Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Елші М.Атамқұловтың Врнячка-Баня қаласына жұмыс сапары туралы 29.03.2025
20 наурызда Қазақстан Республикасының Сербиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мәди Атамқұловтың Врнячка-Баня қаласына жұмыс сапары барысында жасөспірімдер арасындағы шахматтан әлем чемпионатына қатысып жатқан қазақстандық оқушыларымен кездесті.Чемпионаттың ашылу салтанаты шеңберінде қазақстандық дипломат жас шеберлерге табыс тілеп, лайықты партиялар көрсететініне сенім білдірді.Турнирге 44 елден 470 қатысушы жиналды. Олар 17 жасқа дейінгі алты жас санатында жүлделерді сарапқа салады.Қазақстан делегациясы ең ірі құрамның бірі: 40 жас спортшы, оның қатарында әлем және Азия чемпиондары, сондай-а,  рейтингтік көшбасшылар бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/962090?lang=kk
Қостанай облысының елді мекендерді су басудың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы 29.03.2025
2025 жылғы 21 наурыздағы жағдай бойынша өңірдегі жағдай тұрақты, барлық тартылған қызметтер үйлесімді және үйлестірілген түрде жұмыс істеп жатыр.Айта кетерлігі, облыста су тасқыны жағдайына толық дайындық жасалған. Тәуекел тобындағы 92-ден астам елді мекен қамтылды. 46 шақырым білік салынып, 168 жаңа су өткізгіш құбыр, 20 км нөсер кәрізі тартылды, 27 ГТҚ жөнделіп, 50 бірлік жоғары өтімді техника сатып алынды.Жергілікті билік органдары су басу қаупін барынша азайту бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде.Қар шығару жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, бұл тұрғын үйлерді су басудан сақтап қалу мақсатында жасалған бірден-бір маңызды шара.Материалдық-техникалық құралдар сатып алынып, халық пен малды эвакуациялау орындары әзірленді, шағын өзендердің арналарын тазарту   жұмыстары жүргізіліп, неғұрлым осал жерлерде өзен жағалаулары нығайтылды, қажет болған жағдайда қорғаныс құрылыстарын шұғыл тұрғызу үшін инертті материалдар әзірленді.Су тасқынын жою үшін шамамен 3 мың адамнан тұратын топ құрылып, шамамен 400 бірлік техника, 120 бірліктен астам жүзу құралы және 330-дан астам мотопомпа жұмылдырылды.Жалпы, бүгінгі таңда 5 автомобиль жолын, соның ішінде республикалық маңызы бар 1 және аудандық 4 жолды су басу фактісі тіркелген.Барлық су басқан жолдар ерекше бақылауда. Қазіргі кезде «Құсмұрын-Новопавловка» жергілікті маңызы бар 1 жолды су шайған.  Дәл осы уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр және жақын арада жол жамылғысы жөнделетін болады. Жалпы, келісілген іс-қимылдың арқасында жедел, яғни бір күн ішінде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік туды. Мәселен, 19 наурыз күні сағат 16.00-де «Үрпек-Қабырга» жолы шайылып, келесі күні сағат 10.30-да жол жабыны қалпына келтірілді.Өткен жылғы су тасқыны туралы айтсақ, Қарасу ауданында 5 көл қосылып кетіп, жалпы ауданы 622 шаршы км жерді су басып кеткен еді.Бұл мәселені шешу үшін 30 шақырымдық су бұру арнасы салынған.Сондай-ақ, облыстың оңтүстік аймақтары да ерекше назарда. Амангелді, Жангелдин аудандары мен Арқалық қаласындағы 30 елді мекенде жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп, бөгеттер тұрғызылды, 26 шақырым жерде қорғаныс біліктері нығайтылды. Жангелдин ауданында тасқын суларды қауіпсіз аймақтарға қайта бұруға бағытталған су бұру арналары салынды.Ауыл шаруашылығындағы шығынның алдын алу және жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мал басының саны мен көшіру маршруты көрсетілген малды эвакуациялау орындарының картасы әзірленді. Шаруа қожалықтары мен қыстаулардан жалпы саны 39 мыңнан астам мал қауіпсіз жерге көшірілді. Барлық орындар жем-шөп қорымен қамтамасыз етілген. Жергілікті билік ауыл шаруашылығы саласын көктемгі су тасқынынан қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.Тобыл, Торғай өзендері мен бірқатар елді мекендерде бекітілген кестеге сәйкес жарылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы мақсаттарға 193 млн теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп. Сондай-ақ, Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарымен суды тұтыну және трансшекаралық өзендердегі қауіп-қатердің туындауы бойынша тұрақты байланыс қамтамасыз етілген.Айта кетсек, екі ірі су қоймасындағы судың жалпы көлемі - 881 млн.м3 (63%), нормасы - 1,4 млрд. м3.Күтілетін ағын 360 млн. текше метрді құрап отыр. Су тасқыны кезеңіне дайындық және оны өткізу ерекше бақылауға алынған. Мамандар халықтың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етіп, су тасқынының ықтимал қауіптерін барынша азайта отырып, үйлесімді жұмыс жасап жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/962070?lang=kk
