Жаңалықтар
Өскеменде су тасқынына дайындалған техниканың байқауы өтті 15.04.2025
Су тасқыны қауіпті кезеңге дайындық шеңберінде, сондай-ақ облыста су тасқынынан өтудің бірінші кезеңінің басталуына байланысты Өскеменде су басу қаупі туындаған кезде уақтылы жою үшін тартылатын азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарына байқау өткізілді.Байқауды облыс орталығының әкімі Алмат Ақышов, ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Фархат Әміре өткізді. Олар құтқару құралдарының болуы мен жағдайын, техниканың авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуге дайындығын тексерді. Құрылымдардың басшылары су тасқыны қаупі жағдайындағы міндеттер мен іс-қимылдарға дайындық туралы баяндады.Байқауға жоғары өтімді техника, жүзу құралдары, техника мен ҚР ТЖМ - 68303 жж-2-батальонының жеке құрамы жұмылдырылды.Барлығы ТЖБ жеке құрамның 50 адамы және техникасының 75 бірлігі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан 70 адам жұмылдырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/961066?lang=kk
Қонаев қаласы мәслихаты депутаттарының 2025 жылғы сәуірде азаматтарды қабылдау кестесі 15.04.2025
Қонаев қаласы мәслихаты депутаттарының 2025 жылғы сәуірде азаматтарды қабылдау кестесі.Кестеде өзгертулер орын алған жағдайда қосымша хабарландырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-qonaev/press/news/details/961044?lang=kk
Наурыз мерекесіне орай Өскемен қаласында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді! 15.04.2025
Сіздерді қызықты дәстүрлі ойындар мен тартысты сайыстар күтуде. Келіңіздер, қатысушыларды қолдап, өз күшіңізді сынап көріңіздер!Өтетін орны: Өскемен қаласы, Республика алаңы.Ұйымдастырушылар: Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/961042?lang=kk
Наурыз мейрамына жоспар 15.04.2025
Қызылащы ауылдық округінде Наурыз бастау атты мерекелерге арналған жоспар өткізілдіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kyzylashy/press/news/details/961018?lang=kk
Үш компонентті интеграцияланған жүйенің артықшылықтары 15.04.2025
Үш құрамдасты интеграцияланған жүйе – деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды және тауарлардың есепке алынуын автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш құрамдасын алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын ЖК үшін ҮИЖ қолданудың артықшылықтары: 1) салық кезеңі үшін, яғни жарты жылдық үшін кіріс шегі 24 038 АЕК-тен 94 086 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. 2) ҚҚС бойынша шек 30 000 АЕК-тен 144 184 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Алайда, бұл ұлғаю ҮИЖ-ді пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз нысанда (яғни банк карточкалары арқылы сатып алушылармен есеп айырысу) жүргізілетін айналымдарға ғана қолданылатынын ескеру қажет. Салық кодексінде сондай-ақ үш компонентті интеграцияланған жүйені сатып алуға жеке табыс салығының сомасын 60 мың теңгеге, бірақ бір жылға есептелген салық сомасының 50% аспайтын мөлшерде азайту көзделген. Бұл жүйе жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін есепке алуын және орындауын жеңілдетуге арналған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-arka/press/news/details/963321?lang=kk
Салық төлеушілердің қызметін мәжбүрлі тәртіппен тоқтату ерекшеліктері 15.04.2025
Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (одан әрі – Салық кодексі) 93 бабына сәйкес, мәжбүрлі тәртіппен қызметін тоқтатуға бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін: 1) күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейін, бірақ осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен кем болмайтын мерзімде: салықтық есептілікті ұсынбаған; экспорттық - импорттық операцияларды жасамаған; егер күнтізбелік жыл ішіндегі төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 141 еселенген мөлшерінен аспайтын жағдайларды қоспағанда, банктік шоттар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін және (немесе) әлеуметтік төлемдерді алуды жүзеге