Жаңалықтар
Білім саласында мемлекеттік қызметтерді заңнама талаптарына сәйкес көрсетілмеу себебінен 57 азаматтың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің негізгі басты бағыттарының бірі көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және де халыққа сапалы қызмет көрсетуді бақылау болып табылады.Осыған орай, Департаментпен мемлекеттік қызметтер көрсету барысында заңдылықтын сақталуының қамтамасыз ету мақсатында облыс көлеміндегі аудандардың және қалалардың білім бөлімдерімен, аудан, қала, ауыл мектептерімен және балабақшаларымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қашықтықтан байқау жүргізіліп, қызмет берушілер тарапынан бірқатар заң бұзушылықтарға жол берілгендігі анықталды.Мәселен, Департаментпен Ақсу, Сарқан, және Көксу аудандарының, Текелі және Талдықорған қалаларының білім бөлімдері, мектептері мен балабақшалары көрсетілетін мемлекеттік қызметтің тәртібін бұза отырып, яғни қызмет алушылардың өтініштерін уақытылы тіркелмеу түріндегі 57 факті анықталды.Нәтижесінде, Департаментпен Жетісу облысы Білім басқармасына заңдылықтын бұзылуына әкеп соққан себептерді және оның салдарын жою туралы тиісті ұсыным енгізіліп, 57 қызмет алушылардың өтініштерін тіркеу арқылы құқықтары қалпына келтірілді.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қ.Т. МанапАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-ushtobe/press/news/details/961632?lang=kk
«Кезектен тыс ХXVI сессияға ХАБАРЛАМА» 15.04.2025
Қалалық мәслихаттың VIII шақырылған депутаттарының кезектен тыс ХXVI сессиясы 2025 жылдың 31 наурызында сағат 15.00- де онлайн трансляциялау арқылы қалалық мәслихаттың мәжіліс залында өтедіСессия күн тәртібінде: 1 «Приозерск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы 24/180 «Приозерск қаласының 2025- 2027 жылдарға арналған бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (баяндаушы: экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шәмшатов А.С).Қалалық мәслихат төрағасы А.Исатаев Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/960525?lang=kk
Жемқорлық – тек құқық бұзушылық емес, ол адамгершілікке, ұлттық болмысымызға сын... 15.04.2025
Сыбайлас жемқорлық – елдің дамуын тежейтін, мемлекет тұтастығына зиян келтіретін күрделі мәселе. Қоғамда бұл індетке қарсы қауқарлы күрес жүргізу – әрбір азаматтың борышы. Әсіресе, жастардың бойында адалдық, заң талаптарын құрметтеу сияқты құндылықтарды қалыптастыру өте маңызды. Ел болашағы – әділдік пен тазалықта екенін ұғындыру үшін жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейтуіміз қажет.Бүгінде ақпараттық технологиялар қарқынды дамып, ғаламтор адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы жемқорлыққа қарсы күресті күшейте аламыз. Әлеуметтік желілер, бейнероликтер, қоғамдық іс-шаралар мен мәдени бағдарламалар арқылы жастарға адал еңбектің маңыздылығын жеткізуіміз керек. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың заң алдындағы жауапкершілігі ауыр екенін түсіндіру де басты міндет.Жемқорлық – тек құқық бұзушылық емес, ол адамгершілікке, ұлттық болмысымызға сын. Бұл құбылысқа мүлде төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру үшін құқықтық сауаттылықты арттыру аса маңызды. Көп жағдайда азаматтар заңды білмегендіктен немесе оның салдарын түсінбегендіктен жемқорлыққа бейсаналы түрде араласып кетеді. Сондықтан қоғамда құқықтық білім мен жауапкершілік деңгейін көтеру басты назарда болуы тиіс.Аға буын өкілдері жастарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, оларға әділетті қоғам құру жолында үлгі бола білуі қажет. Керісінше, олардың жолын кес-кестемей, адалдықтың артықшылығын көрсетуіміз қажет. Қазіргі заман технологиялары жемқорлыққа қарсы күреске үлкен мүмкіндік береді. Ақпараттық құралдар мен сандық технологияларды пайдалану арқылы алдын алу шараларын күшейтуіміз қажет.Жемқорлық – ең ауыр кеселдің бірі. Қоғамда бұл дертке қарсы төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру арқылы ғана біз әділ әрі дамыған мемлекеттің негізін қалай аламыз. Білім мен тәрбие – осы күрестегі басты қару. Адалдық, тектілік, әділеттілік – халқымыздың қастерлі ұстанымдары. Осы құндылықтарды сақтай отырып, кемел болашаққа қадам басу – баршамыздың ортақ міндетіміз.Қарақия ауданы әкімінің орынбасары С.Т.ТөкеновАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/960522?lang=kk