Әскери инженерлер Ақтөбе облысындағы Ойыл өзеніне уақытша өткел орнатты 29.03.2025
Инженерлік әскерлерге қарайтын 58012 әскери бөлімінің күш-құралдары Ойыл ауданындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға жұмылды. Шұбарқұдық станциясына Қонаев гарнизоны инженерлік-саперлік бригадасының әскери қызметшілері теміржол көлігімен жетті. Олармен бірге платформада понтон көпірі паркінің элементтері, соның ішінде понтон көпірінің сегменттері бар екі ауыр тонналық көлік (КрАЗ-255Б), жүзетін транспортер және КамАЗ және КрАЗ базасындағы екі сүйреткіш-моторлы қайық жеткізілді.– Бізде өткел жасау тәжірибесі бар. Өткен жылы біздің бөлім қатынас жолдарынан ажырап қалған ауылдардағы адамдарды, техника мен материалдық құралдарды тасымалдауға көмектесті, – деп түсіндірді понтонды-көпір батальонының командирі майор Наурызхан Төлеуов.Әскери инженерлер тобы жұмысқа кірісті. Әскери қызметшілер Ойыл, Ақтоғай, Қараой және Сарыбие ауылдық округтері тұрғындарының арасындағы қатынасты қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/962050?lang=kk
Қазақстандық делегаттар ЭЫДҰ жұмыс органдарына қатысты 29.03.2025
Париж, 2025 ж. 20 наурыз – 2025 ж. 17–20 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (ҰЭМ) және оның Экономикалық зерттеулер институты («ИЭИ» АҚ) өкілдері тиісті байқау саясаты саласындағы ынтымақтастық үшін инклюзивті платформаның, бизнесті жауапты жүргізу және мемлекеттік меншік пен жекешелендіру практикасы мәселелері жөніндегі жұмыс топтары отырыстарына қатысты.Атап айтқанда, бизнесті жауапты жүргізу жөніндегі іс-шара шеңберінде «ИЭИ» АҚ-ның Әлемдік экономиканы зерттеу орталығының директоры Әлібек Райпов ЭЫДҰ-ның Қазақстанның Ұлттық байланыс орталығының (ҰБО) жұмысын сараптамалық бағалау ұсынымдарының орындалу барысы туралы аралық есепті ұсынды, сондай-ақ отырысқа қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Тұтастай алғанда, қазақстандық ҰБО жұмысы айтарлықтай оң бағаланды, сонымен бірге бизнесті жауапты жүргізу мәселелері бойынша көпұлтты кәсіпорындар үшін ЭЫДҰ-ның басшылық қағидаттарына сәйкес оның қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру ұсынылды.Сондай-ақ, ҰЭМ өкілдері мемлекеттік меншіктің тәуекелдері мен мүмкіндіктерін басқару, меншік саясаты саласындағы үздік тәжірибелер, мемлекеттік кәсіпорындардың саяси мақсаттары және оларды корпоративтік басқарудың өзекті мәселелерін талқылауға қатысты.Жалпы, іс-шаралар қазақстандық сарапшыларға ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттер мен әріптес елдердің өкілдерімен кәсіби пікірталастарға қатысудың құнды тәжірибесін алуға және бизнесті жауапты жүргізу, қазақстандық ҰБО-ның тиісті жұмысын қамтамасыз ету, мемлекеттік меншікті басқару және бәсекелестік ортаны жақсарту жөніндегі шараларды дамыту жөнінде пікір алмасуға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-unesco/press/news/details/962041?lang=kk
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Наурыз мейрамымен құттықтауы 29.03.2025
