған шешімдер қабылданып, сондай-ақ Кеден қызметтерінің бірлескен алқасының келесі отырысын өткізу күні мен орны келісілді.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1298432?lang=ru