Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Отандастарымыздың зейнетақы активтері бір жыл ішінде 4,18 трлн теңгеге артты 30.03.2025
2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 22,68 трлн теңгеден асты. Соңғы 12 ай ішінде зейнетақы активтері шамамен 4,18 трлн теңгеге (немесе 22,6%) артты.Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары 2025 жылдың 1 наурызына 21,71 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсімі – 21,4%. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары – 650,69 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 10,3%. Өткен 12 ай ішінде ең үлкен өсімді (42,8%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, оның көлемі – 8,14 млрд теңге.Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 310,13 млрд теңгеден асты.Кіріс2025 жылдың алғашқы 2 айында салымшылардың шоттарына 497,33 млрд теңгеден аса зейнетақы жарнасы түсті (өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өсім 19,9% немесе 82,46 млрд теңгеге артық).МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл басынан бері 01.03.2025 жылға дейін шамамен 416,04 млрд теңге (бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% артық) түсті, МКЗЖ  - 22,41 млрд астам теңге (өсім 10,8%), ЕЗЖ – 600,34 млн теңге (өсім 17,2%).  2025 жылдың 2 айындағы ЖМЗЖ  көлемі – 58,28 млрд теңге. Төлемдер мен аударымдар2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар түріндегі шығыс ағындары шамамен 260,32 млрд теңгеден асты. Бұл былтырғы сәйкес кезеңдегі төлемдер көлемінен 129,49 млрд теңгеге немесе 99% көп.Шамамен 157,89 млрд теңге - тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ).Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 36,98 млрд теңгеден асады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 18,8% жоғары. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты берілетін орташа айлық төлем – 35 616 теңге.Сондай-ақ, осы кезең ішінде мұрагерлік бойынша төлемдер – 11,93 млрд аса теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – шамамен 5,99 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 551,18 млн аса теңге, жерлеуге төлемдер – шамамен 1,85 млрд теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына шамамен 45,13 млрд теңге аударылды. ЖЗШ саны2025 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны - 17,36 млн бірлік. Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 наурызына  12,53 млн бірлікке жуықтады. Оның ішінде: 11,16млн - МЗЖ бойынша, 724,04 мыңы - МКЗЖ бойынша, 444,64 мыңы - ЕЗЖ есептелетін шоттар.Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  4,83 млн бірліктен асты.  Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соның ішінде республика өңірлері бойынша мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.  БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha/press/news/details/977817?lang=kk
Ибрагим Магомадов Қазақстанға күрестен Азия чемпионатының алғашқы медалін әкелді! 30.03.2025
Құрлықтық біріншілік 25-30 наурыз аралығында Иордания астанасы Амманда өтуде. Жарыс түрі грек-рим, әйелдер күресі және еркін күрес.Ұзақ уақыт бойы Иран Азия аренасында жекпе-жектің бұл түрінде үстемдік етті, бірақ соңғы жылдары Жапония көшбасшылық позициясын жеңіп алды. 2024 жылғы Олимпиада ойындарында бұл елдің өкілдері сегіз алтын жүлдеге ие болды,  мамандардың пікірінше, олар Иорданияда да жалпы командалық есепте үздік болуы мүмкін.Сонда да біз, өзіміздің спортшыларымызға жанкүйерлік етудеміз! Азия чемпионаты грек-рим күресінен басталды. Осы түрдегі алғашқы медальді Қазақстанға қарағандылық спортшы Ибрагим Магомадов әкелді. Үшінші орын үшін 77 келі салмақ дәрежесінде күрескен біздің жерлесіміз Амро Садеден (Иордания) мықты болып шықты. Нәтижесінде «қола» Магомадовта!Балуан мен оның жаттықтырушыларын жеңісімен құттықтаймыз! Біз бүгін әйелдер күресінен Азия чемпионатының медалі  үшін күресіп жатқан аты аңызға айналған Эльмира Сыздықова үшін тақым қысудамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/963082?lang=kk
Қазақстанда ауыл әкімдерінің өкілеттігін кеңейту жоспарда бар 30.03.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау жүйесі енгізілді. 2021-2024 жылдар аралығында 2 641 әкім сайланды, олардың шамамен 70%-ы осы лауазымға алғаш рет келді. Жалпы, ауыл әкімдерінің 97%-дан астамы сайланды. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков мәлімдеді.Сондай-ақ оның айтуынша, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен «Аманат» партиясы министрліктің қолдауымен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерін қайта даярлау бағдарламасын әзірледі.Жобаның негізгі мақсаттары – жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін тиімді шешу және әкімдердің кәсіби және басқарушылық құзыреттерін арттыру есебінен тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету.Оқыту қорытындысы бойынша қатысушы ауылдық округтердің Экономикалық даму бағдарламаларын әзірлейді. Қазіргі уақытта бағдарлама аясында еліміздің 17 өңірінен 1 815 ауыл әкімі білім алуда. Бұдан бөлек, ауылдық округ әкімдерінің өкілеттіктерін кеңейту мақсатында мынадай шаралар ұсынылады:- әкімдерге азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің белгіленген жүйесі бойынша еңбек шарты шеңберінде жұмыскерлерді жалдау құқығын беру;- халыққа ақылы қызмет көрсету құқығымен арнайы техника мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға рұқсат беру;- әкімдер мен олардың аппараттарының көше саудасын мониторингілеу, қоғамдық орындарды абаттандыру, балалар ойын алаңдарын пайдалануды бақылау, ақылы қызметтер көрсету және басқа да мәселелер бойынша өкілеттіктерін кеңейту.«Бұл инновациялар Парламент Мәжілісінің депутаттарымен қосымша пысықталатын болады», – деп толықтырды спикер. Бауыржан Омарбеков атап өткендей, тағы бір өзекті мәселе – ауыл бюджетінің кіріс көздерін кеңейту. Қазіргі уақытта бюджеттің 4 деңгейіндегі кірістер салық түсімдерінің 8 түрі және аудандық бюджеттен түсетін түрлі түсім, айыппұлдар мен трансферттер есебінен қалыптастырылады. 4 деңгейдегі кірістер енгізілген сәттен бастап кірістер екі есеге өсті. Мәселен, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 4 деңгейдегі бюджеттің жоспарлы түсімдері 308 млрд теңгені құрады, ал іс жүзінде 320 млрд теңге түсті, бұл жоспардан 103,8%-ға жоғары. Бұл ретте вице-министр ауылдық бюджеттердің қаржылық дербестігін арттыру қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты келесі түсімдерді беру есебінен ауылдық округтер бюджетінің кіріс көздерін кеңейту ұсынылады:- заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығының бөліктері;- су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер;- белгілі бір қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;- белгілі бір қызмет түрлеріне лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемдер.Бұдан бөлек, Бюджет кодексінің жаңа жобасы шеңберінде 4 деңгейдегі бюджетке кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты беру жоспарлануда. Осылайша, 4 деңгейдегі бюджеттің өз кірістерін 4 есеге – 68 млрд теңгеден 263 млрд теңгеге дейін ұлғайту күтілуде. Ауылдық бюджеттердің кіріс көздерін кеңейту жөніндегі жұмыс жалғасады. https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/963078?lang=kkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/964454?lang=kk
Сырдариялықтар "Армысың, әз Наурыз" атты мерекелік іс-шарада бас қосты 30.03.2025
Сырдария ауданында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік шара өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, аудан тұрғындары қатысты.Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтап, атқарылған жұмыстарға тоқталды.​«Өздеріңізге белгілі, өткен жылы Үкімет басшысы Олжас Абайұлы Бектенов облысқа жұмыс сапарымен келіп, әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Сырдария ауданына қарасты Бесарық ауылындағы «Ауыл аманаты» жобасының нәтижелеріне, аймақ дамуына оң бағасын берді. Бұл – бәрімізге ортақ жетістік.Өңіріміздегі ауылдарды дамыту бағытындағы жұмыстардың озық тәжірибесін кеңінен тарату мақсатында Нағи Ілиясов ауылында республикалық семинар-кеңес өтті. Семинарға Ауыл шаруашылығы министрі, еліміздің барлық өңірінен облыс әкімдерінің орынбасарлары, ірі шаруашылық құрылымдарының басшылары қатысты. Кеңесте аграрлық саладағы мәселелер талқыланып, өңір жетістіктері өзге аймақтарға үлгі етілді.Негізінен аудан халқы 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Тереңөзек кенті, Шаған, Қоғалыкөл, Аманкелді ауылдарында 14,5 шақырым ауыз су құбыры қайта жаңғыртудан өтті. Мұнан бөлек, тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында да біршама жұмыс атқарылды. Сәкен Сейфуллин және Асқар Тоқмағанбетов ауылдары газдандырылып, аудан халқын табиғи газбен қамту деңгейі 45 пайызға жетті. Әрине, бұл – өткен жылы атқарылған және биылға жоспарланған жұмыстардың бір бөлігі ғана.Осы жылы да өздеріңіздің қолдауларыңызбен аудан халқының игілігіне бағытталған бастамалар іске асады. Бастысы – елдің тыныштығы мен береке-бірлігі. Істеріңіз жемісті, еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай! Әр шаңыраққа бақ-береке, шаттық, қуаныш орнасын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!», – деді Н.Нәлібаев.Мерекелік шарада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар азамат облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев құттықтау лебізін жеткізді.Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сырдария ауданының құрметті азаматы Жеңіс Ысқақова, «Қазақстан дауысы» мегажобасының жеңімпазы Құралай Мейрамбек ән шырқады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/963075?lang=kk
Ауылдық жерлерде шағын индустриалды аймақтар құру көзделген 30.03.2025