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 15.04.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мақсатында ЖК басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы буклеттер таратылды. Іс – шараның мақсаты-буклеттер арқылы сыбайлас жемқорлықтың салдары туралы хабарлау, сыбайлас жемқорлық фактісі анықталған жағдайда қайда жүгінуге болады және көтермелеу төлеуге негіз болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-osakarovka-marzhankol/press/news/details/960521?lang=kk
Ұлттық киімнен рекорд орнатуға қатысушыларға автобустар тегін болмақ 15.04.2025
Ұлыстың ұлы күні — 22 наурызда Ақтауда өтетін «Best Fest Nauryz» ұлттық киім фестиваліне қатысушыларға автобустар тегін болмақ.Ұлттық киім фестивалін ұйымдастырушы Әсемгүл Адамбайдың айтуынша, фестиваль 22 наурыз күні сағат 9:00-де басталып, 12:00-ге дейін өтеді.Сондай-ақ қолында браслет белгісі бар барлық фестиваль қатысушысына қала, облыс аумағында қоғамдық автобустар тегін болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/960515?lang=kk
Ұлытауда полиция алаяқтық сипаттағы контенті бар мыңнан аса сайтты бұғаттады 15.04.2025
Ұлытауда полиция алаяқтық сипаттағы контенті бар мыңнан аса сайтты бұғаттап, 119 млн теңге залалды өндірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.Өткен жылы қабылданған тиімді шаралардың нәтижесінде облыста ауыр және аса ауыр қылмыстардың саны едәуір азайды. Бұл туралы Ұлытау облысы полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиев Жаңаарқа ауданында халық алдындағы есептік кездесуінде мәлімдеді. Есептік кездесуге аудан тұрғындарымен қатар, өңірдің өзге де аудан-қалаларынан келген азаматтар қатысып, өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Кездесу барысында полиция қызметінің негізгі бағыттары, 2024 жылы қол жеткізілген нәтижелер және алдағы уақытта жүзеге асырылатын шаралар туралы егжей-тегжейлі есеп берілді. Департамент басшысы Қайыркен Әлиев өз сөзінде: "Бүгінгі кездесуіміздің басты мақсаты – полицияның жедел-қызметтік жұмыстарын жан-жақты талқылау, азаматтармен ашық диалог орнату, өткен жылдағы жетістіктер мен кемшіліктерді саралау және алдағы уақыттағы міндеттерді айқындау. Бұл – біздің ортақ мүддеміз", – деп атап өтті. Есептік кездесу барысында облыстағы қылмыстық ахуал, жол-көлік қауіпсіздігі, мал ұрлығы секілді өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің қылмысқа қарсы күрес, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстары есепке алынды. Департамент басшысы интернет-алаяқтық қылмыстарының өсуіне байланысты жаңа бөлімінің құрылғанын жеткізді. Бұл бөлім жоғары білікті мамандардан құралған және киберқылмыстарға қарсы күрестің тиімді әдістерін қолдануда. Кибрерпол бөлімінің қызметкерлері алаяқтық сипаттағы контенті бар 1016 сайтты бұғаттап, интернет-алаяқтық қылмыстары бойынша 39 қылмысты ашты. Осы істер бойынша 119 миллион теңге көлеміндегі залал өндірілді. Сонымен қатар биылғы жылдың 10 ақпанында Жезқазған қаласында шетелдік азамат ұсталды. Ол 128 сим-карта орнатылған Sim-box құрылғысы арқылы алаяқтық қоңыраулар жасап, 4 күн ішінде 21 175 қоңырау шалғаны анықталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кездесуге қатысушылар полицияның жұмысына жоғары баға беріп, бірқатар нақты мәселелерді шешуге бағытталған ұсыныстар жасады. Халықтың пікірлерін ескере отырып, алдағы уақытта қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін профилактикалық іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастыру қажеттігі атап өтілді. Қайыркен Әлиев есептік кездесулерді облыстың өзге де аудан-қалаларында жалғастыратынын жеткізіп, бұл арқылы халықтың қауіпсіздігін нығайту және тәртіпті сақтау бойынша жұмыстардың тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың қолға алынатынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/960512?lang=kk