асырмаған; қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған; 2) күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша: қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған; осы Кодекстің 213 және 214-баптарында айқындалған тәртіппен салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрмаған; жеке тұлғалардан мүлік, көлік құралдары салықтары, жер салығы, бірыңғай жер салығы салынатын объектілерді қоспағанда, меншік құқығында көрсетілетін салықтар салынатын объектілер жоқ; әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ; салықтар және бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі салықтар бойынша салықтық берешегі жоқ резидент-заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері, қызметін құрылымдық бөлімше ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер жатады. Осы тармақтың ережелері: 1) осы Кодекске сәйкес салықтық мониторингке жататын; 2) қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды. Салық органдары жыл сайын: 1) осы баптың 1-тармағының талаптарына сәйкес келетін субъектілердің бастапқы тізбесін 1 наурыздан кешіктірмей қалыптастырады; 2) мынадай мәліметтерді: сәйкестендіру нөмірін (ол болған жағдайда); салық төлеушінің тіркеу нөмірін; жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не субъектінің атауын; субъектінің орналасқан жеріндегі салық органының атауын; кредиторлардың және (немесе) субъект мәжбүрлі түрде таратылған (есептік тіркеуден шығарылған, қызметін тоқтатқан) жағдайда құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын өзге де тұлғалардың өтініштерін (наразылықтарын) қабылдау үшін салық органының мекенжайын көрсете отырып, мәжбүрлі түрде таратылуға жататын субъектілердің қалыптастырылған тізбесін бұқаралық ақпарат құралдарында 1 сәуірден кешіктірмей орналастырады; 3) субъектілердің қалыптастырылған тізбесі бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылғаннан кейін 1 мамырдан кешіктірмей, мәліметтер алу үшін: екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға – осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында айқындалған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы; уәкілетті мемлекеттік органдарға – мүліктің, көлік құралдарының, жер учаскелерінің бар-жоғы туралы; тіркеуші органға – Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде мәліметтердің болуы (болмауы) туралы сұрау салулар жібереді. Қойылатын наразылықтардың құқыққа сыйымдылығын растайтын құжаттар қоса берілген, кредиторлардың немесе өзге де тұлғалардың өтініштерін (наразылықтарын) салық органдары күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейін қабылдайды. Мәжбүрлі түрде таратуға (есептік тіркеуден шығаруға, қызметін тоқтатуға) жататын субъектілердің түпкілікті тізбесі осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтер алынған және кредиторлардың немесе өзге де тұлғалардың өтініштері (наразылықтары) болмаған жағдайда күнтізбелік жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей қалыптастырылады. Салық органдары осы баптың 4-тармағында көрсетілген тізбеге қосылған субъектілерге қатысты мәжбүрлі түрде тарату (есептік тіркеуден шығару, қызметін тоқтату) үшін талап қою арыздарын сотқа күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей жібереді. Айтылғанға сәйкес, Салық кодексінің жоғарыда мәлімденген бабының шарттарына сай келген жағдайда, салық төлеуші қызметін мәжбүрлі тәртіппен тоқтата алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-arka/press/news/details/963317?lang=kk
Наурыз мейрамы аясында Қаратал ауданында 2000 қылқан жапырақты көшет отырғызылды 15.04.2025