2023-2024 жылдары ауылдарды дамытуға барлық көздерден 2 трлн теңгеге жуық қаражат бөлінді. Оның есебінен қоғамдық, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар іске асты. Қазіргі таңда еліміздің Ұлттық экономика министрлігі ауылдық аймақтарды кешенді дамыту үшін мемлекеттік қолдау шараларын, оның ішінде «Ауыл аманаты» және «Ауыл – Ел бесігі» жобаларын біріктіру бойынша жұмыстар атқарып жатыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында айтты.Оның мәлімдеуінше, ең алдымен бұл жобаларды даму әлеуеті жоғары ауылдарда іске асыру ұсынылып отыр. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы  аясында 2019 жылдан бастап ауылдардың инфрақұрылымын дамытуға 701 млрд тенге қаржы бөлінді. Оған 2,2 мың ауылда 6,6 мыңға жуық жоба іске асырылды. Нәтижесінде 5,3 мың шақырым көлемінде инженерлік желілер, сондай-ақ 7,9 мың шақырым ауылішілік жолдар жаңғыртылды, сонымен қатар бірқатар әлеуметтік нысан жаңадан салынды және қайта жаңғыртылды. Биыл 500-ге жуық ауылдық аумақта 900-ден астам жобаны іске асыруға 176,4 млрд теңге бюджеттен бөлініп отыр», – деді вице-министр.«Ауыл аманаты» жобасы да маңызды бастама болып табылады. Оның аясында объектілерде инженерлік инфрақұрылымды жүргізу, кәсіпкерлерді оқыту, сақтау, өңдеу және өткізу бойынша мемлекеттік қолдаудың жаңа құралдары енгізіліп жатыр. Сондай-ақ алдағы уақытта шағын индустриалды аймақтар құру мәселесі пысықталып жатыр. Ауылдарда кадр тапшылығын шешу үшін «Дипломмен ауылға» жобасы іске асырылуда. Болашақта елді мекендерге қажетті мамандықтар тізімін кеңейту көзделген. Жобаларды синхронды іске асыруды тиімді қамтамасыз ету және мамандандыруды айқындау мақсатында скрининг жасалды. Скрининг деректері негізінде «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру үшін басым бағыттар мен инфрақұрылымдық қажеттілік айқындалды.Әкімдіктердің бюджеттік өтінімдерін қарау кезінде барлық фактор ескеріледі. Кооператив құруға, қайта өңдеу, ауыл шаруашылығына жатпайтын қызмет түрлерін, өнім өндірудің бүкіл циклін көздейтін жобаларға басымдық беріледі. Қатысушылардың өтініш берген сәтінен бастап микрокредитті алғанға дейінгі процестерді сүйемелдеу мақсатында автоматтандыру жүйесі жетілдіріліп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/963070?lang=kk
Қазақстан мен Қытай екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуда 30.03.2025
Астана, 2025 жылғы 26 наурыз – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қытай Коммунистік партиясының Орталық комитеті Халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Лю Цзяньчаомен келіссөздер жүргізді.Кездесу барысында тараптар қазақ-қытай стратегиялық ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ықпалдасудың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.Сұхбаттастар елдер арасындағы саяси қатынастар дамуының оң динамикасын атап өтті. Қазақстан мен Қытай мемлекет басшыларының кездесулері барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруға, сондай-ақ алдағы биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесіне ерекше назар аударылды.«Қазіргі уақытта елдеріміздің қарым-қатынасы өзінің ең жақсы кезеңін бастан өткеруде және үлгілі сипатқа ие. Ізгі көрші әрі сенімді серіктес ретінде біз шынымен көпқырлы және өзара тиімді байланыстарды қалыптастыра алдық», – деп атап өтті Қазақстан СІМ басшысы.Бұған қоса сауда-экономикалық, инвестициялық және транзиттік-көліктік ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, сондай-ақ жоғары технологиялар саласындағы өзара ықпалдасуды дамыту және Қазақстаннан Қытайға шикізаттық емес экспортты арттыру мәселелері талқыланды.Сондай-ақ Министр Қытай Қазақстанның ең ірі сыртқы сауда серіктесі екенін атап өтті, өткен жылы екіжақты тауар айналымы рекордтық 43,8 миллиард АҚШ долларына жетті және тұрақты түрде еліміздегі бес ірі инвестордың қатарына кіреді. Бүгінде қазақ-қытай инвестициялық жобаларының пулында жалпы құны шамамен 66,4 миллиард АҚШ долларын құрайтын 224 жоба бар, бұл шамамен 50 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.Кездесу соңында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты және көпжақты құрылымдар, оның ішінде БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және «Орталық Азия-Қытай» форматы шеңберінде тығыз үйлестіру мен өзара ықпалдасуды жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/963016?lang=kk
Аймақтық туризмді дамыту: жаңа жобалар мен келешек перспективалары 30.03.2025