Жаңару күні 15.04.2025
Үлкеншыған ауылдық әкімшілік және мәдениет қызметкерлерінің атсалысуымен 19 наурыз "Жаңару күні" ұйымдастырылды. Осы мезгілде табиғат түрленіп,тіршілік қайта жанданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-panfilov-ulkenshagan/press/news/details/960499?lang=kk
Қазақстанда «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясы басталады 15.04.2025
Қазақстанда балық шаруашылығы су айдындарын қараусыз қалған балық аулау ауларынан тазартуға, жағалау аумақтарын тазартуға және азаматтардың су ресурстарын ұқыпты қарауын қалыптастыруға бағытталған жыл сайынғы «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы басталды.Балық шаруашылығы комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес акция өңірлердің климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, екі кезеңде өтеді:наурыздан мамырға дейін – Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстарында.15 сәуірден 31 мамырға дейін – Ұлытау, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарында.Акцияға тұрғылықты жері бойынша тиісті балық шаруашылығы инспекциясына жүгіну арқылы кез келген адам қатыса алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/960497?lang=kk
Заң мен тәртіп: Ішкі істер органдары қатарында жемқорлықтың алдын алу 15.04.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Заң және тәртіп» нарративін ілгерілету және облыстық полиция департаментімен бірлескен іс-қимыл жоспары шеңберінде Есіл және Тимирязев аудандарының полиция бөлімдерінің жеке құрамдарымен көшпелі кездесулер өткізді.Тәртіп сақшылары еліміздің іске асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, оның ішінде жемқорлық үшін жазаның бұлтартпаушылық қағидатын қамтамасыз етуге, жемқорлыққа төзбеушілікті және парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған негізгі шаралар туралы хабардар етілді.Сонымен қатар, қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шараларды – Іntegrity check парасаттылығын тексеру институты, байлық салығын енгізу, жемқорлардың жария тізілімі және т.б. белсенді талқылады.Кездесулер соңында қатысушылар елдегі «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету – қоғамдық тәртіпті сақтау және заңға бағынатын азаматтардың құқықтарын қорғау үшін маңызды бастама деген ортақ пікірге келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-sko/press/news/details/960479?lang=kk
Халықаралық әйелдер мерекесі 15.04.2025
Әлемге жылулық сыйлаған нәзікжандылар!🔰Әйел - ана. Әйел - аяулы нәзік жан. Қоғамның ажырамас бөлігіне айналған әйелдер барлық жылулық пен ізгіліктің бастауы. " Алып анадан туады" дегендей, нар тұлғалы батырларды өмірге әкелген аналарға құрмет жоғары тұрады.Ә.Бөкейханов атындағы орта мектебінде 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған "Ана - өмірдің тірегі, бақыттың бастауы" атты салтанатты шара өтті.Залда отырған барлық әйелдер қауымының жүздерінен шаттық нұры себелеп, жайнағанда айнала әдемілікке толып тұрды.Мейірім мен махаббат төгілген шараға Аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Бижанов, Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Т.Алагузова, Құлан ауылдық округінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Б.Әліпбаев, Құлан ауылдық округінің әкімі Е.Сейтжапаров құттықтау сөз сөйледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-kulan/press/news/details/960467?lang=kk
Көктемнің келуімен Сарыарқа ауданында қыстан кейінгі тазарту жұмыстары басталды 15.04.2025
Қазіргі уақытта жол төсемдерін, көлік белгілерін, қоршауларды, жерасты өткелдері мен аулаларды шаң мен кірден кезең-кезеңімен тазартып жатырмыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/960464?lang=kk
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі-2025» 15.04.2025
