Тамара Дүйсенова спорт мекемелерінің басшыларымен кездесті

Тамара Дүйсенова спорт мекемелерінің басшыларымен кездесті

24.12.2024 20:11:45 1023

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында спорт мекемелерінің басшыларымен кездесті.
Кездесуде өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаев, спорттық инфрақұрылымды дамыту жұмыстарына, алдағы жобалар мен қолға алынып жатқан бастамаларға тоқталды.< br>- Облыста ҚР Туризм және спорт министрлігімен үйлестірілген жұмыстар жүргізіліп, ауқымды іс-шаралар өткізілуде. – деді Н.Нәлібаев – Бар 1490 спорт нысаны. Халықты спорттық ғимараттармен қамтамасыз ету 44 пайызды құрап, 328 597 адам дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысады. Облыстағы 22 спорт мектебінде 640 жаттықтырушы-педагог жұмыс істейді, 22266 бала жаттығады. Биыл қызылордалық спортшылар әлем және Азия чемпионаттары мен кубоктарында 120 медаль, Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен кубоктарында 808 медаль жеңіп алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/903084