Қазақстанда туризм саласын дамыту жөніндегі жұмыстар жалғасуда, ол еліміздегі ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады. Мемлекет басшысы осы саладағы одан әрі даму үшін бірқатар маңызды қадамдарды белгілеп, туризмді еліміздің экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі ретінде атап өтті. Үлкен Нарын ауданында да туризмді дамытуға бағытталған бірқатар жобалар белсенді жүзеге асырылуда.Облыс әкімі Н. Сақтағанов аудандық орталықтар мен ауылдарда туризмді дамыту қажеттігін атап өтті. Бұл бағыттағы маңызды қадамдардың бірі Үлкен Нарын ауданының әкімдігі мен «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамының бірлескен жобасының іске қосылуы болды. Осы жоба аясында жаңа жол бойындағы сервис ашылды, ол ауданның инфрақұрылымын айтарлықтай жақсартып, туризмді дамытуға қосымша мүмкіндіктер тудырады.Жол бойындағы сервис келесі қызметтер ұсынылады:- әр түрлі кофе түрлері мен қоспалар ұсынылатын экспресс-кафе;- дәстүрлі рецепт бойынша дайындалған жаңа піскен нан-тоқаш өнімдері;- азық-түлік және күнделікті қажетті заттар сатылатын дүкен;- көп орындық әжетханалар, мүгедектер үшін арнайы санитарлық бөлмелер;- аналар мен балаларға арналған бөлме;- намаз оқуға арналған арнайы бөлме.Алдағы уақытта осындай жоба аудан орталығынан 50 км қашықтықта орналасқан Солдатово ауылында іске асырылуы жоспарлануда. Бұл жоба инфрақұрылымды жақсартудан бөлек, жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға мүмкіндік береді.Туризм саласын белсенді дамыту мақсатында, алдағы уақытта туризмді дамытуға тағы бір маңызды қадам ретінде туристік алаңдарды құру жоспарлануда. Олар туристер үшін ауданның әсем табиғатын тамашалауға мүмкіндік береді және ауданның туристік әлеуетін арттырады. Бұл жоба экономикалық өсімді ғана емес, жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын да жақсартуға, туристер мен инвесторларды ауданға тартуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/962982?lang=kk
2,5% несиелер: «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға қалай көмектеседі 30.03.2025
Ауыл шаруашылығы ел экономикасындағы басым салалардың бірі болып табылады. Ауылдық жерлерде Қазақстан тұрғындарының 38%-ы тұрады, бұл шамамен 7,6 млн. адамды құрайды. Кірістерді арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру мемлекеттік саясаттың басым міндеттері болып табылады. Осыған байланысты, Президенттің тапсырмасы бойынша 2023 жылы іске қосылған «Ауыл аманаты» бағдарламасы көптеген адамдар үшін өз бизнесін бастауға, оны дамытуға, өз өңірінің дамуына үлес қосуға мүмкіндіктер ашуда. «Ауыл аманаты» – «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына кіретін бірегей жоба. «Ауыл аманаты» бағдарламасы кәсіпкерлікті дамыту үшін, әсіресе мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы салаларында жеңілдікті кредиттер беру арқылы ауылдық жерлер мен шағын қалалардың тұрғындарын қолдауға бағытталған. Несиелер жылдық 2,5%-бен 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін беріледі. Қарыздың ең жоғары сомасы 2,5 мың АЕК-ке дейін, ал ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін-8 мың АЕК-ке дейін құрайды. 2025 жылы жаңа шағын несие беруге және 8,1 мың жұмыс орнын құруға 50 млрд теңге қарастырылған. Рәсімдердің ашықтығын, өтінімдерді өңдеуді біріздендіруді және деректердің егжей-тегжейлі мониторингін қамтамасыз ететін микрокредиттеудің ақпараттық жүйесін енгізу жоспарлануда. Жүйе мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланатын болады, бұл бағдарлама жұмысының тиімділігін арттырады және өтінім беру мен кредит алу үдерісін жеделдетеді. 2023-2024 жылдары Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 120 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат 107,9 млрд теңге сомасына 16,2 мыңнан астам шағын несие беруге мүмкіндік берді, 17,8 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері өңірлерде 540-тан астам ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды, олардың 537-сі 12,1 млрд теңге сомаға қаржыландыруды алды. Бағдарламаның негізгі элементі облыс әкімдіктеріне қосымша бюджет қаражатын тартпай, кәсіпкерлікті дамыту және кірісті ұлғайту үшін ауыл тұрғындарының шағын несиелерге қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік беретін револьверлік кредиттеу тетігі болып табылады. Қарыз алушылар револьверлік әдіспен қайтарған қаражат есебінен қосымша 7 млрд теңге сомасына 1 мыңға жуық микрокредит берілді. Бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері қатысушылар 1,2 млрд теңге сомасына салық төледі. Ақтөбе, Түркістан және Жамбыл облыстары көшбасшы болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-karzhy/press/news/details/963085?lang=kk
Казахстан мен Таиланд ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған 30.03.2025