Қазақстан Медицина Қызметкерлері Қоғамының ұйымдастырылуымен өткізілген «Денсаулық сақтау ісінің үздігі-2025» республикалық байқауының нәтижесінде Қазақстан Медицина Қызметкерлері Қоғамының шешімімен «Үздік жас медицина қызметкері» төсбелгісімен Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Пойызбай Айгерім Есжанқызы танылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/960452?lang=kk
Анталия қаласында дзюдодан өткен Европалық кубогының жеңімпазы Ә.Абдіманапты күтіп алу іс шарасы 15.04.2025
🔺07-09.03 2025жылы Турция мемлекеті Анталия қаласында 24 мемлекеттен 448 дзюдошы қатысқан Дзюдодан ұлдар мен қыздар арасында Европа кубогында жерлесіміз Абдіманап Әкежан Серікұлы 55 кг салмақ дәрежесінде 3- орын иеленді. Жерлесімізді күтіп алуға, округ әкімі Е.Енсебаев, Алакөл аудандық мәслихат депутаты Ж.Нұрмұхамедов құттықтап, алғыс хат табыстады.🔺Әкежан Сізбен ауыл азаматтары мақтанады және кезекті жеңісіңізбен шын жүректен құттықтайды. Биік белестерден көріне беріңіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-dostyk/press/news/details/960440?lang=kk
«Таза Қазақстан» акциясы 15.04.2025
Үш айлық және "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында Бірлік ауылдық округінің аумағында 10.04.2025 жылы "Таза бейсенбі" өткізілді, оған ұйым мен округ тұрғындары қатысып, белсенділік танытты. Акцияға қатысушылар округ көшелерінде, аллеяда және саябақта белсенді жұмыс істеді, сондай-ақ "ES Global Agro" ЖШС өндірістік учаскелерінде, білім беру мекемелері мен қоғамдық орындарда тазалық жұмыстарын жүргізді. Ауылдық округті абаттандыру жұмыстары жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-birlik/press/news/details/974188?lang=kk
Пойыздардағы санитариялық ережелер және инфекциялардың алдын алу 15.04.2025
Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Қызылорда көлік прокуратурасымен бірігіп, «Nomadas» ЖШС басшысы және жауапты қызметкерлері арасында жолаушылар пойыздарында санитариялық ережелерді бұзбау және жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру семинар жүргізілді.Семинар барысында вагондарды дезинсекциялық өңдеу айына бір реттен кем емес және эпидемиологиялық көрсетімдер бойынша жүргізілуі, вагондарды дератизациялық өңдеу тоқсанына бір реттен кем емес және эпидемиологиялық көрсетімдер бойынша жүзеге асырылуы, сондай-ақ вагондарды қосымша дезинфекциялық өңдеу эпидемиологиялық көрсетімдер бойынша жүргізілуі түсіндірілді.Қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/960429?lang=kk
Су ресурстары және ирригация министрі экономика қажеттілігі мен экожүйені сақтау үшін еліміздің су қоймаларына тасқын суды жинауды тапсырды 15.04.2025
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов барлық жауапты мекеме басшыларына еліміздің су қоймаларына тасқын суды жинау жұмысын ұйымдастыруды тапсырды. Бұл су алдағы уақытта экономика қажеттілігі мен жергілікті экожүйені сақтау үшін пайдаланылады. Сондай-ақ, еріген қар суы өзен-көлдерге, шабындық жерлер мен табиғи жайылымдарға жіберіледі. Қоймаларға жиналған тасқын суы суару маусымында егістікті суару үшін шаруаларға да беріледі.Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқыны кезінде гидротехникалық құрылыстардың жұмысын реттейтінін атап өткен жөн. Су қоймалары – ең маңызды стратегиялық нысандардың бірі.Еске сала кетейік, былтыр еліміздің су қоймаларына 75 млрд текше метр су жиналды. Бұл бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 15 млрд-қа көп. Жиналған судың 12 млрд-тан астамы – тасқын су.Балқаш көліне 3,3 млрд текше метр, Каспий теңізіне шамамен 6 млрд текше метр су жіберілді. Батыс Қазақстан облысындағы соңғы жылдары құрғауға айналған Қамыс-Самар көлдер жүйесіне 80 млн текше метр тасқын су жіберілді. Ұлытау облысынан Қызылорда облысының көлдер жүйесіне 839 млн текше метр су жіберілді. 2000 жылдан бері алғаш рет Тобыл өзенінде үлкен көлемде су ағыны байқалды.