Қадірменді жерлестер!Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!Тарихы терең, тағылымы мол Әз-Наурыз – жаңашылдық пен жасампаз рухтың жаршысы, адам мен табиғат арасындағы үндестіктің, келісім мен татулықтың алтын арқауы.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен бұл мереке өткен жылдан бастап Наурызнама тұжырымдамасы аясында жаңа форматта, он күн бойы аталып өтуде. Наурыз тойын кең көлемде мерекелеу ұлттық құндылықты арттырып, бірлігімізді нығайтатыны сөзсіз.Наурызнама онкүндігі халық арасында бір-біріне деген сый-құрметті қалыптастырып, татулық пен бірлікті насихаттайды. «Ынтымақты елге бақ қонады, бейбіт елге береке кіреді» дегендей, ендігі біздің міндетіміз – барымызды бағалап, бірлігімізді нығайту, Отанымызды одан әрі өркендету. Өңір халқының мызғымас бірлігі мен берекелі тіршілігінің арқасында Алматы облысы да күн санап көркеюде.Жасампаздығы мен қуаты артып келе жатқан облыс орталығы – Қонаев қаласының ажары мен айбыны күннен-күнге дамып, жаңарып, мәдениет пен экономика саласында жаңа биіктерге жетіп, заманауи инфрақұрылыммен өркендеп келеді.Құрметті қауым!Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мақсатында қабылданған бұл бастама қоғамда еңбекқор және нағыз маман болып қалыптасу идеясын насихаттауды көздейді. Ал өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырары анық. Сонымен бірге, биыл ең ұлы әрі қастерлі мереке – Жеңістің 80 жылдығы кеңінен атап өтеді. Жылдағы дәстүрге сай, мереке қарсаңында және 9 мамыр күні соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетіледі. Осындай шаралар бүгінгідей бейбіт өмір сыйлаған ардагерлердің ерлігін ешқашан ұмытпауымыз керектігін тағы бір мәрте еске салады.Биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Ассамблеяның 30 жылдық тарихы – еліміздегі достық пен ынтымақтастықтың, келісім мен тұрақтылықтың жарқын көрінісі. Осы уақыт аралығында Ассамблея өз қызметінің маңыздылығын дәлелдеп, Қазақстан халқының бірлігі мен ел болашағына деген сенімін нығайтты. Бүгінде Ассамблея этносаралық келісім мен тұрақтылықты сақтап, елімізде бейбітшілік пен өзара сыйластықты қамтамасыз ету бағытында маңызды жұмыс атқаруда. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы ерекше назар аударған салалардың бірі – еліміздің экологиялық ахуалын жақсарту. Жүзеге асырылып жатқан Жалпыұлттық «Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Сондықтан, бағдарлама аясындағыіс-шараларды тұрақты негізде жалғастырып, барлығымыз қатысуымыз қажет.Ардақты ағайын!Баршаңызды Көктем мерекесімен тағы да шын жүректен құттықтаймын!Егеменді еліміздің іргесі берік, мәртебесі биік, болашағы жарқын болсын!Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl;almobl-balkhash;almobl-enbekshikazah;almobl-zhambyl;almobl-ile;almobl-karasay;almobl-kegen;almobl-raiymbek;almobl-talgar;almobl-uigur;almobl-qonaev;almobl-transport;almobl-kurylys;almobl-kasipkerlik;almobl-auyl;almobl-economy;almobl-zher;almobl-til;almobl-tourism;almobl-tabigat;almobl-energy;almobl-saulet;almobl-social;almobl-densaulyk;almobl-sayasat;almobl-bilim;almobl-karzhy;almobl-cultura-arhiv;almobl-sport;almobl-enbek;almobl-din;almobl-veterinaria;almobl-memleket-saulet;zhetysu-zher-paidalanu-udalen;almobl-satyp-alu;almobl-tehnologiya;almoblzhastary;almobl-alatau;almobl-mob;almobl-zkh/press/news/details/962040?lang=kk
ЮНЕСКО бас пәтерінде 13 мемлекеттің қатысуымен Наурыз мейрамына орай дәстүрлі іс-шара өтті 29.03.2025
Париж, 2025 ж. 18 наурызы – ЮНЕСКО бас пәтерінде 13 елдің бастамасымен кезекті рет Наурыз мейрамы атап өтілді. Іс-шараға осы халықаралық ұйымның басшылығы мен қызметкерлері, оған мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары және бұл мейрамды кеңінен атап өтетін диаспоралардың өкілдері қатысты.ЮНЕСКО Бас директоры Одрэ Азуле өзінің құттықтау сөзінде Наурыздың табиғаттың жаңаруы мен ұзақ қыстан кейін адамдар арасындағы өзара қолдау мен ынтымақ рухын паш ететін халықаралық мереке ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ 2009 жылдан бастап Наурыз Ауғанстан, Әзербайжан, Ирак, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Үндістан, сондай-ақ бұл тізімге былтыр қосылған Моңғолия, сияқты елдерің ортақ мерекесі ретінде Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгенін ерекше атап өтті.Ресми бөлім соңында әдемі концерт өтті, онда аталған елдердің әртістері өздерінің дәстүрлі әуендері мен халық билерін ұсынды. Қазақстан атынан «Наурыз Думан» әні орындалып, артынан шашу жасалды.Іс-шара соңында жиналған қауым әртүрлі халықтардың ұлттық тағамдарымен таныса алды. Қазақстанның дастарқанынан да қонақтар наурыз көже мен басқа да дәстүрлі тағамдардан дәм татты.Наурыз мейрамын ЮНЕСКО-да атап өту елімізде Ұлттық киім күнімен тұспа-тұс келді. Осыған орай Қазақстанның Тұрақты өкілдігі қонақтарды ұлттық киімдерімізбен таныстырып, бұл іс-шара қонақтарының тарапынан шынайы қызығушылық пен құрмет тудырды.ЮНЕСКО-да өткен әдемі басқосу әртүрлі елдердегі Наурыз мейрамын атап өтудің салт-дәстүрлері мен рәсімдерімен жақынырақ танысу және халықтар арасындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністікті нығайту үшін тағы бір тамаша мүмкіндік болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-unesco/press/news/details/962039?lang=kk