Бангкок, 2025 жылғы 21 наурыз – Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Арман Исетов Таиланд СІМ-нің Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс және Африка істері департаментінің Бас директоры Сасирит Тангулратпен кездесті.Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері, соның ішінде жоғары деңгейдегі сапарларды ұйымдастыру, екі ел арасындағы сауда мен инвестиция, логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, даму көмегі, көпжақты форматта бірлескен жұмыс салаларындағы ағымдағы нәтижелер талқыланды.Тараптар барлық бағыттар бойынша қол жеткізілген елеулі нәтижелерді, сондай-ақ екі ел арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға деген жоғары саяси қолдауды және мақсатты бағытты атап өтті.Кездесудің нәтижесінде тараптар белгіленген мақсаттарды жүзеге асыруға нақты жоспарларды анықтады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/962930?lang=kk
Былтыр ауылдарды дамытуға тартылған инвестиция көлемі 8 трлн теңгеге жуықтады 30.03.2025
Елімізде ауылдық аймақтарды дамыту үшін Үкімет тарапынан бірқатар шара қолға алынды. 2025 жылғы деректерге сәйкес республикада 6179 елді мекен бар, мұнда 7 жарым млн халық өмір сүріп жатыр. Былтыр ауылдық жерлерде негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 7,9 трлн теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы саласында бір жұмысшыға шаққанда еңбек өңімділігі соңғы бес жылда 2 есеге өсіп, 4,2 млн теңгеге жетті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков ОКҚ брифингінде хабарлады.Оның айтуынша, 2019 жылдан бастап түрлі елді мекеннің инфрақұрылымын дамыту мақсатында Өңірлік стандарттар жүйесі іске асырылуда. Бұл жүйе әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігінің нақты көрсеткіштерін, халықты көліктік, мәдени-спорт, іскерлік, өндірістік, цифрлық қызметтермен қамту деңгейін көрсетеді. «Аталған жүйенің нәтижесіне сәйкес, 2024 жылы орташа қамтамасыз ету деңгейі 65,8%-ды құрады, ол 2022 жылмен салыстырғанда 3,6%-ға өсті. Қамтамасыз ету деңгейі жоғары немесе қамтамасыз ету деңгейі орташа ауылдардың санының артып келе жатыр. Нақты айтсақ, қамтамасыз ету деңгейі жоғары, яғни 80%-дан асқаны 1435 бірлікке шығып отыр. Бұл 2023 жылға қарағанда 119 ауылға артып отырғандығын көрсетеді. Ауылдарды ауыз сумен қамту деңгейі 97,8%-ға, электр қуатымен қамту деңгейі 99,8%-ға жетіп отыр», – деді спикер. Бүгінде Министрлік тарапынан 2023-2027 жылдарға арналған Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы жүзеге асырылуда. Бұл құжат ауыл өмірінің әртүрлі саласын қамтитын бірқатар бағдарламалық құжаттың ережелерін біріктірді, соның ішінде «Жайлы мектеп», «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту», «Ауыл – Ел бесігі»,«Ауыл аманаты», «Дипломмен ауылға», Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы, Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың тұжырымдамасы, «Бір ауыл-бір өнім» жобалары бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/962921?lang=kk
Астананың әскери мұражайында қазақ батырларының қаруды қастерлеу дәстүрі туралы айтылды 30.03.2025
 ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Әскери-тарихи мұражайының "Көне заман-ХІХ ғасыр" залында жауынгерлік қару түрлері туралы "Бес қару" атты дәріс-көрме өтті.Дәрісті елордадағы техникалық колледж студенттері мен Ақмол кентіндегі 44813 әскери бөлімінің мерзімді қызмет сарбаздары үшін эксперименталды археолог блогер Нұрқожа Ерсайын өткізді.  Жас тарихшы Н. Ерсайын XV-XIX ғасырлардағы Қазақ хандығы жауынгерлерінің түрлі қару түрлері туралы егжей-тегжейлі айтты. Ол қазақ батырларының "Бес қару" қару-жарақ кешеніне кеңірек тоқталды.– Қазақта "Ер қаруы – бес қару" деген сөз бар. Жауынгер оған ие болуы керек. Бұл – найза, садақ, қылыш, шоқпар, айбалта.Бұрынғы кезде қарудың бір түрін пайдалануды өте шебер меңгерген жауынгерлерді бір топқа біріктіріп, арнаулы садақшылар, найзагерлер, семсершілер қосындары бөлек-бөлек құрылып, оларды қажетіне қарай қолдану әдісі соғыс тактикасын анықтаған, – деді Н. Ерсайын.Бес қару қасиетті  саналған. Оған байланысты көптеген дәстүрлер бар. - Батырлар тек әскери істермен айналысқан. Ұрыста өлу - олар үшін мәртебе. Жауынгер отбасында дүниеге келген бала әкесінің ісін жалғастыруға міндетті болған. Батырлар өз жерін сыртқы жаудан қорғап, ішкі тәртіпті сақтаған, – деп қорытындылады дәріскер.Нұрқожа Ерсайын Қазақ батырлары қолданған атыс қаруының алғашқы түрлері туралы да қысқаша айтып берді. Іс-шараны әскери мұражайда өткізудің арқасында тыңдаушыларға өткен ғасырлардағы жауынгерлердің қарулары туралы біліп қана қоймай, олардың ежелгі үлгілерін көруге де мүмкіндік берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/962915?lang=kk
Малайзия бизнесі Қазақстанмен ынтымақтастықты жандандыруда 30.03.2025
