Жаңалықтар
Төлем тапсырмасының жаңа форматы туралы 30.03.2025
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесі хабарлайды.2025 жылғы 13 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстанның төлем жүйелерінің және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерінің, сондай – ақ төлем жүйелерінің басқа да қатысушыларының ISO 20022 төлем хабарламалары форматының халықаралық стандартына көшіруді жүзеге асырды.Төлем қатынастарының халықаралық форматтарына көшуге байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма – қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі-қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидалары) өзгерістер енгізілді.Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларымен бекітілген бюджетке төлемдер төлеуге арналған төлем тапсырмасының жаңа нысаны «нақты төлеуші» және "ақша жөнелтуші" бағандарын (қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша) қамтиды.Ережеге сәйкес заңды тұлғаның бюджетке төлемдер, сондай-ақ МЗЖ, МКЗЖ, МКЗЖ және СБ МӘСҚ-ға өзінің жеке бөлімшесі үшін аударымдар және (немесе) жарналар төлеген кезде "нақты төлеуші" бағанында міндеттемелері бойынша төлем жүзеге асырылатын заңды тұлғаның жеке бөлімшесінің атауы, ал «ЖСН (БСН)» бағанында оның БСН көрсетіледі.Қағидаларда сондай-ақ сот орындаушысы борышкердің міндеттемелері бойынша бюджетке төлемдерді атқарушылық іс жүргізу шеңберінде төлеген кезде «нақты төлеуші» бағанында төлем жүзеге асырылатын борышкердің Тегі, Аты, Әкесінің аты (ол болған кезде), сондай-ақ «ЖСН (БСН)» бағанында-оның ЖСН көрсетілетіні көзделген.Тиісінше, бюджетке төлемдер жоғарыда көрсетілген екі жағдайды қоспағанда, «ақша жөнелтуші» төлем тапсырмасының бағанында көрсетілген ЖСН/БСН бойынша салық төлеушінің жеке шотына таратылады, атап айтқанда:- заңды тұлға өзінің құрылымдық бөлімшесі үшін әлеуметтік төлемдерді аударады, бұл ретте "нақты төлеуші" төлем тапсырмасының бағанында құрылымдық бөлімшенің БСН көрсетілген және төлемдер құрылымдық бөлімшенің жеке шотына орналастырылуға тиіс;- сот орындаушысы борышкер үшін бюджетке төлемдерді аударады, бұл ретте "нақты төлеуші" төлем тапсырмасының бағанында борышкердің ЖСН/БСН көрсетілген және төлемдер борышкердің жеке шотына орналастырылуға тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/962826?lang=kk
"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу тәртібі 30.03.2025
Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін үнемі жетілдіру – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық департаменттерінің жұмысындағы негізгі ұстанымдардың бірі.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру азаматтардың құқықтарын қорғап, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.Осы ретте, «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату»" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі түсіндірсек. Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері: «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсес арқылы. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш; 2) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат; 3) жер учаскесінің кадастрлық құны актісінің көшірмесі; Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.Толық ақпаратты Шелек ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар.Мекен – жайымыз: Шелек ауылы, Жібек жолы көшесі №40Анықтамалық байланыс телефоны: 8 (72776) 2-01-55. «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-shelek/press/news/details/1162347?lang=kk
Бақылау-касса машинасын жаңарту: салық төлеушілер нені білуі керек 30.03.2025