Астанада Қорғаныс министрінің орынбасары әскери госпиталь қызметкерлерін Наурыз мейрамымен құттықтады 29.03.2025
Көктемгі мереке қарсаңында Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталіне барды.  Қорғаныс ведомствосы басшылығының өкілі госпитальдың жеке құрамын құттықтап, қажырлы еңбегі мен қызметке адалдығы үшін ризашылығын білдірді. Ол сапалы медициналық көмек Қарулы күштердің жауынгерлік дайындығын қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті.– Сіздердің еңбектеріңіз жай қызмет емес, бұл елге және оның қорғаушыларына деген қызмет. Сіздердің күш-жігерлеріңіздің арқасында мыңдаған әскери қызметшілер мен олардың отбасылары сапалы медициналық көмек алады. Ерен еңбектеріңіз үшін мың алғыс, – деді генерал-лейтенант Қ.Әбубәкіров.  Еңбегімен еленген госпитальдің үздік қызметкерлері Қорғаныс министрлігі басшылығының атынан Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Кездесу барысында генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров жеке құрамды әскери-медициналық инфрақұрылымды дамыту және Қарулы күштерде медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру жоспарларынан хабардар етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/962037?lang=kk
Қорғаныс министрлігі волейболдан өткен чемпионаттың қорытындысын шығарды 29.03.2025
Астанада XV Спартакиада аясында қорғаныс ведомствосы орталық аппаратының әскери қызметшілері арасында волейболдан өткен чемпионат аяқталды. Барлығы 37 команда құрамында 370 әскери қызметші-спортшы сайысқа түсті. Төрешілік екі топ бойынша ұйымдастырылды.Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың және Қарулы күштердің департаменттері арасындағы бірінші топтағы жарыс қорытындысы бойынша Арнайы техникалық әзірлемелер бас басқармасы мен Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығының біріккен командасы жеңіске жетті. Тұғырдың екінші сатысына Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің құрамасы, үшіншісіне – Радиоэлектронды күрес департаментінің волейболшылары көтерілді.Басқармалар мен орталықтар арасында екінші топта Тыл бастығы басқармасының командасы чемпион атанды, екінші орында – ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің құрамасы, үшінші орында – Әскери полиция бас басқармасы.Сонымен қатар үздік ойыншылар номинациялармен марапатталды. Бірінші топта «Үздік қорғаушы» – Дәуренгүл Нұрланқызы, «Үздік шабуылшы» – Мәдениет Мұхамеджанқызы, «Үздік ойыншы» – Ғани Нүсіпов, «Үздік либеро ойыншы» – Серік Бейсебаев болды. Екінші топта «үздік қорғаушы» номинациясына Дінмұхамедәли Әуенек, «Үздік шабуылшы» номинациясына Айдар Базылжанов, «Үздік ойыншы» номинациясына Бауыржан Қабылбеков, «Үздік либеро ойыншы» номинациясына Назым Жексенбаева ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктар, медальдар мен грамоталар алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/962033?lang=kk
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті Ұлыстың ұлы күнін атап өтті 29.03.2025
