Жаңалықтар
Жүк көлік жүргізушілерінің назарына 15.04.2025
ҚР Көлік министрлігі автокөлік құралдарымен жүк тасымалдаудың негізгі ережелерін еске салады.- Мемлекеттік нөмірсіз автокөлік құралдарын басқаруға Заңмен тыйым салынған.- Көліктік бақылау инспекторларының заңды талаптарын орындамау – қатаң жазаға әкеп соғады.- Жол қозғалысы ережелерін ғана қатаң түрде сақтап қоймай, сонымен қатар жұмыс уақыты мен демалыс режимін де сақтау қажет.- Автокөлік құралдарының белгіленген салмақтық параметрлерінен асатын жүктерді тасымалдауға тыйым салынады. Аталған нормаларды бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.Осылайша, автокөлік құралдарының рұқсат етілген массасы төменде келтірілген нормадан (тоннамен) аспауы тиіс:үш осьті (М3 санатындағы буынды автобустарды қоспағанда) – 25 тонна;төрт осьті, оның ішінде екі басқарылатын осі бар – 32 тонна;бес осьті – 38 тонна;алты немесе одан да көп осьтері бар – 44 тонна. «Елордалық Қызылжар бекетінде мемлекеттік нөмірсіз жүк автокөлік құралын басқару дерегі тіркелді. Сондай-ақ жүргізуші көліктік бақылау инспекторының автокөлік құралын тоқтату туралы талабын елемеген. Нәтижесінде жүргізуші жауапқа тартылып, үш тәулікке қамауға алынды. Одан басқа, жоғарыда сөз етілген тасымалдаушыға 50 тоннадан астам жүк тиегені үшін, сонымен қатар арнайы тауар-көліктік жүкқұжатының және жол парағының болмауы үшін 2 млн.тг жуық айыппұл салынды», – деп жақында болған жағдай жайлы ҚР Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің қызметкерлері мәлімдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/960830?lang=kk
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің «Жасыл желек» акциясы аясындағы көгелдандыру жұмысы өтті 15.04.2025
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ш.А. Баймановтың тапсырмасына сәйкес, 2025 жылғы 19 наурызда «Жасыл желек» атты бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Г.А. Байменова, Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Ж.А. Жақсылық және Департамент қызметкерлері көшеттер отырғызу іс-шарасына қатысты.Аталған экологиялық бастама өңірдің көгалдандыру деңгейін арттыруға, экологиялық ахуалды жақсартуға және табиғатты қорғауға бағытталған. Департамент қызметкерлері бұл игі шараға белсенді түрде қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.Табиғатты аялау – баршамыздың ортақ міндетіміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/960822?lang=kk
«Астанаэнергосерсвис» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы жобасының ХАБАРЛАНДЫРУ 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Астанаэнергосервис» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы жобасы орналасқаны туралы хабарлайды.Аталған Қаулы жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуларыңызды сұраймыз.Толығырақ:https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15496574Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/960769?lang=kk
Аудан әкімінің кезекті апта сайынғы азаматтарды қабылдауы өтті 15.04.2025
Қабылдауға үй мәселесі бойынша келген азаматша болды.Тұрғын үй тек кезек тәртібімен берілетіні туралы түсініктемелер берілді.Сонымен қатар, аудан әкімі бұл жағдайды жеке бақылауға алуды тапсырды.📢 Жұмыс жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-shalakyn/press/news/details/960737?lang=kk
Ескелді ауылдық округінде “Мемлекеттік қызметтер” стандарты бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 15.04.2025
📅 19 наурыз күні Ескелді ауылдық округінде Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын түсіндіру бойынша 21 жаднамалық брошюра 📄 таратылды. Сонымен қатар, тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді электронды форматта 💻📲 алу мүмкіндіктері түсіндіріліп, eGov порталы мен Telegram-бот ℹ️ арқылы қызметтерді рәсімдеу жолдары көрсетілді. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін ✅ кеңес беріліп 💬, олардың сұрақтарына жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/960717?lang=kk
« Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғауға болады? » дөңгелек үстел 15.04.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай:1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру;2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою;3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-ekiasha/press/news/details/960708?lang=kk
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы 15.04.2025
Қаржы басқармасының қызметкерлері 2025 жылы 19 сәуір күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілікке қатыстыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-karzhy/press/news/details/979569?lang=kk
Тайынша ауданының жаңартылған Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті. 15.04.2025
Тайынша ауданының жаңартылған Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті.Кеңес отырысын аудандық мәслихат төрағасы Сәрсенбай Бекшенов ашты. Сөз басында ол Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлануымен құттықтап, жұмыста табыс тіледі. С. Бекшенов Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттардан 15 өтініш түскенін хабарлады. Бұған дейін жұмыс тобы 12 адамнан тұратын Қоғамдық кеңестің сандық құрамын анықтаған болатын.Мәслихат төрағасы үлкен ұйымдастырушылық жұмысты атқарған жұмыс тобының мүшелеріне алғысын білдірді.Сайланғандардың қатарында қоғамдық бірлестіктердің, азаматтық қоғамның, білім берудің өкілдері, саяси қайраткерлер, бизнесмендер, мемлекеттік қызметшілер – үлкен күнделікті және кәсіби тәжірибесі бар адамдар бар.Сондай-ақ, жұмыс тобы әңгімелесу процесінде негізгіден басқа резервтік тізім дайындады, егер Қоғамдық кеңес құрамынан біреу шыққан жағдайда, қосымша әңгімелесусіз кеткен адамның орнына резервтік тізімнен кандидат кеңес құрамына енгізіледі.«Қазақстанның қоғамдық кеңестері әлі жас институт. Соған қарамастан, ол жыл сайын күшейіп, қарқын алуда. Президент «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға кеңес мүшелерінің өкілеттіктерін кеңейтетін түзетулер енгізеді. Сіз-Тайынша ауданының Қоғамдық Кеңесінің төртінші құрамысыз.Мен өзімнің алдымда көп кәсіби тәжірибесі бар адамдарды көріп тұрмын және тек сіздердің терең қатысуыңызға байланысты-халық бізге қандай баға береді, атап өткім келеді – мемлекет емес – халық. Сондықтан сізден сұраймын-күту позициясын ұстанбаңыз, кеңестің пассивті мүшесі болмаңыз», - деп атап өтті С.Бекшенов.Бірінші отырыстың күн тәртібінде төрт мәселе қаралды: Қоғамдық кеңестің, Төралқаның төрағасын сайлау, Қоғамдық кеңес туралы ережені бекіту, 2025 жылғы ҚК жұмыс жоспарын әзірлеу және бекіту.Кеңес мүшесі Борис Галицкий бірінші мәселе бойынша Қоғамдық кеңес төрағасының кандидатурасы бойынша ұсыныс жасады. Ол аудандық мәслихаттың, VI шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің мүшесі Сергей Адамович Звольскийді төраға ретінде ұсынды.С.Звольский біздің ауданда ғана емес, республикада да танымал ірі ауылшаруашылық тауар өндірушісі. Еңбек жолын механизатор болып бастаған, қазіргі уақытта «Астық-STEM» ЖШС құрылтайшысы болып табылады. Серіктестік дәнді және майлы дақылдарды, көкөністерді өсіруге маманданған.Қоғамдық кеңестің жаңадан сайланған төрағасы Сергей Звольский әріптестеріне сенім білдіргені үшін алғысын білдіріп, азаматтық қоғамның игілігі үшін белсенді жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.Қоғамдық кеңестің қызметіне басшылықты жүзеге асыру үшін оның отырыстары арасындағы кезеңде үш адамнан тұратын төралқа сайланды. ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 2 – тармағына сәйкес құрамына ҚК төрағасы С.Звольский, мемлекеттік органның өкілі Айнагүл Жәкенова-аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, ашық дауыс беру арқылы кеңес мүшесі Михаил Гусев кірді.Осыдан кейін Кеңес мүшелері 2025 жылы ҚК жұмыс жоспарына қатысты пікірлерімен бөлісті.Отырысты аяқтай отырып, төраға барлық қатысушыларға олардың қатысқаны үшін алғысын білдіріп, болашақта тиімді жұмыс тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tayynshinskogo-rayona/press/news/details/960681?lang=kk