🔻Бүгін 19 наурыз – Жаңару күні. Наурызнама онкүндігі дәстүрлі түрде жалғасын тауып жатыр.🔻Наурыз мерекесі – тазалық пен еңбек мерекесі. Көктем келіп, Жер-Ана бусанған шақта жақсы ниетпен тал егу – бұл халқымыздың ежелден қалыптасқан қайырымды дәстүрі.Бүгін Қаратал ауданында Жаңару күніне орай 2000 түп шырша отырғызылды.🔻Игі шараға аудан әкімі Ұлан Досымбеков, аудан әкімінің орынбасарлары, ауданның ардагерлері, мекеме, бөлім басшылары, мамандар өз үлестерін қосты.🔻Ардагерлеріміз Наурызда ағаш отырғызуды ежелден халқымыз игі дәстүрге айналдырғанын еске салып, барша тұрғындарды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтап, ақ батасын берді.🔻Қаратал ауданында тазалық, көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Жалпы аудан бойынша, көктем мезгілінде 6000 түп ағаш отырғызу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-aitu-bi/press/news/details/960977?lang=kk
Онлайн-БКМ қолдану 15.04.2025
Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi. Жеке тұлғалардың, адвокаттар мен медиаторлардың, уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, қалалық тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсететін қоғамдық көліктердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің, қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi жоқ жерлердегі салық төлеушілердің, екінші деңгейдегі банктердің, діни бірлестіктер, жалпыға ортақ телекоммуникация желісі жоқ жерлерде жүзеге асырылатын қолма-қол есеп айырысуды қоспағанда, ұлттық пошта операторы ақшалай есеп айырысуларына онлайн-БКМ қолданылмайды. Қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi жоқ жерлердегі салық төлеушілер ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректер беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарын қолданады. Сауда операциялары немесе қолма-қол ақша арқылы қызметтер көрсету кезінде ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыратын сауда автоматтары мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарымен жарақтандыруға жатады. Бақылау-касса машинасының чегі салық төлеушінің атауын, салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін, бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірін, бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірін, чектің реттік нөмірін, тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күн мен уақытты, тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасын және сатып алу сомасын, фискалдық белгіні, деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауын және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелерін қамтуға тиіс. Валюта айырбастау, металл сынықтарын, шыны ыдысты қабылдау пунктерінде, ломбардтарда қолданылатын бақылау-касса машиналарының чегі сату сомасы және сатып алу сомасы туралы ақпаратты қосымша қамтуға тиіс. Деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою, тiркеу деректерiне өзгерістер енгізу, есептен шығару фискалдық деректер операторының мәліметтері бойынша жүзеге асырылады. Салық органы бақылау-касса машиналарын есепке қою кезінде, фискалдық деректер операторының мәліметтерін алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде, бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірін беруді және тіркеуші органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын қалыптастыруды жүргізеді. Бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасында көрсетiлген мәлiметтерді өзгертуді салық төлеушi өзгерістер туындаған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Салық органы, бақылау-касса машинасының есепке қойылған жерi бойынша, фискалдық деректер операторының мәліметтерін алған күннен бастап, бір жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын ауыстыруды. Салық органы деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есептен шығаруды, фискалдық деректер операторының мәліметтерін алған күннен бастап, бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/960975?lang=kk
Қарағанды облысында жарты миллиард теңге жымқыру схемасы әшкереленді 15.04.2025
ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті «Еңбек» РММ филиалының бұрынғы басшыларына қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізуде.2021-2023 жылдары РММ және оның аймақтық филиалы «бір көзден сатып алу» әдісімен киім және аяқ киім өндірісіне арналған былғары және трикотаж шикізатын жеткізуге 23 келісім-шарт жасаған.Алайда, тауарлар жеткізілмеген, 449 млн теңге бюджет қаражаты ұрланған.Қылмыстық кірісті заңдастыру мақсатында күдіктілер заңмен белгіленген ақшаны қолма-қол айналдыру шегін айналып өтіп, кәсіби ақша жылыстатушының қызметін пайдаланған.Соңғысы ақшаны бөліп, бақылаудағы 4 жеке кәсіпкердің атынан киім және аяқ киім тігуге арналған тауар жеткізу туралы жалған келісімдер жасаған.Аталған келісімдер мен төлем құжаттары негізінде 122 млн теңге қаражат қолма қол ақшаға айналған.Қылмыстық табыстарға Алматы қаласынан жеке үй мен «BMW X6» автокөлігі сатып алынған, оларды ықтимал тәркілеуден жасыру үшін сенімді тұлғаларға ресімдеген.Аталған мүлікке соттың санкциясымен тыйым салынды.Күдіктілер 2 айға қамауға алынды.Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды. ҚР ҚМА Баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/press/news/details/960967?lang=kk
Сыбайлас жемқорлық 15.04.2025
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды алдын алу және жолын кесуге бағытталған бірқатар шаралар Заңмен қарастырылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі бағыттарының бірі, азаматтардың хабардар болуы және міндетті тұлғалардың этика нормаларының деңгейін арттыру болып табылады.Заңнамада сыбайлас жемқорлық деп, заңда көзделмеген жеке қабылдау немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктер мен мемлекеттік қызметті орындайтын тұлғалардың артықшылықтары мүліктік пайда алу үшін, сондай-ақ, оларға теңестірілген тұлғалармен өзінің лауазымдық өкілеттіктерін пайдаланатын, сол сияқты осы тұлғаларды құқыққа қарсы жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтары арқылы сатып алу түсініледі. Сыбайлас жемқорлық қоғам сияқты - мемлекет пен қоғам негіздерін бұзатын әлеуметтік құбылыс. Ол ежелгі дәуірден бастап белгілі, барлығына тән әлемдік мәселе болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес - бұл ұзақ, ауыр және еңбекті көп қажет ететін көңілсіздер болмайтын процесс. Біздің барлық қоғам, кез келген оның түрлерінің жолын кесіп, оған қарсы тұруы тиіс. Сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықты анықтау және жолын кесуді, кінәлі адамдарға ескерту жасау және жауапкершілікке тартуды, өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар сондай-ақ, мемлекеттік кірістер органы жүзеге асырады.Сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік кірістер органының имиджіне кері әсерін тигізеді, салық төлеушілердің сенімін бұзады, мемлекеттің нарықтық экономикасының дамуына қатер төндіреді, экономикалық және ұлттық қауіпсіздікке зиянын тигізеді. Бүгінгі таңда, сыбайлас жемқорлықпен күресу, мемлекеттік кірістер органдарында жүйелі және кешенді сипат алды. Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі негізгі назарды ескертулік және алдын алу шараларын уақтылы қабылдауға аудару қажет. Осы мақсатта Қамысты ауданы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасында мынадай іс-шаралар жүзеге асырылуда:-Мемлекеттік кірістер қызметкерлерінің іс-әрекетін регламентттеу жолымен салық төлеушілерге мемлекеттік қызмет көрсету барысында мемлекеттік қызметтердің көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартуға бағытталған тұрақты негізде жұмыс жүзеге асырылып жатыр; - сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта құқықтық жалпыға міндетті оқу бойынша семинарлар, "дөңгелек үстелдер", тұрақты сабақтар өткізіліп тұрады;- салық заңнамасының бұзушылықтарын алдын алу мақсатында БАҚ-та Қазақстан Республикасы Салық кодексінің түсініктемелері тұрақты негізде жарияланады;Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес алға қойылған мақсаттар мен міндеттер толық іске асырылса тиімді болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/960964?lang=kk
ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ 15.04.2025
