СҚО-да Бірыңғай есеп беру күні өтті
25.09.2026 19:08:55 240
СҚО-да Бірыңғай есеп беру күні өтті. Кездесу барысында бақылау-қадағалау органдарының өкілдері кәсіпкерлерге атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтып берді. СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінен кездесуге департамент басшысының орынбасары Қабдөшев Төлеген Дәстемұлы қатысып, өз есебінде Департаменттің түсіндіру жұмыстары, мемлекеттік қызметтер көрсету, камералдық бақылау, салықтық және кедендік тексерулер, сондай-ақ нөлдік мөлшерлеме бойынша ҚҚС-тың асып кетуін қайтару бағытындағы жұмыстарын баяндады. Ол алдағы перспективалар мен жаңа цифрлық жобалар, соның ішінде Цифрлық ҚҚС және Чат-бот туралы айтып берді, сондай-ақ бұған дейін сәтті енгізілген e-Salyq Business, e-Salyq Azamat және басқа да цифрлық сервистерді атап өтті. Жиын соңында бизнес-қоғамдастық өкілдерінің сұрақтарына жауап берілді.
#Заң_мен_тәртіп#Закон_и_порядок

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1298412?lang=ru