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және Әдеп кодексін сақтау туралы 15.04.2025
Қарасу ауданының әдеп жөніндегі уәкілі С.А. Қазақпаев мемлекеттік қызметшілермен «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Әдеп кодексі мен Заңының мәселелері бойынша мемлекеттік қызметші «Қарасу ауданы әкімінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің» басшысы Н.Н. Қанапинмен және Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Достық» РДК мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры А.А. Тикеновамен түсіндіру іс-шарасын өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karasy-audany-akimat/press/news/details/960669?lang=kk
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілермен жүйелі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру 15.04.2025
Қарасу ауданының әдеп жөніндегі уәкілі С.А. Қазақпаев «Қарасу ауданы әкімінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы М.К. Саутпаев сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілермен профилактикалық жұмыс жүргізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karasy-audany-akimat/press/news/details/960665?lang=kk
А. Сарбасов Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды 15.04.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен және регрессшілермен кездесті, облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығына барды.Ақмәди Сарбасов жұмыс сапарын Тараз қаласындағы өнеркәсіптік кәсіпорындарға барудан бастады. Ол «Имсталькон» Жамбыл металл конструкциялары зауыты» ЖШС қызметімен танысты. Кәсіпорын жылдық қуаты 30 000 тонна өнеркәсіптік және өндірістік мақсаттағы объектілерге арналған металл конструкцияларын өндіруге маманданған.Зауыт жұмыскерлерімен кездесуде бірінші вице-министр ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) ҚР-да 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде және еңбек қатынастарын реттеу саласында жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтып берді.«Еңбек шартынсыз жұмыс істеу, кірістерді жасыру, еңбекақы төлеу бойынша берешек мәселелері өзекті болып қала береді. Бұл әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде жұмыскер үшін жағымсыз салдарға әкеледі. Еңбекмині жұмыскерлердің еңбек қатынастары мен кепілдіктерінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін бірқатар цифрлық шешімдерге бастама жасалды: жұмыс берушінің HR Enbek ақпараттық жүйесінде кәсіпорындардың штат кестесін декларациялауы; еңбек және ұжымдық шарттар жасасу рәсімін электрондық форматқа көшіру; еңбек жанжалдарын дәлірек болжау және алдын алу үшін еңбек тәуекелдері картасының функционалдығын кеңейту», – деді Ақмәди Сарбасов.Бұдан әрі вице-министр электр және жылу энергиясын өндірумен, таратумен және өткізумен айналысатын «Т.И. Батуров атындағы ЖГРЭС» АҚ-да болды. Ақмәди Сарбасов кәсіпорын басшылығымен әлеуметтік әріптестік шеңберінде жұмыскерлердің еңбек жағдайларын жақсарту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, ол еңбекті қорғау саласындағы қадағалау мен бақылау тетіктерін қатаңдату жөніндегі шараларды іске асыру туралы айтты, мысалы: жұмыс орындарында кәсіптік тәуекелдерді бағалаудың жаңа әдістемесін енгізу; қауіпті жұмыстарды шұғыл тоқтата тұру үшін мемлекеттік еңбек инспекторларына қадағалау функцияларын беру; төтенше жағдайлар тәуекелдері туралы ерте хабарлау жүйелерін енгізу (мобильді қосымшалар, арнайы датчиктер және басқа да заманауи технологиялық шешімдер); кәсіптік тәуекелдерді бағалауды жүргізу бойынша мамандандырылған ұйымдарға қойылатын талаптарды күшейту; мемлекеттік ақпараттық жүйелердің деректері негізінде кәсіпорынға бармай-ақ профилактикалық бақылау мүмкіндіктерін кеңейту.