Салық кодексінің 170-бабына сәйкес уәкілетті орган бақылау-кассалық машиналардың (бұдан әрі – БКМ) мемлекеттік тізілімін жүргізеді, оған БКМ модельдерін қосу және алып тастау арқылы өзгерістер енгізеді.Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 «БКМ қолдану мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес, техникалық талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты салық төлеушілер пайдаланбайтын 98 онлайн емес БКМ моделі мемлекеттік тізілімнен алынып тасталды.Мемлекеттік тізілімнен шығарылған БКМ модельдерінің тізімі Комитеттің ресми сайтында келесі сілтеме бойынша орналастырылған: https://kgd.gov.kz/sites/default/files/gosuslugi/prilozhenie_ob_isklyuchenii_0.docx Сонымен қатар, қазіргі уақытта Комитет салық төлеушілерді мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді беру функциясы бар, техникалық талаптарға сәйкес келетін онлайн БКМ модельдеріне көшіру бойынша жұмыс жүргізуде. Мемлекеттік тізілімге енгізілген онлайн/офлайн БКМ модельдерінің тізімі Комитеттің ресми сайтында келесі сілтеме бойынша орналастырылған: https://kgd.gov.kz/sites/default/files/gosuslugi/gosreestr_kkm_ru_0-2.docx Комитет Салық кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында ақшалай есеп айырысулар мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ-ді міндетті түрде қолдана отырып жүргізілетінін еске салады.БКМ қолдану тәртібін бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/967466?lang=kk
Су тасқыны кезеңіне дайындық 30.03.2025
Аршалы ауылдық округінде су тасқыны кезеңіне дайындық, құбырларды тазарту жұмыстары жүргізілудеАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-arshaly/press/news/details/962787?lang=kk
Академиялық адалдықты сақтау: жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шара 30.03.2025
Білім беру саласындағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті облыстың білім басқармасымен бірлесіп студенттік ортада академиялық адалдықты сақтау мәселелері бойынша өңірдің колледж студенттерімен кездесу өткізді. Бұл іс-шара 2025 жылға арналған жастар арасында академиялық адалдықты ілгерілету жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде өтті.Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің аға офицері Гүлнұр Бекбаева академиялық адалдықты сақтаудың, парасаттылық пен әділдік қағидаттарын қалыптастырудың маңыздылығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ол сонымен қатар студенттерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі нормаларымен таныстырды.Іс-шара барысында спикерлер академиялық адалдықтың түрлерін және оны сақтамаудың салдарын, сондай-ақ білім беру мекемелері парасатты ортаны қалыптастыру бойынша қабылдап жатқан шараларын түсіндірді.Соңында студенттер академиялық адалдықты сақтау қажеттілігімен келісе отырып, осы мәселе бойынша өз пікірлерімен бөлісті.#Заң_мен_тәртіп #ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/962770?lang=kk
2024 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ӨТКІЗІЛДІ 30.03.2025
2024 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ӨТКІЗІЛДІҚоғамдық кеңестің төрайымы - В.Ф. Кожуховскаяның төрайым етуімен Меңдіқара ауданы Қоғамдық кеңесінің отырысы болып өтті. Қоғамдық кеңестің мүшелері Меңдіқара ауданының әкімі Ғ.М. Бекбаевтың, Меңдіқара аудандық мәслихатының төрағасы Қ.Р. Рахметқалиевтың және Қоғамдық кеңесінің төрайымының «2024 жыл бойынша жұмыс қорытындылары туралы» есептері тыңдалды.Сондай - ақ Қоғамдық кеңестің мүшелері «2024 жыл бойынша Қоғамдық кеңестің жұмысы туралы» есебі тыңдалды.Тыңдалған есептер бойынша Қоғамдық кеңеспен қорытындылар қабылданған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/962678?lang=kk
Наурыз – елдік дәстүрдің алтын діңгегі 29.03.2025
Ұлттық экономика министрлігі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын кең көлемде атап өтті. Мерекелік іс-шараға министрлік басшылығы мен қызметкерлері қатысты.Салтанатты шара ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің құттықтауымен басталды.«Наурыз – ырыс пен берекенің бастауы. Бұл мейрам – халқымыздың ізгілікке негізделген рухани құндылықтарын айшықтайды», - деді вице-премьер.Іс-шара барысында марапаттарды табыстаудың салтанатты рәсімі өтті.