Куала-Лумпур, 2025 жылғы 21 наурыз - Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Б. Сүгірбаев Малайзияның Ұлттық сауда және өнеркәсіп палатасының (NCCIM) басшылығымен кездесу өткізді.Келіссөздер барысында Қазақстан мен Малайзия арасындағы іскерлік белсенділікті ілгерілету, сондай-ақ Орталық Азия мен АСЕАН нарықтары арасындағы логистикалық байланыстарды нығайту бойынша нақты қадамдар талқыланды. Тараптар Қазақстан-Малайзия Іскерлік кеңесінің жұмысын жандандыруға уағдаласты, сондай-ақ Үкіметаралық комиссия мәртебесі аясында жұмыс істейтін Бірлескен сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комитеттің (БСЭК) кезекті отырысын дайындауға NCCIM қатысу мәселелерін қарастырды.Кездесу барысында көлік байланысын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. NCCIM өкілдері жолаушылар мен жүк логистикасын дамыту, оның ішінде Қытай Халық Республикасы арқылы тікелей әуе қатынасы мен теміржол маршруттарын іске қосу маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, олар Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданына жасаған соңғы сапарының нәтижелерімен бөлісіп, бұл өңірдің АСЕАН нарықтарымен жоғары деңгейдегі логистикалық байланысын ерекше атап өтті.Туристік алмасуды дамыту тұрғысында NCCIM өкілдері Малайзия мен Қазақстан арасындағы тікелей әуе рейстерінің маңыздылығын баса айтты. Бұл өз кезегінде туризм мен іскерлік байланысты дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.Малайзияның Ұлттық сауда және өнеркәсіп палатасының басшылығы малайзиялық кәсіпкерлер тарапынан Қазақстанға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өтіп, екі елдің іскерлік топтары арасындағы байланысты кеңейтуге белсенді қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.Тараптар ынтымақтастықтың барлық негізгі бағыттары бойынша одан әрі іс-қимылдарды айқындады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/962887?lang=kk
KazAID гуманитарлық көмекті жүйелейді 30.03.2025
KazAID туралы БАҚ не дейді?«2020 жылдың желтоқсанында Қазақстан халықаралық даму агенттігі – KazAID-ты құрды. Агенттіктің мақсаты – Орталық Азия мен Ауғанстанға басымдық бере отырып, ресми даму көмегі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. KazAID гуманитарлық көмекті жүйелейді, серіктес мемлекеттермен саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтады, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін орындауға ықпал етеді», – деп мәлімдеді Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының мемлекет және құқық институтының аға ғылыми қызметкері Равшан Назаров Kazinform агенттігіне берген сұхбатында.Толық сұхбатты сілтеме арқылы оқи аласыз:🔗 https://www.inform.kz/kz/kazakstan-ortalyk-aziyanyn-geosayasiy-manyzyn-basaytady-ekspert-f9eb53 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/962881?lang=kk
Сотталғандарға есірткі қылмыстары бойынша жазаға енгізілген өзгерістер түсіндірілді 30.03.2025
«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысы прокуратурасымен түзеу мекемесі әкімшілігімен бірлесіп көшпелі кеңес өткізіліп, есірткі және психотроптық заттарды сатқан сотталғандармен кездесу ұйымдастырылды.Кездесу барысында облыс прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев сотталғандарға есірткі және психотроптық заттарды өткізуге байланысты қылмыстарға қатысты қылмыстық заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістерді түсіндірді.Бұл заңнамалық жаңашылдықтар өзекті болып табылады және синтетикалық есірткіні сатқан сотталғандарды қоса алғанда, көптеген сотталғандардың мүдделеріне әсер етеді.Заңнамадағы өзгерістер есірткі мен психотроптық заттарды өткізу, заңсыз сатып алу, тасымалдау, жөнелту және өткізу мақсатында сақтауға қатысты қылмыстық жауапкершілікті нақты ажыратуға, сондай-ақ заңсыз есірткі өндірушілеріне жазаны қатаңдатуға бағытталған.Жазаны даралау және оның жасалған қылмысқа сәйкестігі қағидаларын ескере отырып, заң шығарушы есірткі мен психотроптық заттарды сақтаған және таратқан, соның ішінде «қойып кетушілер» деп аталатын тұлғалар үшін бас бостандығынан айыру мерзімінің шекті деңгейлерін төмендетті.Нәтижесінде, бірқатар қылмыстар аса ауыр санатынан ауыр қылмыстар санатына ауыстырылды.Бұл колонияда жаңа ізгілендірілген нормаларға жататын 100-ден астам сотталушы жазасын өтеп жатыр, оларға жақын арада үкімдерді орындау аясында заң нормалары қолданылуы тиіс. Кездесу соңында облыс прокурорының бірінші орынбасары сотталғандарды жеке қабылдады.        #Заң_мен_Тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП #Жауапкершілік              Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/962873?lang=kk
Австриядан келген туристер Наурызнаманың Ынтымақ күніне орай, Үлкен Нарын ауданында өтіп жатқан Ұлттық ат спорты Көкпар жарысының қонағы болды. 30.03.2025