Осыдан кейін вице-министр облыстық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығына барды. Ұйымда жартылай стационар жағдайында психоневрологиялық және тірек-қимыл аппараты бұзылған 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар арнайы қызмет алады.Сонымен бірге ол «Қаратау» ААҚ-да бұрын қызмет жасаған мүгедектігі бар регресші азаматтармен кездесті. Кездесу барысында Ақмәди Сарбасов Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен 16 регресшінің талаптары толық қанағаттандырылғанын хабарлады. Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін олар кредиторлардың бірінші кезектегі талаптарының тізіліміне енгізілген сомаларды төлеуді жүзеге асыру үшін Еңбекминіне жүгінуі қажет. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/960649?lang=kk
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (ДСЖТ) жүргізудің басталғаны туралы хабарландыру 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Департамент) Департамент басшысы Алия Мұхтарқызы Латыпова Департаменттің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны және Департаменттің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу процесіне қоғамдастықты тарту туралы қоғамдастықты хабарлар етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-aktobe/press/news/details/960646?lang=kk
Қостанай маңындағы елді мекеннің 48 тұрғыны баспаналы болды 15.04.2025
Қала маңындағы Заречный кентінің 48 тұрғыны Конституция күнін жаңа баспаналарында қарсы алады. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған баспаналардың кілттерін бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов табыс етті. Жергілікті атқарушы органдар соңғы үйлерді тапсыру арқылы аталмыш кенттің «Солтүстік» шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің құрылысын толығымен аяқтады. «Біз төртқабатты 11 үй тұрғыздық. Олардың үшеуі - жалға беріледі, 8 - несиелік. Бүгін 48 пәтерлі соңғы үйді тапсырамыз. Олар жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтарға арналған. Бүгін 10 жетім бала жаңа үйлерінің табалдырығын аттады. Пәтер иелерінің қалғандары - әлеуметтік әлсіз топтар өкілдері мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері. Шағын ауданның құрылысына шамамен 2,2 млрд теңге жұмсалды», - деді Қостанай ауданы әкімінің орынбасары Омарбек Қасымов. Жаңа баспана иелерін қоныстойларымен құттықтау үшін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов те келді.«Республика үшін аса маңызды мемлекеттік мейрам - Конституция күні қарсаңында, сондай-ақ елорданың 20 жылдығына орай «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жаңа үй пайдалануға беріліп отыр. Ең бастысы, облыста жыл сайын жаңа пәтерлер көптеп салынуда. Биылғы жылы ғана 300 мың шаршы метрден астам аумақты пайдалануға беретін боламыз. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, орташа есеппен 10 пайызға жоғары», - деді өңір басшысы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/10797?lang=kk
Ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы 15.04.2025