«Экономика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен:Ахметова Айнұр Онашабаевна – Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті директорының орынбасары;Мұстафина Бибиігүл Бағдатқызы – Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті директорының орынбасары;Наукенов Рахат Оспанұлы – Әлеуметтік сала, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің басқарма басшысы;Окенов Төлеген Әділетұлы – Бюджет саясаты департаментінің басқарма басшысы;Сәбит Мадина Сәбитқызы – Өңірлік даму департаментінің басқарма басшысы;Садықова Сандуғаш Ескендірқызы – Табиғи монополияларды реттеу комитеті Ішкі әкімшілендіру басқармасының басшысы;Сағын Дидар Жақсықайырұлы – Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы марапатталды.Бұған қоса, «Наурызнаманың» онкүндігі аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, асық ату, қол күресі, арқан тартыс, тоғызқұмалақ және гір көтеру сынды сайыстарда министрлік қызметкерлері өз бақтарын сынады.Гир көтеру сайысында жүлделі 1-орынды Табиғи монополияларды реттеу комитетінің бас сарапшысы Лесбаев Шынболат Ерегенұлы;Қол күресі сайысында жүлделі 1-орынды Өңірлік даму департаментінің бас сарапшысы Торғауыт Қуаныш Серікұлы мен Экономика және қаржы департаментінің бас сарапшысы Еламанова Зоя Жетпісбайқызы;Тоғыз құмалақ сайысында жүлделі 1-орынды Экономика және қаржы департаментінің бас сарапшысы Сағынова Бақытнұр Рысжанқызы;«Өз елім менің» атты өнер сайысында жүлделі 1-орынды Ішкі әкімшілендіру департаментінің инспекторы Құдайбергенова Медея Мейрамқызы иеленді.Арқан тартыс сайысында жүлделі 1-орынды Дидаров Ақтөре Дидарұлы бастаған Табиғи монополияларды реттеу комитетінің командасы жеңіп алды.Мерекелік концерт аясында қазақ, татар, түрік және өзбек халықтарының ұлттық дәстүрлері сахналанып, өнерпаздар ән мен күйден шашу шашты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/961767?lang=kk
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері жаппай ағаш отырғызу акциясына қатысты 29.03.2025
Наурыз – жаңару мен жасампаздықтың символы. Осы мерекелік күндері Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері мен жас мамандар табиғатты көгалдандыруға өз үлестерін қосып, ағаш отырғызу шарасына қатысты.Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні – Жаңару күніне орайластырылған бұл акция қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында ұйымдастырылды. ҚАЖД ұжымы игі дәстүрді жалғастырып, өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға атсалысуды маңызды міндет деп біледі.– Егілген әрбір ағаш – болашаққа қалдырған аманатымыз. Бұл бастама табиғатқа жанашырлық танытып қана қоймай, жас мамандардың жауапкершілігін арттырып, қоғамға үлгі болары сөзсіз, – деп атап өтті департамент өкілдері.ҚАЖД қызметкерлері алдағы уақытта да экологиялық іс-шараларға белсенді қатысып, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастырмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/962650?lang=kk
2025 жылғы 20 наурызда аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, білім беру, денсаулық сақтау, жастар, әлеуметтік-мәдени даму, бюджет және бюджеттік жоспарлау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының отырысы өткізілді. 29.03.2025
2025 жылғы 20 наурызда аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, білім беру, денсаулық сақтау, жастар, әлеуметтік-мәдени даму, бюджет және бюджеттік жоспарлау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының отырысы өткізілді.Отырысқа аудандық мәслихат төрағасы – Урашева Сәуле Тұрсынқызы, депутаттар - тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелері, Бородулиха ауданының қаржы бөлімі басшысының м.а. Еничева Ирина Николаевна, Бородулиха ауданының ауылдық және кенттік округтерінің әкімдері қатысты.Күн тәртібіне сәйкес, "2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы" есебімен Бородулиха ауданының қаржы бөлімі басшысының м.а. И.В.Еничева сөз сөйледі, ауданның ауылдық және кенттік округтерінің әкімдері "2024 жылға арналған округ бюджетінің атқарылуы туралы" есеп берді.Қаралған барлық мәселелер бойынша тұрақты комиссиялардың қаулылары қабылданды, тиісті ұсынымдар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/borodulihamaslikhat/press/news/details/962606?lang=kk