Ұлттық киімдер – қазақ халқының тарихының, тұрмыс-салтын және дүниетанымын бейнелейді. Сонымен қатар, дәстүрімізді жаңғыртуда, ұлттық құндылықтарымызды қоғам арасында кеңінен насихаттауда үлкен рөл атқаруда.Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұжымы бұл бастаманы көтеру, ұлттық киімдерді танымал ету, қазақ халқының мәдени мұрасын кейінгі ұрпаққа ұғындыру жолында қазақ елінің ұлттық киімдерін киіп, оны ұлықтау арқылы, өз үлестерін қоса білді.Ұлттық киімдерімізді қадірлеу мен оған деген құрметіміздің арқасында біз өз мәдениетімізді және болашағымызды сақтап қалу үшін бар күшімізді жұмсайтын боламыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/968520?lang=kk
Шаңырақ күні 15.04.2025
Қызылащы ауылдық округінде 16 наурыз - Шаңырақ күнінде орай ауылымыздағы 55 бірге отасқан өнегелі,үлгілі Сыбайбаев Алиасқар отбасымен «Шаттыққа толы-Шаңырақ» атты кездесу өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kyzylashy/press/news/details/960948?lang=kk
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қаржының игерілуін мониторингке алды 15.04.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтың басшылығымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңес барысында жобаны іске асыру кезінде заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету, сондай-ақ жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері қаралды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.«Жайлы мектеп» жобасы ел дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда 37 апатты мектеп және 3 ауысымда оқитын 142 мектеп бар. Жобаны іске асыру шеңберінде 2,3 трлн теңгені игеру және 2025 жылға қарай 800 мың оқушы орнын қамтамасыз ету жоспарлануда.Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы өз Жолдауында «әрбір қазақстандық оқушының оқуы мен жан-жақты дамуы үшін лайықты жағдайлар болуға тиіс. «Жайлы мектеп» жаңа ұлттық жобасы дәл осы мақсатқа бағытталған» деп атап өтті.Сондықтан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет үшін жұмыстағы маңызды басымдық бүкіл ел бойынша жайлы мектептер құрылысының барысын мониторингтеу және бақылау болады.Кеңес қорытындысы бойынша жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларды уақтылы және сапалы салу мақсатында жауапты органдар мен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Ұлттық жобаны іске асыру бойынша өзара іс-қимыл алгоритмі әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-birzhan-sal-angalbatyr/press/news/details/960939?lang=kk
Акмола облысында жылу электр станциясы, сумен жабдықтау және газдандыру: ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылады 15.04.2025
Өңірде жылу, су және электр желілері, сондай-ақ газдандыруды дамытуға бағытталған ауқымды жобалар басталды. Бұл туралы облыс әкімі Марат Ахметжанов мәслихат сессиясында хабарлады.Көкшетау қаласында жаңа жылу электр станциясын салу — негізгі жобалардың бірі. Жұмыстар өткен жылдың тамыз айында басталды, ал 2028 жылға қарай станция қалаға сенімді және экологиялық тұрғыдан таза жылу жүйесін қамтамасыз ететін болады. Қуаты 240 МВт электр энергиясы мен 520 Гкал/сағ жылу өндіретін станция зиянды шығарындыларды азайтып, тұрақты жылумен қамтамасыз ететін болады . 2024 жылы жылу желілерін жаңғыртуға 20 миллиард теңге бөлінеді, бұл 24 мың абонент үшін жылуды жақсартып, желілердің тозуын азайтады.Басқа бағыттар бойынша да жұмыстар жалғасуда. Нұра су құбырының реконструкциясы аяқталып, Егиндыколь ауданындағы тұрғындар ауыз сумен қамтамасыз етілді. Көкшетауда су тазарту қондырғылары салынды, оның іске қосылуы жақын арада күтілуде.Электрмен жабдықтау саласында биыл 43 шақырым жаңа желі енгізілмек, сондай-ақ Көкшетау мен Қосшыда екі қосалқы станцияның құрылысы басталады.Газдандыру жұмыстары жылдам қарқынмен жүргізілуде: Аршалы ауданындағы 17 ауыл газбен қамтылды, биыл Нұрлы ауылына газ жеткізіледі, ал жылдың соңына дейін тағы 9 елді мекенге, оның ішінде Қосшы, Қоянды және Талапкер ауылдарына газ жүргізіледі. Бұл 150 мың тұрғынды газбен қамтуға мүмкіндік береді.«Бұл жобалар өңірт тұрғындарынң өмір сүру жағдайын жақсартып, энергетикалық жүйесін сенімді әрі экологиялық таза етеді», — деп атап өтті облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/960902?lang=kk