Іс-шараға ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің профессор-оқытушылар құрамы, қазақстандық магистранттар, Тәжікстан, Қырғызстан және Франция әскери қызметшілері қатысты.Бұл күні оқытушылар мен магистранттар әскери киімдерін ұлттық киімге ауыстырды. Наурыз мейрамының құрметіне қызметте көзге түскен әскери қызметшілерді марапаттау рәсімі өтті.– Наурыз – тарихы тереңде жатқан мереке. Тәуелсіздік алғаннан кейін қайта жаңғырып, жаңа мәнге ие болды. Бұл салт-дәстүрлерді, ырыс-ынтымақты, тазалық пен шынайы қуанышты жаңғырту мерекесі, – деді құттықтау сөзінде Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков.Іс-шараға қатысушылар "қыз ұзату" дәстүрінің мәнін ашатын театрландырылған қойылымды тамашалады.  Бұдан басқа, садақ ату, қазақ күресі, арқан тарту, гір көтеру және тоғызқұмалақ бойынша жарыстар ұйымдастырылды. – Қазақ халқының тарихы мен ежелгі дәстүрлерімен байланысты Наурыз мерекесін алғаш рет көрдім. Ұлттық тағамдар, жарыстар, салт-дәстүрлер – мұның бәрі қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін, мәдениетін білдіретін жарқын ерекше мереке екен, – деп алған әскерін айтты Франциядан келген майор Винсент Булкаен.Мерекелік дастархан басында іс-шараға қатысушыларды Наурыз мейрамымен құттықтап, Қыдыр ата ақ батасын берді. Жиылған көпшілікке амандық, мол бақыт пен бақ-береке тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/962025?lang=kk
Оңтүстік Корея Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезіне қатысады 29.03.2025
Сеул, 2025 жылғы 19 наурыз – Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов корей буддизмі «Чогие» орденінің Президенті, құрметті Джин Вумен кездесті.Кездесу барысында тараптар конфессияаралық диалогты, толеранттылықты және бейбіт бірге өмір сүруді ілгерілету мәселелерін талқылады. Осы орайда қазақ дипломаты Президент Джин Вуге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың 2025 жылғы 17-18 қыркүйекте Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезіне ресми шақыруын табыс етті.Съездің өркениеттер, мәдениеттер мен діндер арасындағы жаһандық диалогты ілгерілетудегі маңыздылығы, сондай-ақ діни қауымдар арасындағы өзара түсіністік пен құрметті нығайтудағы рөлі атап өтілді. Сонымен қатар, Съез жұмысына «Чогие» орденінің белсенді қатысуы жоғары бағаланып, бұл Қазақстан мен Корея арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың дамуына үлес қосатыны айтылды.Президент Джин Ву шақыруды ризашылықпен қабылдап, корей тарапының Съезге қатысуға ниетті екенін білдірді. Сондай-ақ, ол бұл алаңның рухани лидерлердің өзара іс-қимылы мен бейбітшілік пен келісімді ілгерілету үшін маңызды платформа екенін тілге тиек етті.Кездесу барысында құрметті Джин Ву Қазақстан Үкіметі мен халқына елде тұрып жатқан этникалық корейлерге көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтып, олардың екі достас ел арасындағы «алтын көпір» ретіндегі маңызды рөлін баса айтты. Сондай-ақ, екі мемлекет азаматтары арасындағы тікелей байланыстардың артуына ықпал ететін әуе қатынасының кеңеюі арқылы екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқаны айтылды.Корей буддизмі «Чогие» ордені – 1 700 жылдық дәстүрді сақтап келе жатқан Кореядағы ең ірі буддистік орден. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/962012?lang=kk
Бразилияда көктем мерекесі Наурыз басталуы тойланды 29.03.2025
Бразилиa, 2025 жылғы 20 наурыз -Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшілігі дипломатиялық миссиялармен халықаралық ұйымдар басшыларының жұбайлары клубымен (GCCM) бірлесе көктемгі Наурыз-2025 мерекесін мерекелеуге арналған ортақ іс-шара өткізді.Кездесу барысында қатысушыларға Наурыз мерекесіне жаңа мағына мен рух беруге бағытталған түрлі мәдени және дәстүрлі іс-шараларды біріктіретін «Наурызнама» жаңа бағдарламасы таныстырылды. Таныстырылым барысында «Наурызнаманың» қайырымдылық пен мәдени іс-шаралардан бастап, ұлттық дәстүрлер мен экологиялық науқандарға дейінгі қоғам өмірінің барлық салаларын қамтуға бағытталғаны атап өтілді.Мереке, Қазақстанның мәдени алуандылығы мен Қазақстан-Бразилия ынтымақтастығын нығайтуға орайластырылған «Қазақстан балалардың көзімен» тақырыбындағы бразилиялық балалармен жас өспірімдердің көркем көрмесімен сүйемелденді. Оның ерекшелігі болып, бразилиялық балалармен жас өспірімдердің көркем суреттерінде Қазақстанды өз түсініктеріндегідей бейнелеу табылды. Өнер мектебінің директоры Жозе Роберто Сантос Виейра, бразилиялық балалар өз жұмыстарында қазақ өзіндік мәдениетінің, ұлттық тағамдарының, киімдерімен табиғатының бірегейлігін көрсетуге тырысып, сол арқылы заман рухын, көшпелі қазақ халқының тарихымен мәдениетін жеткізуге тырысқанын өз сөзінде атап өтті.