Қазіргі уақытта 2025 жылға бекітілген ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес Қостанай облысының аудандық және қалалық Ветеринариялық станцияларының ветеринарлары ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлеріне ветеринариялық профилактикалық іс-шараларды (диагностикалық және аллергиялық зерттеулер, вакцинациялау) жүргізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіледі.Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру туралы ветеринариялық іс-шаралар (профилактикалық вакциналау, аллергиялық, диагностикалық зерттеулер, жануарларды бірдейлендіру) бойынша мәліметтерді дерекқорға енгізу олар жүргізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.Дерекқорға аллергиялық зерттеулердің нәтижелері туралы мәліметтерді енгізу аллергиялық зерттеулер оқылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.Дерекқорға диагностикалық зерттеулердің нәтижелері туралы мәліметтерді енгізу диагностикалық зерттеулердің нәтижелері алынған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.Барлық мәліметтерді енгізудің, түзетудің, өзектендірудің барлық тарихы АШЖБ деректер базасында және ветеринариялық паспортта сақталады. Жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар туралы деректер ветеринариялық анықтаманы беру кезінде көрсетіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-veterinariya/press/news/details/960626?lang=kk
«Бизнес симуляция SimulTrain» жобалық басқару бойынша тренинг қорытындысы бойынша пресс-релиз 15.04.2025
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (бұдан әрі - БҰҰДБ) бірлескен жобасы шеңберінде 2025 жылғы 15 наурызда «SimulTrain» симуляциялық ойыны негізінде жобалық басқару бойынша тренинг өткізілді.«SimulTrain» интерактивті компьютерлік ойыны қауіпсіз және динамикалық ортадағы нақты жағдайларды модельдеу арқылы жобалар мен бағдарламаларды басқару бойынша оқытудың инновациялық әдісі болып табылады. Модельдеу барысында қатысушылар уақыт, ресурстар және қаржы бойынша шешімдер қабылдады және жобалар мен бағдарламаларды басқарудың тиімділігін арттыруға ықпал ететін жоспарлау, тәуекелдерді басқару, ресурстарды тиімді бөлу және коммуникация дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін шешімдерінің салдарын бағалай алды.Іс-шараға қатысушыларға Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Бірінші вице-министрі Қ А. Төлеушин және БҰҰДБ Қазақстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары С.Ф. Ходжиматов құттықтау сөз сөйледі.Тренингке 45-ке жуық адам, оның ішінде саяси мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің, Үкімет Аппаратының, орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің қызметкерлері қатысты.Анықтамалық:«SimulTrain» симуляциялық ойынының серіктестері IPMA (International project management association), KPMA (Kazakhstan project management association), IPM2 (International project management masters) сияқты ұйымдар болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/960598?lang=kk
ҚазҚСҒЗИ және жапон сейсмикалық оқшаулау қоғамы (JSSI) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 15.04.2025
Қазақ сәулет және құрылыс ғылыми-зерттеу және жобалау институты ("ҚазҚСҒЗИ" АҚ) және «The Japan Society of Seismic Isolation» (JSSI) бірлесіп ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізу туралы келісті.Келісімге жапон сейсмикалық оқшаулау қоғамының (JSSI) президенті, профессор Акира Вада (AkiraWada) және "ҚазҚСҒЗИ" АҚ бас директоры Бегман Құлбаев өз қолдарын қойды. Меморандум ғылыми-зерттеу жұмыстарын негіздеу және орындау үшін бірлескен уақытша ғылыми ұжымдар қалыптастыруды, сейсмикаға төзімді құрылыс саласында практикалық жұмыстарды орындау үшін Қазақстан мен Жапониядан келген ғалымдар мен мамандарды тартуды көздейді. Ынтымақтастықтың аясында бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, өзара ортақ мүдделерді ұсынатын ғылыми және ғылыми-әдістемелік конференцияларды, семинарларды, "дөңгелек үстелдерді", кездесулерді және көрмелерді өткізу ұйғарылып отыр. "2018 жылы Алматы