Қазақстан теңізшілерді оқыту шараларын күшейтеді 15.04.2025
Теңізшілерді дайындау отандық жүйесін дамыту жөніндегі шаралар Актауда өткен дөңгелек үстелде талқыланды. Бұл мәселе Қазақстанның Халықаралық теңіз ұйымының(IMO) «ақ тізіміне» кіруіне және соның нәтижесінде Каспий маңындағы мемлекеттермен кәсіби дипломдарды тану жөніндегі келісім жасасуға талап білдіру тұрғысында аса маңызды.Қазіргі уақытта ҚР кеме тізілімінде 300 дана шамасында кеме тіркелген. Бұл кемелердегі жұмыстарға 1,5 мың адам тартылған. Соның ішінде экипаж құрамындағы ҚР азаматтарының үлесі 52%, ал басшылық құрамы тек қана 25%. Сала отандық теңізшілерге зәру екені анық. «Теңіз техникасы және технологиялар» мамандығы бойынша кадрларды Қазақстандық теңіз академиясында, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде, Атырау мұнай және газ институтында дайындайды. Статистика мәліметтері бойынша 2017-2018 оқу жылына оқушылар контингенті 400 адам шамасында. Белгіленген келісімдер жасалғанға дейін каспий маңы мемлекеттерінің теңіз әкімшіліктерімен қазақстандық теңізшілерді дайындау жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкестігіне аудит жүргізіледі. Осыған орай қазіргі уақытта Ресейлік кеме қатынасы теңіз регистрі өкілетті мекемесімен оқу орындарының жаттығу орталықтарын куәландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жаттығу орталықтарына қатысты бүгін іс жүзінде барлық теңізшілер мен студенттер дайындықты Ресей мен Әзірбайжанда өтеді. Осыған орай Атырау мен Баутинода орналасқан жаттығу орталықтары бар YKK («Ескерткыш Кызмет Казахстан» ЖШС) компаниясының негізінде оқу орындарымен меморандумға қол қойылған. Құжаттың мақсаты бұл теңіз көлігі мамандарын дайындау және біліктілігін арттыру саласында өзара тиімді ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту. Қатысушылар сонымен қатар, студенттердің жүзу тәжірибесінен өтуіне қатысты мәселелер талқыланды. 2018 жылға 220 оқушыны тәжірибеден өткізу жоспарланған. Бұл мақсатқа ҚР Білім және ғылым министрлігі 120 млн. теңге шамасында ақша бөлді.Бұдан бөлек, іс-шара барысында Caspian Offshore Construction компаниясы пайдалануға дайын «Номад» оқу кемесін таныстырды. «Номад» бір уақытта 15 студентті тәжірибеден өткізуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/roads/press/news/details/11066?lang=kk
Акмола облысында жыл бойы жұмыс істейтін аквапарк пен жаңа туристік нысандар салынады 15.04.2025
Туризм — өңірдің негізгі салаларының бірі. Бурабай курорты еліміздің үш негізгі туристік орталығының қатарына кіреді. Өткен жылы туризм саласына салынған инвестициялар көлемі 29,5 миллиард теңгені құраса, биылғы жылы бұл көрсеткіш 35,7 миллиард теңгеге дейін артады деп болжануда.2024 жылы туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша сегіз жоба іске асырылды. Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 100 дана «ақылды» бейнебақылау камералары орнатылып, тоғыз бақылау алаңы, екі велоорталық және 10 жаңа пикник аймағы ашылады. Сонымен қатар, мобильді байланыс пен интернеттің сигналын күшейту жұмыстары жүргізілуде. Биыл жеке инвестициялар есебінен Бурабайда сегіз электрозаряд станциясы пайда болады. Бурабай ауылында жаңа учаскелік туристік полиция пункті салынады.Сондай-ақ, курорттық аймақты инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Алдағы уақытта Бурабайда 60 миллиард теңгеден астам соманы құрайтын инвестициялық жобалар іске асырылатын болады. Олардың қатарында Катаркөлде жыл бойы жұмыс істейтін аквапарк, заманауи визит-орталық, аквапаркі бар қонақүй кешені, сонымен қатар Burabay Land аумағын жаңарту және дендрологиялық паркті қайта жаңарту жоспарлануда.Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Бурабайды 2029 жылға дейін дамытудың кешенді жоспары бекітілді. Өңірде жаңа туристік нысандар пайда болады: Ак Бура курорттық кластеры, Катаркөлде балалар мен отбасылық демалыс аймақтары, сондай-ақ Жұкей көлінде экологиялық және агротуризм дамыту жоспарлануда.Бұл шаралар өңірдің туристік тартымдылығын арттырып қана қоймай, экономикаға да серпін береді: жаңа жұмыс орындарын ашып, инвесторларды тартуға және Акмола облысының Қазақстандағы жетекші туристік орталық ретінде позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/960890?lang=kk