Шабындық жерлер мен табиғи жайылымдарға су жіберу мал шаруашылығын қажетті жем-шөп базасымен қамтамасыз етуге оң әсерін тигізді. Ал Астана су қоймасына тасқын суын жинау 2 млрд теңгеге жуық қаржы үнемдеуге мүмкіндік берді. Себебі, су қоймасына Қ.Сәтбаев атындағы каналдан қосымша су жіберу қажеттілігі туындамады.«Еліміздің су қоймаларында тасқын суын қабылдауға және қауіпсіз өткізуге қарқынды дайындық жүріп жатыр. Солтүстік, батыс, шығыс және орталық өңірлердің су қоймаларында бос сыйымдылықтар дайындау үшін су жіберілуде. Ал, еліміздің оңтүстігіндегі су қоймалары алдағы суару маусымында жергілікті дихандарды суармалы сумен қамтамасыз ету үшін белсенді су жинап жатыр. Біз барлық су қоймаларына шаруалар үшін қажет суды барынша мол жинап, оны жазда пайдаланамыз», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/960428?lang=kk
4 миллионға жуық қазақстандық оқушы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасымен қамтылды 15.04.2025
Қазақстандық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында «Қамқор», «Шабыт», «Смарт бала», «Еңбегі адал – жас өрен», «Ұшқыр ой алаңы» және «Балалар кітапханасы» атты алты ірі жоба іске асырылып, 4 миллионға жуық оқушыны қамтыды. Бұл бастамалар құндылыққа бағдарланған тәрбие беруге бағытталған 77 қадамдық іс-шаралар кешені арқылы жүзеге асуда.«Қамқор» жобасы аясында еліміздің 3 миллионнан астам білім алушысы «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысып, сенбіліктер ұйымдастырды, 2,1 миллионға жуық көшет отырғызды.«Шабыт» жобасы балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға арналған. Ел көлемінде өткен жоба аясында 2 миллионнан астам бала домбыра тартуға қатысты. Бұл бастама ұлттық өнерді насихаттаудың ең ауқымды шараларының бірі болды. Сондай-ақ, «Әншуақ» балалар ән фестивалі жас орындаушылар арасында үлкен танымалдыққа ие болды. Мектептерде оқушылардың мәдени-ағартушылық бастамаларға қатысу белсенділігі жоғары. «Даналық ұстаздан», «Мақтанышым – Республикам!», «Жетістігім – еліме!», «Алғыс айту күні», «Ананың аялы алақаны» секілді байқауларға 3 миллионға жуық оқушы қатысты.«Наурыз мейрамы қарсаңында жас ұрпақтың рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, отансүйгіштік сезімін нығайту және ұлттық мұраны сақтау мақсатында еліміздің барлық мектептерінде бір мезгілде күй орындалады. 20 наурыз күні сағат 11:00-де республикалық домбырашылар челленджі өтеді. Оған 1 млн-ға дейін оқушы мен педагогтер қатысады деп күтілуде», – деп мәлімдеді Тәрбие және қосымша білім беру департаментінің директоры Ерлан Қалмақов.Тәрбие бағдарламасында, сондай-ақ кітап оқу мәдениетін дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Балалар кітапханасы» жобасы іске қосылды, оның аясында 2580 кітаптың тізімі жасалды. Сонымен қатар, 2024 жылы мектеп оқушыларына цифрлық форматта әдеби шығармаларға қол жеткізуге мүмкіндік беретін балалар кітапханасының онлайн-порталы іске қосылды.Отансүйгіштік пен ұлттық бірегейлікті нығайту мақсатында мектептерде оқу аптасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталады. Үзіліс кезінде оқушылар «асық ату», «тоғызқұмалақ», «бес тас» сынды ұлттық ойындарға белсене қатысады.Көктемгі каникул уақытында мектептерде үйірмелер мен секциялар жұмыс істеп, қосымша шаралар өткізіледі. Балалар әр айдың үшінші жексенбісінде және каникул уақытында музейлерге тегін бара алады. Оған қоса, театрларда балаларға арналған қойылымдар ұйымдастырылады. Сондай-ақ «Қазақфильмнің» алтын қорындағы фильмдер мен анимациялық фильмдерді мәдениет және білім беру ұйымдарында тегін ұжымдасып тамашалау мүмкіндігі жасалуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/960856?lang=kk
Қарабалық ауданы әкімдігінің «Қостанай облысы Қарабалық ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 91 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына баспасөз-релизі 15.04.2025