Наурыз мерекесі аясында Ынтымақ күні – екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайту және туристік саладағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан маңызды қадам болды. Австриядан келген туристер бұл шараға қатысып, Көкпар жарысынан алған әсерлерімен бөлісіп, жергілікті тұрғындардың қонақжайлығына таңқалғандарын айтты. Орталық Азияны аралап жүрген туристер Қазақстанның әсем табиғатына, мәдениетіне қатты қызыққандарын айтты. Осы орайда Үлкен Нарын ауданында өтіп жатқан ұлттық ат спорты Көкпарды тамашалады.Туристер Ұлттық ат спорты Көкпар жарысының қадірлі қонақтары болып, ауданның бай мәдениеті мен табиғатымен танысты. Бұл сапар австриялық қонақтар үшін ұмытылмас әсер қалдырғаны анық. Олар Қазақстанның ұлттық спорт түрі Көкпарды тамашалап, ат спортының қызықты тартысынан ләззат алды.Сонымен қатар, туристер Наурыз мерекесінің мәдени атмосферасын сезініп, ұлттық тағамдардан дәм татып, өзара достық қарым-қатынасты нығайтты. Австриялық туристер Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтап, өздерінің алғыстарын білдірді.Австриядан келген туристер бұл сапардың өздерінің көкжиектерін кеңейтіп, Қазақстанның қонақжайлылығын терең түсінуге мүмкіндік бергенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/962958?lang=kk
Талғар ауданында көктемгі егіс науқанына белсенді дайындық жүргізілуде 30.03.2025
Жоспарланған егістік алқабы шамамен 20 мың гектарды құрайды. Оның ішінде шамамен 50%-ы дәнді дақылдарға, 1800 гектарға жуығы майлы дақылдарға, 700 гектарға жуығы картопқа, 900 гектардан астамы көкөніс дақылдарына, 100 гектары бақтарға, ал мал азығы дақылдарына шамамен 5700 гектар бөлінген.Биылғы жылдың наурыз айынан бастап алқаптарда 12 мың гектар аумақта тырмалау және ылғал сақтау шаралары жүргізіледі. Жер жыртуға 7400 гектарға жуық жер бөлінсе, себу алдындағы өңдеу 13 мың гектардан астам аумақта жоспарланған.Күздік дәнді дақылдар шамамен 3 мың гектарды алып жатыр және олардың жағдайы қанағаттанарлық. Көктемгі науқанды жүргізу үшін аграршылар 600-ден астам трактордан тұратын ауыл шаруашылығы техникасын дайындады, оған тіркемелер, соқалар, культиваторлар, сепкіштер және басқа да жабдықтар кіреді. Шаруашылықтарда 18 млн теңге тұратын екі жаңа трактор іске қосылды, сондай-ақ Lovol маркалы төрт техниканы лизингке алу рәсімделуде.Өткен жылы аудан ауыл шаруашылығы техникасын жаңартты: жалпы құны 500 млн теңгеден асатын 47 техника сатып алынды. Биылғы маусымда 12 шаруашылық шамамен 800 тонна дизель отынына сұраныс берді, бұл ретте «Петрофон» компаниясымен тиісті келісімдер жасалып жатыр.Фермерлер 860 тоннадан астам минералды тыңайтқыштарға тапсырыс берді, жеткізушілер «ҚазАзот», «ҚазФосфат», «АгроМарт» және «Әлем Агро» компанияларымен келісімшарттар жасалды. «Кеңдала» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында ірі және шағын фермерлік шаруашылықтар 211 млн теңгеден астам сомаға өтінімдер тапсырды.Талғар ауданында суару жүйесіне ерекше назар аударылады. Негізгі су жеткізушілер – жергілікті су шаруашылығы өндірістік басқармасы және Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы. Өткен жылы үш каналдың қайта құру жұмыстарына 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.Биылғы жылдың ақпан айында өткен ауыл шаруашылығы оқулары аясында егістік науқанына дайындық және заманауи технологияларды, әсіресе су үнемдеу саласындағы технологияларды енгізу мәселелері талқыланды. Қазіргі уақытта 22,6 мың гектар суармалы жердің 4,6 мың гектары заманауи технологиялармен жабдықталған, алдағы жылдары бұл аумақ айтарлықтай ұлғайтылмақ.«Нұрбеков» фермерлік шаруашылығы «Спецконструкция» компаниясымен алдыңғы қатарлы суару жүйелерін орнату жөнінде келісім жасады. Басқа шаруашылықтар да су үнемдеу технологияларын кеңейту мақсатында жаңғырту бағдарламасына қосылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/962845?lang=kk
Қазақстан Елшісі Вьетнам Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасымен кездесті 30.03.2025
25 наурызда Қазақстан Республикасының Елшісі Қанат Тумыш Вьетнам Сауда-өнеркәсіп палатасының Президенті және Төрағасы Фам Тан Конгпен кездесті.Кездесуде тараптар Вьетнам Бас хатшысының Қазақстанға алдағы мемлекеттік сапарын, оның ішінде сауда, мәдениет, туризм, көлік және т.б. көптеген салалардағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.Тараптар Қазақстан мен Вьетнам арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың зор әлеуетін атап өтті. Елші Қанат Тумыш екі ел арасындағы экономикалық және мәдени ынтымақтастықты ілгерілетуге өзінің дайындығын растады, ал Фам Тан Конг мырза қазақстандық әріптестермен ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.Кездесу екі тарап үшін болашақта ынтымақтастықты бірлесіп дамытудың алғашқы қадамы болып табылады. Екі тарап Қазақстан-Вьетнам Іскерлік кеңесін құру арқылы екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал ете отырып, практикалық нәтижелерге қол жеткізуге үміттенеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/962835?lang=kk
Төлем тапсырмасының жаңа форматы туралы 30.03.2025