Мереке аясында қонақтарға тәттілерді қазақ ою-өрнегімен безендіру бойынша шеберлік сабағы, сондай-ақ өз дизайнында жергілікті метал мен Бразилияның асыл тастарын пайдалана отырып, қазақ ұлттық болмысын бейнелейтін Бразилиядағы алғашқы «Umaiya» зергерлік брендінің тұсаукесері ұйымдастырылды.Қонақ жайлылықтың дәстүрі бойынша мереке қонақтарына қазақ ұлттық ас мәзірінің тағамдары ұсынылды. Елшіліктің қызметкерлерімен балалар, қазақтың ұлттық киімін киіп келді.Қазақстанда 14 наурыздан бастап Наурыз мейрамын тойлау онкүндігі басталды. «Наурызнама» аясындағы әр күн, терең мағынаға ие және  қазақстандық мәдениеттің байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін іс-шараларға толы болды.      Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/962009?lang=kk
Банска-Быстрицадағы Қазақ киносының күндері: Наурыз мейрамы аясындағы достықтың мәдени көпірі 29.03.2025
Банска-Быстрица, 2025 жылғы 21-22 наурыз – 2025 жылғы 21-22 наурыз күндері Қазақстанның Словакиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы және Банска-Быстрица қалалық әкімдігінің қолдауымен Банска-Быстрица қаласында Қазақ киносының күндері өтті.Шара жаңарудың, бірлік пен татулықтың символы саналатын көктем мерекесі – Наурыз мейрамын тойлау аясындағы мәдени бағдарлама ретінде ұйымдастырылды.Екі күн бойы словак көрермендеріне қазақ киносының әйгілі туындылары – «Томирис», «Қазақ хандығы: Алмас қылыш» және «Шал» фильмдері ұсынылды. Фильм көрсетілімдерінің қонақтары ретінде қала әкімдігінің, мәдени және академиялық орта өкілдері, іскер топтар, қала тұрғындары, сондай-ақ қазақ диаспорасы мен студент жастар қатысты.Кино күндерінің салтанатты ашылуында сөз сөйлеген Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова «Бұл фильмдер Қазақстанды – өткені мен бүгіні тоғысқан, ұлттық бірегейлікті қалыптастырған ел ретінде көрсетеді. Тарихы мен мәдениетінің айырмашылығына қарамастан, қазақ пен словак халықтарын біріктіретін ортақ құндылықтар бар. Олар – өткенге құрмет, туған жерге деген сүйіспеншілік, бейбітшілік пен келісімге ұмтылу, отбасы мен дәстүрге деген сенім. Бұл қағидаттар қазақ пен словак менталитетінің негізінде жатыр және халқымызды бір-біріне жақын әрі түсінікті етеді» – деді.Фильм көрсетілімі өткен Словакияның Ұлттық көтерілісі мұражайында белгілі мүсінші және суретші Решат Қожахметовтің Қазақстандағы заманауи өнердің сан алуан палитрасын көрсететін және көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырған туындыларының репродукциялары да қойылды.Сапар аясында Елші Жанна Сағынова Банска-Быстрица қаласының әкімі Ян Носкомен кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері, соның ішінде өңіраралық байланыстар орнату және Қазақстан қалаларының бірімен бауырластық қатынастар орнату мүмкіндіктері талқыланды.Ж.Сағынова қала әкімін Банска-Быстрица қаласының іргетасы қаланғанына 770 жыл және фашистік басқыншылардан азат етілгеніне 80 жыл толуымен құттықтады. Ол Кеңес Армиясы жауынгерлерінің, оның ішінде қазақстандық сарбаздардың Чехословакияны азат ету жолындағы ерлігі мен 1944 жылғы Словакияның Ұлттық көтерілісін қолдауға қосқан маңызды үлесін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан Елшілігі Словакияда жерленген қазақстандықтарды табу және олардың есімдерін анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын және бұл бағытта қала әкімшілігімен ынтымақтастықты жалғастыруға үміттенетінін баса айтты.Сол күні қаланың Өңірлік сауда-өнеркәсіп палатасында Словакияның іскер топтарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Елші Жанна Сағынова қатысушыларды Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайымен, еліміздің экономиканы дамытудағы перспективалық бағыттарымен таныстырып, шетелдік инвестиция тарту мүмкіндіктеріне тоқталды.Өңірлік палата басшылығы қазақстандық нарықтың зор әлеуетін атап өтіп, словакиялық бизнестің Қазақстан Республикасымен іскерлік байланыстарды дамытуға мүдделі екенін білдірді. Сондай-ақ олар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қолдау көрсетуге дайын екендерін жеткізді.B2G сессиясы барысында Елші мен іскер топтардың өкілдері екі ел кәсіпкерлері арасындағы тікелей байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, бизнес-форумдар өткізу және делегациялармен алмасу сапарларын ұйымдастыру арқылы өзара іс-қимылды жандандыру ұсынылды.