Конституциялық Сот: құқық қорғау қызметінің қызметкерлері Конституция мен заңнаманы сақтауға міндетті 29.03.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Конституциялық Сотқа «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 56-бабы 2-тармағы 7) тармақшасының және «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» 44-бабы 3-тармағы 5) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтінішпен құқық қорғау органының бұрынғы қызметкері жүгінді.Аталған нормалар қызметкерлерге қолданылатын тәртіптік жазаларды және тәртіптік теріс қылықтардың түрлерін белгілейді.Сот өтініш берушіге тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан босату туралы бұйрықтың күшін жою және жұмысқа қайта қабылдау туралы талабын қанағаттандырудан бас тартты.Ол дауланып отырған нормалар оның еңбек ету бостандығы мен әлеуметтік қамсыздандыру құқығын шектейді деп санайды.Конституциялық Сот қызметкерлер құқық қорғау қызметін өткеру кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға міндетті екенін атап өтті.Өтініш субъектісі тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылды, оған сот баға берді. Осылайша, өтініш беруші сот тәртібімен қаралған нақты жағдайларды сот арқылы бағалау нәтижелерімен келіспейді. Оларды қарау Конституциялық Соттың құзыретіне кірмейді. Конституцияны тексеру үшін рұқсат етілген шарттардың болмауына байланысты өтініш берушінің өтініші іс жүргізуге қабылданбады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/962555?lang=kk
«Қош келдің, әз-Наурыз!» 29.03.2025
Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз, жыл басы қашанда бірлік пен татулықтың, ізгілік пен бақыттың, жаңару мен жаңа өмірдің жаршысы іспетті. Халқымыз ежелден-ақ алдағы күндердің жақсылығы мен қуанышының бастауы Наурызда деп білген.Шуақты көктем мерекесі қарсаңында кітапханада Наурызнама онкүндігі өтуде.14 наурыз күні кітапхана қонақтары «Көрісу күні – Амал мерекесі» аясындағы іс-шараларды тамашалап, амал күні дәстүріне сай кітапхана сол күнгі қонақтарды ақ тілекпен қарсы алып, көпшілік бір-бірімен төс қағысып амандасып, «қауышу» жоралғысын жасады.15 наурыз – «Қайырымдылық күні» кітапхана қызметкерлері мен еріктілер көшпелі мерекелік шарамен Солнечная кентіндегі «Қарттар үйінде» қонақта болып, қарттарымызға мерекелік көңіл-күй сыйлап, бір серпілтіп тастады.16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні кітапхананың әлеуметтік желідегі парақшаларында мәдениетті, өнерді және ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған посттар жарияланып, «Армысың, әз-Наурыз!»: интерактивті әдебиеттер көрмесі ұсынылды.17 наурыз күні кітапханада балалар мен ата-аналарға арналған «Шаңырақ - үй мен ұлттың жүрегі» атты танымдық ойын-сауық іс-шарасы өтті. Шарада «Отбасыммен оқимын» клубының мүшелері қонақта болып, өз отбасыларындағы ынтымақ, бірлік, татулықты сақтаудағы тәжірибелерімен, өз шаңырақтарында Наурыз мерекесін тойлау дәстүрімен бөлісті. Сонымен қатар, Наурыз мерекесіне орай қойылған сұрақтарға жауап беріп, «Ханталапай», «Сақина салу» ұлттық ойындарына қатысып, өлең оқып, ән шырқады. Шара соңында ақсақал бата беріп, әрбір отбасы мүшелері «Шаңырақ күні» мерекесіне тілектерін білдірді. Сондай-ақ, кітапханамызда үлкен жәрмеке өтті. Жәрмеңкеде сүт өнімдері және түрлі қолөнер бұйымдары саудаланды. Бозанбай ауылынан келген кәсіпкер Меруерт Токунтаеваның дәмі тіл үйірген сүт өнімдері бір демде сатылып кетсе, сол өңірден келген домбыра жасау шебері Жанарбек Ғазезұлының балаларға арнап жасалған және электронды домбырасы көздің жауын алды.