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесі хабарлайды.2025 жылғы 13 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстанның төлем жүйелерінің және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерінің, сондай – ақ төлем жүйелерінің басқа да қатысушыларының ISO 20022 төлем хабарламалары форматының халықаралық стандартына көшіруді жүзеге асырды.Төлем қатынастарының халықаралық форматтарына көшуге байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма – қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі-қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидалары) өзгерістер енгізілді.Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларымен бекітілген бюджетке төлемдер төлеуге арналған төлем тапсырмасының жаңа нысаны «нақты төлеуші» және "ақша жөнелтуші" бағандарын (қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша) қамтиды.Ережеге сәйкес заңды тұлғаның бюджетке төлемдер, сондай-ақ МЗЖ, МКЗЖ, МКЗЖ және СБ МӘСҚ-ға өзінің жеке бөлімшесі үшін аударымдар және (немесе) жарналар төлеген кезде "нақты төлеуші" бағанында міндеттемелері бойынша төлем жүзеге асырылатын заңды тұлғаның жеке бөлімшесінің атауы, ал «ЖСН (БСН)» бағанында оның БСН көрсетіледі.Қағидаларда сондай-ақ сот орындаушысы борышкердің міндеттемелері бойынша бюджетке төлемдерді атқарушылық іс жүргізу шеңберінде төлеген кезде «нақты төлеуші» бағанында төлем жүзеге асырылатын борышкердің Тегі, Аты, Әкесінің аты (ол болған кезде), сондай-ақ «ЖСН (БСН)» бағанында-оның ЖСН көрсетілетіні көзделген.Тиісінше, бюджетке төлемдер жоғарыда көрсетілген екі жағдайды қоспағанда, «ақша жөнелтуші» төлем тапсырмасының бағанында көрсетілген ЖСН/БСН бойынша салық төлеушінің жеке шотына таратылады, атап айтқанда:- заңды тұлға өзінің құрылымдық бөлімшесі үшін әлеуметтік төлемдерді аударады, бұл ретте "нақты төлеуші" төлем тапсырмасының бағанында құрылымдық бөлімшенің БСН көрсетілген және төлемдер құрылымдық бөлімшенің жеке шотына орналастырылуға тиіс;- сот орындаушысы борышкер үшін бюджетке төлемдерді аударады, бұл ретте "нақты төлеуші" төлем тапсырмасының бағанында борышкердің ЖСН/БСН көрсетілген және төлемдер борышкердің жеке шотына орналастырылуға тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/962826?lang=kk
"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу тәртібі 30.03.2025
Мемлекеттік қызмет көр­сету процестерін үнемі жетілдіру – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық департаменттерінің жұмы­сындағы негізгі ұс­таным­дардың бірі.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру азаматтардың құқықтарын қорғап, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.Осы ретте, «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату»" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі түсіндірсек.          Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері: «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсес арқылы.  Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:       1) «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату» мемлекеттік қызметін көрсету  қағидаларына сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш;      2) жеке куәлік немесе цифрлық   құжаттар сервисінен электрондық құжат;      3) жер учаскесінің кадастрлық  құны актісінің көшірмесі;          Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.Толық ақпаратты Шелек ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар.Мекен – жайымыз: Шелек ауылы, Жібек жолы көшесі №40Анықтамалық байланыс телефоны: 8 (72776) 2-01-55. «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-shelek/press/news/details/1162347?lang=kk
Бақылау-касса машинасын жаңарту: салық төлеушілер нені білуі керек 30.03.2025
Салық кодексінің 170-бабына сәйкес уәкілетті орган бақылау-кассалық машиналардың (бұдан әрі – БКМ) мемлекеттік тізілімін жүргізеді, оған БКМ модельдерін қосу және алып тастау арқылы өзгерістер енгізеді.Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 «БКМ қолдану мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес, техникалық талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты салық төлеушілер пайдаланбайтын 98 онлайн емес БКМ моделі мемлекеттік тізілімнен алынып тасталды.Мемлекеттік тізілімнен шығарылған БКМ модельдерінің тізімі Комитеттің ресми сайтында келесі сілтеме бойынша орналастырылған: https://kgd.gov.kz/sites/default/files/gosuslugi/prilozhenie_ob_isklyuchenii_0.docx Сонымен қатар, қазіргі уақытта Комитет салық төлеушілерді мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді беру функциясы бар, техникалық талаптарға сәйкес келетін онлайн БКМ модельдеріне көшіру бойынша жұмыс жүргізуде. Мемлекеттік тізілімге енгізілген онлайн/офлайн БКМ модельдерінің тізімі Комитеттің ресми сайтында келесі сілтеме бойынша орналастырылған: https://kgd.gov.kz/sites/default/files/gosuslugi/gosreestr_kkm_ru_0-2.docx Комитет Салық кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында ақшалай есеп айырысулар мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ-ді міндетті түрде қолдана отырып жүргізілетінін еске салады.БКМ қолдану тәртібін бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/967466?lang=kk