ПД бастығы азаматтардың интернет-алаяқтықты тергеуге қатысты сұрақтарына жауап берді 15.04.2025
СҚО полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдиновтың AMANAT партиясында өткізген жеке қабылдауына үш адам келді. Бір сұрақ кадр мәселесіне, екеуі – алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеуге қатысты болды. Азаматтардың барлығы сұрақтарына толық жауап алды.Жыл басынан полиция генерал-майоры Қабдұлдинов өткізген 13 қабылдауда 29 адам болып қайтты. Ол және оның орынбасарлары осындай форматта азаматтармен аптасына екі рет кездеседі. AMANAT партиясында жеке қабылдаулар тоқсанына бір рет өткізіледі. Аудандық полиция бөлімдерінің бастықтары азаматтардың сұрақтарына күн сайын жауап беруге дайын.СҚО ПД бастығының жеке қабылдауына 8 (7152) 39-41-63, 39-40-20 телефондары арқылы жазылуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/960872?lang=kk
Жүк көлік жүргізушілерінің назарына 15.04.2025
ҚР Көлік министрлігі автокөлік құралдарымен жүк тасымалдаудың негізгі ережелерін еске салады.- Мемлекеттік нөмірсіз автокөлік құралдарын басқаруға Заңмен тыйым салынған.- Көліктік бақылау инспекторларының заңды талаптарын орындамау – қатаң жазаға әкеп соғады.- Жол қозғалысы ережелерін ғана қатаң түрде сақтап қоймай, сонымен қатар жұмыс уақыты мен демалыс режимін де сақтау қажет.- Автокөлік құралдарының белгіленген салмақтық параметрлерінен асатын жүктерді тасымалдауға тыйым салынады. Аталған нормаларды бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.Осылайша, автокөлік құралдарының рұқсат етілген массасы төменде келтірілген нормадан (тоннамен) аспауы тиіс:үш осьті (М3 санатындағы буынды автобустарды қоспағанда) – 25 тонна;төрт осьті, оның ішінде екі басқарылатын осі бар – 32 тонна;бес осьті – 38 тонна;алты немесе одан да көп осьтері бар – 44 тонна. «Елордалық Қызылжар бекетінде мемлекеттік нөмірсіз жүк автокөлік құралын басқару дерегі тіркелді. Сондай-ақ жүргізуші көліктік бақылау инспекторының автокөлік құралын тоқтату туралы талабын елемеген. Нәтижесінде жүргізуші жауапқа тартылып, үш тәулікке қамауға алынды. Одан басқа, жоғарыда сөз етілген тасымалдаушыға 50 тоннадан астам жүк тиегені үшін, сонымен қатар арнайы тауар-көліктік жүкқұжатының және жол парағының болмауы үшін 2 млн.тг жуық айыппұл салынды», – деп жақында болған жағдай жайлы ҚР Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің қызметкерлері мәлімдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/960830?lang=kk
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің «Жасыл желек» акциясы аясындағы көгелдандыру жұмысы өтті 15.04.2025
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ш.А. Баймановтың тапсырмасына сәйкес, 2025 жылғы 19 наурызда «Жасыл желек» атты бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Г.А. Байменова, Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Ж.А. Жақсылық және Департамент қызметкерлері көшеттер отырғызу іс-шарасына қатысты.Аталған экологиялық бастама өңірдің көгалдандыру деңгейін арттыруға, экологиялық ахуалды жақсартуға және табиғатты қорғауға бағытталған. Департамент қызметкерлері бұл игі шараға белсенді түрде қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.Табиғатты аялау – баршамыздың ортақ міндетіміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/960822?lang=kk
«Астанаэнергосерсвис» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы жобасының ХАБАРЛАНДЫРУ 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Астанаэнергосервис» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы жобасы орналасқаны туралы хабарлайды.Аталған Қаулы жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуларыңызды сұраймыз.Толығырақ:https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15496574Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/960769?lang=kk