қаласында «The Japan Society of SeismicIsolation» (JSSI) қатысуымен "Сейсмикаға төзімді құрылыс технологиялары" Халықаралық семинары өткен болатын. Семинарда қазақстандық және жапондық мамандар сейсмикалық оқшаулағыш конструкцияларды қолданудың тәжірибесімен алмасты. ҚазҚСҒЗИ-дың сейсмикаға төзімді құрылыс саласында үлкен тәжірибесі бар, ал біздің мамандарымыз сейсмикалық оқшаулағыш жүйелердің авторлық әзірлемелеріне ие, сондықтан жапондық әріптестеріміз ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі болды. Келіссөздердің қорытындылары бойынша біздің елдеріміздің сейсмикаға төзімді құрылысын дамыту саласында күштерімізді біріктіру шешімі қабылданды",- деп түсіндірді "ҚазҚСҒЗИ" АҚ бас директоры Бегман Құлбаев.«ҚазҚСҒЗИ» АҚ – Қазақстандағы инженерлік-геологиялық жағдайлары өте күрделі аудандарды және сейсмикалық қауіпті өңірлерді қосқанда Қазақстанның құрылыс саласын дамыту саласындағы жалғыз мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты. Институт 1931 жылдың 7 қыркүйегінде құрылған. Қазақстанның құрылыс нарығында 85 жыл тәжірибесі бар. «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Жалғыз Акционері Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып табылады.The Japan Society of Seismic Isolation» (JSSI) - Жапон сейсмикалық оқшаулау қоғамының негізі 1993 жылы құрылған, негізгі мақсаты - аса қауіпсіз және жоғары сапалы ғимараттардың құрылысына ықпал ете отырып, сейсмикалық оқшаулауға жәрдемдесу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kds/press/news/details/10756?lang=kk
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не? Сыбайлас жемқорлық туралы қалай хабарлауға болады? 15.04.2025
Сыбайлас жемқорлық-жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және олармен байланысты мүмкіндіктерді жеке өзі немесе делдалдар арқылы мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе алу мақсатында заңсыз пайдалануы өзі үшін не үшінші тұлғалар үшін, сол сияқты осы тұлғаларға игіліктер мен артықшылықтар беру арқылы пара беру.МҰНЫ БІЛУ МАҢЫЗДЫ!Қылмыстар туралы ауызша хабарламалар мен жазбаша өтініштер құқық қорғау органдарында қылмыстың жасалған орны мен уақытына қарамастан тәулік бойы қабылданады.Кезекші бөлімде сіз хабарламаны ауызша немесе жазбаша түрде тыңдауға және қабылдауға міндеттісіз. Бұл жағдайда сіз хабарламаны қабылдаған қызметкердің тегі, лауазымы және жұмыс телефоны туралы сұрауыңыз керек.Сіз өзіңіздің өтінішіңіздің көшірмесін оны құқық қорғау органында тіркеу туралы белгімен немесе хабарламаны қабылдаған қызметкер туралы мәліметтерді және оның қолын, тіркеу нөмірін, құқық қорғау органының атауын, мекенжайы мен телефонын, хабарламаның қабылданған күнін көрсететін талон-хабарламаны алуға құқығыңыз бар.Құқық қорғау органында Сізден алынған хабарлама (өтініш) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес процестік әрекеттерді жүзеге асыру үшін дереу тіркеліп, жоғары тұрған басшыға баяндалуы тиіс.Сіздің құқықтарыңыз бен заңды мүдделеріңізге қатысты мәселелер бойынша неғұрлым толық ақпарат алу үшін сізді тиісті бөлімше басшысының қабылдауын талап ету үшін қабылданатын шаралардың сипаты туралы өтінішіңізді орындаумен айналысу тапсырылған құқық қорғау органынан білуге құқығыңыз бар.Сізден пара беру туралы хабарламаны (өтінішті) қабылдаудан бас тартқан жағдайда, сіз осы заңсыз әрекеттерге жоғары тұрған сатыларда шағымдануға, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен күш құрылымдарының қызметіне прокурорлық қадағалауды жүзеге асыратын жоғары тұрған органға құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағым беруге құқығыңыз бар.Тегін кеңес 1424Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-chaikovskaia/press/news/details/967547?lang=kk
