Әскери-теңіз күштерінің корабльдер қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілмек

Әскери-теңіз күштерінің корабльдер қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілмек

09.02.2025 12:37:12 1240

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде (Әскери-теңіз күштерінің кораблінде және кемесінде корабльдік қызметті) қызметтердің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын әзірледі. 

Нормативтік құқықтық актінің жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 273-тармақшасына сәйкес әзірленді.

Құжат корабльдер ұйымын, ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің корабльдері мен кемелерінің жауынгерлік даярлығын, корабльдердің және кеме құрамаларының негізгі лауазымды адамдарының міндеттерін, корабльдердің күнделікті қызметін айқындайды. Сонымен қатар, бұл құжатта әскери-теңіз рәсімдері белгіленіп, корабльдердің кезекшілік атқару нұсқаулықтары, сондай-ақ корабльде берілетін пәрмендер де қамтылды.

Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде 2025 жылғы 11 ақпанға дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15415229  сілтеме бойынша танысуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/926125