Банска-Быстрицадағы Құрметті консулдығының ғимаратында дипломаттардың жергілікті жоғары оқу орындарының студенттерімен дәстүрлі кездесуі өтті. Кездесу барысында студенттерге Банска-Быстрица аймағында уақытша тұрып жатқан және білім алып жатқан отандастарымыздың құқықтарын қорғау, сондай-ақ қазақстандық студенттердің Словакияның жоғары оқу орындарына бейімделуі мен интеграциясы бойынша Құрметті консулдықтың қызметі таныстырылды.Дипломаттар студенттердің сұрақтарына жауап беріп, Словакияда оқып жүрген кезеңде қажетті көмек көрсетуге әрқашан дайын екендерін атап өтті.Жалпы алғанда, Қазақ киносының күндері Банска-Быстрица қаласының мәдени өміріндегі жарқын оқиғаға айналып, Қазақстанның төл мәдениетін шетелде насихаттаудағы маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/api/v1/public/content-manager/news/961988
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары! 29.03.2025
Баршаңызды 25 қазан – Республика күні аясында «Алтын күз-2025» еңбек озаттарын марапаттау және Ұлбике Жанкелдіқызының 200 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шараларды бірге тамашалауға шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1092997?lang=kk
Актау мен Құрық порттары және көлік-логистикалық инфрақұрылымға инвестициялар мен даму мәселелері Грекияда талқылады 29.03.2025
Афина, 2025 жылғы 20 наурыз – Грек Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшісі Тимур Сұлтанғожин «TEKAL S.A.» компаниясының Бас директоры Антониос Панаспен және компания басшылығымен жұмыс кездесуін өткізді. «TEKAL S.A.» – порттық және көлік-логистикалық нысандарды жобалау, салу және қайта жаңарту саласында маманданған ірі грек компаниясы.Компания бірнеше ірі жобаларды жүзеге асыруда, соның ішінде Астир Вулиагмени туристік портын жаңарту (50,8 млн еуро көлемі жоба), Пирей портындағы III-ші батыс пирсты кеңейту, Фтиотида өңіріндегі Арктиса портын дамыту және Лимассол портында 500 метрлік платформаны салу. Компанияның мамандануы порттық инфрақұрылымды салу және қайта жаңарту жұмыстарын қамтиды, бұл көлік пен логистиканың мүмкіндіктерін жақсартуға ықпал етеді.Келіссөздер барысында Елші Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту перспективаларын, соның ішінде Ақтау және Құрық порттарының өткізу қабілеті мен қуатын кеңейту жоспарларымен таныстырды. Сонымен қатар Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту саласында ықтимал ынтымақтастық бағыттары талқыланды. Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға және Қазақстандағы порттық инфрақұрылымды, көлік-логистикалық нысандарды салу мен жаңғыртуға инвестиция тартуға ерекше назар аударылды.Қазақстанның Елшісі Азия–Еуропа көлік дәлізінің ел үшін стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, логистикалық инфрақұрылымды дамытуға алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе мен инвестицияларды тартудың маңызын атап өтті.Антониос Панас «TEKAL S.A.» компаниясының Қазақстандағы жобаларға қатысуға қызығушылық танытып, Грекия мен Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы ірі инфрақұрылымдық нысандарды жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жақын болашақта бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін бірлесе зерделеуді жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/961986?lang=kk
20 наурыздан бастап жұмыс уақыты 8:00-17:30 аралығында болады. 29.03.2025
20 наурыздан бастап жұмыс уақыты 8:00-17:30 аралығында болады.Түскі үзіліс уақыты 12:00-13:30 аралығына белгіленген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-goszakup/press/news/details/961980?lang=kk
Армян студенттері Наурыз көжеден дәм татты 29.03.2025