Сонымен қатар жәрмеңкеге «Азина» мүгедек әйелдер қоғамының тігіншілері, Қолөнерші Жауһаз Сейітханқызы, Ұлан өңірінен келген Бақытгүл Қанжарқанқызы қатысты.18 наурыз «Ұлттық киім» күні кітапханамызда қазақтың ұлттық киімдерін насихаттауға арналған сән көрсетілімі өтті. Кітапхананың үлкен залында қаламыздағы өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленіп жүрген «Тұмар» өнерпаздар тобы өз тыңдармандарына мерекелік сый жасап, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандарына концерттік бағдарлама ұсынса, поэзияға қалам тербеп жүрген жас ақындардың бір шоғыры өз туындыларымен кештің көркін қыздырды.19 наурыз – Жаңару күніне орай кітапхананың әлеуметтік желідегі парақшаларына пайдалы ақпараттар қойылса, 20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай қазақтың ұлттық дәстүрлі ойыны «Тоғызқұмалақтан» мектеп оқушылары арасындағы турнир өтті.Сонымен бірге «Ынтымақ күні», «Жыл басы», «Тазару күні» атауларымен арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып, кітапхана қызметкерлері Наурыз мерекесінің мән-маңызын түсіндіру арқылы өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптейді.Әз-Наурызға деген ел ықыласы, жұрт ризашылығы мен құрметі кітапханамыздағы әрбір шарада көрініс тапқан. Ендеше, келе жатқан жыл басы, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, жаңарудың белгісі, тіршіліктің тынысы, халық қастерлеген Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/962527?lang=kk
Биыл «Балдәурен» орталығында әскери қызметшілердің 1100-ден аса баласы демалады 29.03.2025
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында (Қонаев қ.) және оның Щучинск, Балқаш және Түркістан қалаларындағы филиалдарында биыл ҚР Қарулы күштері әскери қызметшілерінің 1100-ден астам баласы демалатын болады. Бұл Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктерінің әскери-патриоттық тәрбиені дамытуға және оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған бірлескен жоспарының арқасында іске асырылып отыр.«Балдәурен» орталығына жіберілген кезде көп балалы және толық емес отбасыдан шыққан шалғайдағы гарнизондарда әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің балаларына басымдық беріледі. Ерекше білім берілуі қажет балаларға да демалыс ұйымдастырылады. Қазіргі уақытта орталыққа және оның филиалдарына әр түрлі гарнизондардан 72 оқушы келді. Биыл демалуға балалардың төртінші легі келіп отыр.– Ақтөбе қаласынан біз L-410 жеңіл көліктік ұшағымен елордаға ұштық, ары қарай автобуспен бізді Щучинск қаласына жеткізді. Мен Қазақстан ішінде ұшқанмын, алайда әскери ұшақпен алғаш рет ұшып тұрмын. Өте қызықты болды. Мұнда зерігуге уақыт жоқ екеніне сенімдімін, – деді 9 сынып оқушысы Нұрдәулет Бауыржанов.Естеріңізге сала кетелік, «Балдәурен» орталығында балалардың демалысын ұйымдастыру бағдарламасы әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдың отбасыларын қолдауға бағытталған. Балалардың орталықтағы демалысы 20 күнге созылады.Демалыс аяқталғаннан кейін оқушыларға арналған оқу бағдарламасы бойынша сабақтар ұйымдастырылады. Одан өзге балаларды әскери бөлімдерге апарып, онда түрлі әскери мамандықтармен таныстырады, әскери техниканы, қару-жарақты, әскери қызметшілердің жарақтары мен жабдықтарын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/962516?lang=kk
Маңғыстауда ҚАЖД-да "Шаңырақ күні" аталып өтті 29.03.2025
Маңғыстау облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде «Шаңырақ күні» мерекесіне орай №77 мекеме (тергеу изоляторы) режим және күзет бөлімінің бақылаушысы, әділет сержанты Қуаныш Тәңірбергеновке ерекше құрмет көрсетілді.ҚАЖ саласында үш жылға жуық қызмет атқарып келе жатқан Қуаныш жақында отбасын құрып, жаңа өмірге қадам басты. Мекеме басшылығы мен әріптестері жас отбасыға құттықтау білдіріп, берекелі, бақытты өмір тіледі. Ұжым атынан естелік сыйлық табысталып, ҚАЖ жүйесіндегі қызметкерлердің отбасы институтын нығайтуға бағытталған қолдау көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/962514?lang=kk
Маңғыстауда сотталғанның жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылды 29.03.2025