Қарабалық ауданы әкімдігінің «Қостанай облысы Қарабалық ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 91 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес әзірленді. Көрсетілген қаулы жобасының қабылдау мақсатымен азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындауы болып табылады.Қаулы жобасының қабылдауы әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.Қаулы жобасы «Электрондық Үкімет» порталында ашық НҚА https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15497803 бөлімінде орналастырылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-audany-akimat/press/news/details/960413?lang=kk
Қарақия ауданында Рамазан айының игі шаралары жалғасуда 15.04.2025
⚜️Мейірім мен берекеге толы қасиетті Рамазан айы басталғалы Қарақия ауданындағы мешіттерде күн сайын сауапты істер ұйымдастырылуда. Осы игі дәстүрдің жалғасы ретінде 18 наурыз күні Жетібай ауылында ауызашар өтті.⚜️Ауызашар Қарақия ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Жетібай ауылындағы Сүйінғара Үргенішбайұлы атындағы орталық мешітте өтті. Шараға ауыл ақсақалдары, имандылық жолын ұстанған жастар және жамағат қатысты.⚜️Рухани құндылықтарды дәріптеп, тұрғындардың ауызбіршілігін арттыруға атсалысқан барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз.⚜️Айта кетейік, бұл игі шара 19 наурыз күні Қарақия аудандық орталық мешітінде жалғасын табады.Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/960395?lang=kk
Шаңғы жарысы бойынша Қазақстан Республикасының қысқы спартакиадасы 15.04.2025
Щучинск қаласындағы Қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық дайындық орталығында Қазақстан Республикасының VI қысқы Спартакиадасының ашылу рәсімі өтті. Салтанатты ашылу рәсіміне дейін еркін стильдегі спринт бойынша алғашқы жарыстар өтіп, жүлдегерлер анықталды. 25 наурызға дейін жалғасатын бәсекеде еліміздің ең мықты шаңғышылары Спартакиада чемпионы атағына таласады. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын Спартакиада – елдегі ең ауқымды спорттық шаралардың бірі және Олимпиада ойындарына ұлттық құрамаға іріктеу кезеңі саналады. Ашылу рәсіміне: Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев,Дене шынықтыру және спорт істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев, Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов, Қазақстан Ұлттық шаңғы жарысы федерациясы вице-президенті Димаш Хасенов қатысты. Нұрлан Есембаев, Дене шынықтыру және спорт істері комитеті төрағасының орынбасары:«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спорттың маңыздылығын үнемі атап өтеді. Бұл – дені сау жас ұрпақты тәрбиелеудің және ұлттың әл-ауқатын нығайтудың басты факторы. Бүгінде Қазақстанда 13 қысқы олимпиадалық спорт түрі белсенді дамып келеді. Бұл бағытта 139 000-нан астам спортшы жаттығуда. Ұлттық құрама 1 265 спортшыдан жасақталған және олардың саны жыл сайын артып келеді. Спартакиада жаңа есімдерді танытып, қысқы спорттың дамуына тың серпін береді. Барша қатысушыларға сәттілік пен жарқын жеңістер тілеймін!»АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІМПАЗДАР:Еркін стильдегі спринт қорытындысы бойынша, алғашқы финалистер анықталды: Ерлер:1.Святослав Матасов (Ақмола облысы)2.Константин Борцов (Ақмола облысы)3.Дастан Қалыбеков (ШҚО) Әйелдер:1.Надежда Степашкина (Ақмола облысы)2.Ксения Шалыгина (Ақмола облысы)3.Анна Мельник (Ақмола облысы)Жарыс қорытындысы бойынша, ірі халықаралық турнирлерде ел намысын қорғайтын мықты спортшылар анықталады. ЖАРЫС БАҒДАРЛАМАСЫ18 наурыз (сейсенбі) - еркін спринт19 наурыз (сәрсенбі) - классикалық жарыс21 наурыз (жұма) - эстафета22 наурыз (сенбі) - классикалық командалық спринт24 наурыз (дүйсенбі) - аралас эстафета25 наурыз (сейсенбі) - еркін жүріспен масс-старт Жарыс кестесін @cop_zvs мен @skicenter_life Instagram парақшаларымыздан және stories-тен қадағалай аласыздар. Қазақстан Республикасының Спартакиадасы жарыстарынан бейнетрансляцияны Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының COP ZVS TV YouTube-арнасында тікелей эфирде көруге болады. Жарыс барысын стадионнан да бақылауға болады. Кіру тегін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/960392?lang=kk