«Жер сағаты» акциясына қосылыңыздар! 15.04.2025
Құрметті Аққайың ауданының тұрғындары! «Жер сағаты» акциясына қосылыңыздар!📅 2025 жылғы 22 наурыз⏰ 20:30-21:30🌍 Жарықты өшіріңіз – планетаға қамқорлық танытыңыз!«Таза Қазақстан» салтанатты шарасына дайындық аясында баршаңызды халықаралық экологиялық «Жер сағаты» акциясына қатысуға шақырамыз. Бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар жарық пен электр құралдарын бір сағатқа өшіру арқылы климаттың өзгеруі мен ресурстарды ұтымды пайдаланудың маңыздылығына назар аударады.Акцияны қалай қолдауға болады?✔ Үйіңізде және кеңсеңізде жарық пен тұрмыстық электр құрылғыларын бір сағатқа өшіріңіз.✔ Достарыңыз бен жақындарыңызды қатысуға шақырыңыз.✔ Әлеуметтік желілерде суреттер мен оқиғалармен бөлісіңіз, #ТазаҚазақстан #ЖерСағаты хэштегтерін қолданыңыз.Сондай-ақ, бүкіл ел бойынша маңызды ғимараттар мен сәулет нысандары табиғатты қорғау белгісі ретінде бір сағатқа жарықтарын сөндіреді.Планетамыздың болашағы – біздің қолымызда! Экологиялық саналы болашаққа бірге қадам жасайық!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-akkayiyn/press/news/details/960577?lang=kk
Бухгалтерлерді сертификаттау және БКСҰ қызметін бақылау 15.04.2025
Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (ІМАК) бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдардың (БКСҰ) қызметінде заң талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.Бұл ретте бақылау жұмыстары алдын алу сипатында, яғни профилактикалық бақылау ретінде жүргізілетінін атап өткен жөн. Процедуралар ҚР Кәсіпкерлік кодексімен реттеледі.Қазіргі уақытта елімізде 20 БКСҰ тіркелген.Көбінесе бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдар тарапынан келесі кемшіліктер анықталған:есептілікті ұсыну мерзімдерінің сақталмауы;емтихан комиссиясының құрамына қойылатын талаптардың бұзылуы;кәсіби бухгалтер сертификаттарын беру рәсімдерінің орындалмауы.Сондай-ақ, кейбір БКСҰ біліктілікке үміткерлердің жеке істерін талапқа сай жүргізбей, тиісті түрде сақтамаған. Кей жағдайларда емтихандардың бейнетіркеуі, сондай-ақ бейнематериалдарды жазу және сақтау құралдары болмаған. Емтихандарға тәуелсіз бақылаушылардың қатысуы сирек кездескен.Комитет БКСҰ-ға нормативтік талаптардың сақталуын бақылауды күшейту және сертификаттау процесін ұйымдастыруды жақсарту қажеттілігіне байланысты ұсынымдар мен нұсқаулармен нұсқама жолдады.Осы орайда «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңының 1-бабында кәсіби бухгалтер – кәсіби ұйымның мүшесі болып саналатын, тиісті сертификаты бар (кәсіби бухгалтер) жеке тұлға екені белгіленген.Осыған байланысты ІМАК үміткерлерге кәсіби бухгалтердің біліктілік құжатын алғаннан кейін Қазақстан аумағында жұмыс істейтін бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарына мүшелікке кіруді ұсынады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/press/news/details/960571?lang=kk
Астанада Жеңістің 80 жылдығына және Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына арналған көрме өтті 15.04.2025
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына орай «Бауыржан Момышұлы – аты аңызға айналған қолбасшы» атты көрме өтті.Көрмеде Бауыржан Момышұлының жеке күнделігі, 1955-1956 жылдары Калинин қаласында пайдаланған қойын дәптері, соғыс кезіндегі қолданған жеке картасы, портреті, фото-суреттері, қаһармандық ерлігі туралы жазылған көркем туындылар мен Ұлы Отан соғысы жайлы тарихи кітаптар қойылды.Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының өкілдері, Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің мүшелері, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжінің жас ұландары, студенттер мен архив қызметкерлері, тарихшы, ғалымдар қатысты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/960539?lang=kk