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД Жаңаөзен қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғанға қатысты сот үкімі шықты.Ұрлық жасағаны үшін 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған азамат пробация бақылауында болған уақытында уақтылы тіркеуге келмей, сот белгілеген талаптар мен шарттарды бірнеше рет бұзды. Осыған байланысты пробация қызметі сотқа жазаны бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныс жолдады.Сот шешімімен сотталғанның жазасы өзгертіліп, ол сот залында қамауға алынды. Жазаның қалған бөлігін Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.Пробация қызметі сотталғандардың құқықтық тәртіпті сақтауын қатаң бақылап, заң талаптарын бұзған жағдайда тиісті шаралар қабылдайтынын ескертеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/962513?lang=kk
«Шуақты Наурыз бояулары» 29.03.2025
2025 жылдың 19-27 наурызы аралығында Наурызнама аясында музей-қорық «Император» сауда кешенінде ШҚО Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтарына «Шуақты Наурыз бояулары» көрмесін өткізеді. Көрмеге қазақ киіз үйінің ішкі жабдықтары мен көне және заманауи қазақ сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдары қойылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/962502?lang=kk
Қармақшыда көктемгі көгалдандыру акциясы өтті 29.03.2025
Бүгін Наурызнама он күндігі «Тазару күнімен» қорытындыланып, еліміз бойынша ағаш отырғызу акциялары мен жаппай сенбіліктер ұйымдастырылды.Қармақшы ауданында өткен экологиялық шара аясында жастар саябағында көшеттер отырғызылып, санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді. Акцияға аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат төрағасы, мекеме және кәсіпорын басшылары, ардагерлер, жастар мен үкіметтік емес ұйым өкілдері белсенді қатысты.Аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Әбділәмитұлы шараға қатысушыларды Наурыз мерекесімен құттықтап, бұл игі бастаманың табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті дамытудағы маңызын атап өтті. Сонымен қатар, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Шегебай Құндақбаев бата беріп, шараның берекелі болуын тіледі.Шара барысында 100-ге жуық жас көшет егілді. Сонымен қатар, акция ауданның барлық елді мекендерінде жалғасын тауып, жалпы 300-ден аса ағаш отырғызылып, көктемгі сенбілік жұмыстары қарқынды жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/962472?lang=kk
Қармақшыда Әз-Наурыз мерекесіне орай гала-концерт өтті 29.03.2025
Қармақшы ауданында Әз-Наурыз мерекесіне орай кең көлемде мәдени шаралар ұйымдастырылып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады. Айтулы мереке аясында аудан орталығында гала-концерт өтіп, жергілікті өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар өз өнерлерін ортаға салды.Концерт барысында көнеден жеткен ұлттық өнер мен заманауи музыканың үйлесімі, дәстүрлі әндер, күй және би қойылымдары көрермен назарына ұсынылды. Аудан тұрғындары мен қонақтары ұлыстың ұлы күніне арналған әсерлі кештің куәсі болды.Мерекелік шара соңында от шашу ұйымдастырылып, түнгі аспанды түрлі түсті шамдармен көмкерді. Көктемнің шуағын ала келген Әз-Наурыз аудан жұртшылығына шаттық сыйлап, мейрамның мәні мен сәнін айшықтай түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/962464?lang=kk
Қармақшы ауданында тағы бір дене шынықтыру- сауықтыру кешені іске қосылды 29.03.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қармақшы ауданына жұмыс сапары барысында Ақай ауылындағы дене шынықтыру- сауықтыру кешенінің ашылуына қатысты. Салтанатты шараға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, аудан тұрғындары қатысты.Аймақ басшысы жұртшылықты мерекемен құттықтап, мұндай кешендердің көбейгені халықты спортпен шұғылдануға ынталандыратынын атап өтті.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Бұқаралық спортты дамыту арқылы біз кәсіби спортқа жол ашамыз және ең бастысы, ұлт саулығын жақсартамыз», – деген болатын. Тұрғындар спортты күнделікті өмір салтына айналдыру үшін осындай кешендердің саны артып келеді. Өткен жылы қазан айында Қызылорда қаласында "Үстел теннисі" орталығы пайдалануға берілді. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 11 мың орындық Орталық стадион мамыр айында ел игілігіне табысталады. Жақын күндері көпбейінді «Қызылорда Арена», дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталады. Жыл басынан бері Қармақшы ауданының ІІІ Интернационал, Дүр Оңғар елді мекендерінде, Сырдария ауданының Бесарық ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылды. Дәл осындай спорт кешені күні кеше Шиелі ауданының Жақаев ауылында пайдалануға берілсе, ертең Жалағаш ауданында іске қосылады. Бүгін Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Ақай ауылындағы жаңа спорт кешенін табыстауға жиналдық. Халқымызда «Дені саудың – жаны сау» деген жақсы сөз бар.Ауыл жастарының спортпен шұғылданып, байрақты бәсекелерде, дүбірлі додаларда еліміздің, аймағымыздың атын асқақтатуына тілектеспіз. Жаңа спорт ғимараты құтты болсын! Баршаңызды жыл басы - Наурыз мейрамымен шын жүректен тағы да құттықтаймын!», -деді Нұрлыбек Машбекұлы.Рәсімде Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен ғимаратты салып, ел игілігіне табыстаған құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов құттықтау сөз сөйледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/962462?lang=kk
Әскери қызметшілерге ақшалай үлес пен жәрдемақы төлеу қағидаларына өзгерістер енгізіледі 29.03.2025
Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаменті «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай үлес, жәрдемақылар мен өзге де төлемдерді төлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 255 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасын әзірледі.Нормативтік құқықтық актінің жобасы оның нормаларын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.Құжатта сонымен қатар кейбір қолданыстағы нормалар нақтыланған және егжей-тегжейлі көрсетілген.Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында ағымдағы жылдың 4 сәуіріне дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15493822 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/962459?lang=kk
Қармақшыда «Төрлет, Наурыз!» атты мерекелік шара өтті 29.03.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қармақшыда «Төрлет, Наурыз!» атты мерекелік шара өтті. Жиынға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматов, зиялы қауым өкілдері, ел ағалары, аудан тұрғындары қатысты.Орталық алаңға қолөнер және тарихи жәдігерлер көрмесі қойылып, ұлттық ойындардан сайыстар, қыз бен жігіт айтысы ұйымдастырылды. Аймақ басшысы тұрғындарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.«Биыл - еліміз, өңіріміз үшін мерейтойлар жылы! Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл, Қызылорданың Қазақ елінің астанасы болғанына 100 жыл, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Байқоңыр ғарыш айлағының ашылғанына 70 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы кең көлемде аталып өтеді. Жақында ғана Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі 5-ші отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды. Алқалы жиынды Сыр елінде өткізу туралы қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты. Президентіміз халқымыздың «қазақ» деген байырғы атауы қайтарылған, тарихи әділдік орнаған Қызылордадағы маңызды оқиғалар ел жадында сақталуға тиіс екенін атап өтті. Бұл – біз үшін зор мәртебе, Президентіміздің Сыр өңіріндегі атқарылып жатқан жұмыстарға берген оң бағасы. Ұлыстың ұлы күніндегі игі тілектеріңіз қабыл болсын! Істеріңіз жемісті, еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай! Әр шаңыраққа бақ-береке, шаттық, қуаныш орнасын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Әз Наурыз құтты болсын!», - деді Нұрлыбек Машбекұлы.Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы көрсеткіштерге, алда атқарылатын ауқымды жұмыстарға тоқталып өтті.Қармақшылықтардың Табиғат-ана түлеп, тіршілік түрленген кезеңдегі барлық бастамаларына сәттілік тіледі.Жиында ауданның дамуына үлес қосқан белсенді азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемов сөз сөйлеп, халықты мерекемен құттықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/962458?lang=kk