Ереван, 2025 жылғы 20 наурыз – Ереван мемлекеттік университетінде Елші Болат Иманбаевтың университеттің студенттері – Абай атындағы Қазақ тілі, тарих және мәдениет орталығының тыңдаушыларымен кездесуі өтті. ЕМУ профессорлық-оқытушылық құрамы мен БАҚ өкілдері қатысқан іс-шара Наурыз мейрамын мерекелеуге арналды.Дәріс барысында Елші Наурыз мерекесінің қазақ халқы үшін маңыздылығы туралы егжей-тегжейлі айтып, ұлттық дәстүрлер мен нышандарға толы Наурызнама форматындағы мерекенің жаңа тұжырымдамасының терең мағынасына тоқталды. Ұлы даланың ежелгі халық мерекесінің қайта жандануы Наурызды мәдени, гуманитарлық және спорттық сипаттағы жарқын әрі мазмұнды іс-шараларға айналдыратыны, олар қазақтың бай және көп қырлы тарихын көрсетіп, туған жердің мәдениеті мен дәстүрлеріне, сондай-ақ жалпыадамзаттық құндылықтарға құрмет ұялататыны атап өтілді.Мерекенің элементтерімен практикалық танысу мақсатында іс-шараға қатысушылар Елшілік қызметкерлерінің күш-жігерімен дайындалған дәстүрлі тағамдармен сүйсініп танысты, олардың бағалауынша, ежелгі армян «танапур» сорпасын еске түсіретін Наурыз көжеден, бауырсақтан, шелпектен және т.б. дәм татты. Отандастарымыздың орындауында қазақ мәдениетінің інжу-маржандары болып табылатын «Көңіл толқыны», «Ерке сылқым» күйлері шырқалды. Ұлттық киім мен оның ерекшеліктерінің тарихына қысқаша экскурс жасалып, Қазақстанда Наурызды мерекелеу туралы бейнематериалдар көрсетілді.Ереван мемлекеттік университетінің түркітану кафедрасының меңгерушісі, профессор Александр Сафарян студенттерге қазақ мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдіріп, Қазақстанның барлық тұрғындарын «Ұлы Наурыз мерекесімен» шын жүректен құттықтап, оның «ұлы қазақ халқының ұлттық мұрасы» екенін атап өтті.Абай атындағы орталықтың қазақ тілі пәнінің оқытушысы Шушан Хачатрян қазақ тіліндегі құттықтауында қазақ халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.Сонымен қатар, іс-шара шеңберінде қатысушылар Қазақстанның қазіргі заманғы даму үрдістері туралы хабардар етілді, елдің жаңа сын-тегеуріндерге дайындығын білдіретін, оның батылдығын, ілгерілеуін және адам құқықтарына адалдығын көрсететін «Kazakhstan: Born Bold» іске асырылып жатқан медиа-науқанына баса назар аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-erevan/press/news/details/961972?lang=kk
Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын іске асыру шеңберінде Қостанай қаласының әкімдігі тұрғын үй сатып алу кезінде ипотекалық қарыздар бойынша бастапқы жарнаны жабу үшін сертификаттар беруді жүзеге асырады. 29.03.2025
Қостанай облысындағы тұрғын үй сертификаттарының мөлшері бастапқы жарна сомасының 90% - құрайды, бірақ әлеуметтік көмек түрінде 1 500 000 теңгеден аспайды.Тұрғын үй сертификатын алуға үміткер болуға құқылы:- мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;- -«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;- толық емес отбасылар;- Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, тау-кен және ауыл шаруашылығы салаларында еңбек қызметін жүзеге асыратын сұранысқа ие мамандар.Тұрғын үй сертификатын алу үшін келесі құжаттар қажет:- Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелетке толмаған балалардың) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);- Отбасының барлық мүшелеріне (жұбайына) , кәмелетке толмаған балаларға соңғы 6 айдағы кірістер туралы анықтама, бұл ретте отбасының әрбір мүшесінің табысы айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген көрсеткішінен аспауға тиіс;-Жұмыс орнынан анықтама;- «Отбасы банк» АҚ ҚҚ тұрғын үй құнынан бастапқы жарна сомасын және ай сайынғы төлем сомасын көрсете отырып, тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы хаты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/961966?lang=kk
«Алматыда мемлекеттік ұйымдар өкілдері үшін этика бойынша уәкілетті тұлғалар мектебі аясында оқыту өтті» 29.03.2025
2025 жылдың 20 наурызында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаменті, «Парасатты ұрпақ үшін» қоғамдық қоры мен «Miliston Transformations Foundation» қорының серіктестігімен этика жөніндегі уәкілдер мектебі аясында оқыту өтті. Іс-шараға мемлекеттік ұйымдардың өкілдері белсене қатысты. Жиынның негізгі мақсаты – этика қағидаттары бойынша білім деңгейін арттыру және мемлекеттік құрылымдарда тиімді этикалық стандарттарды енгізу дағдыларын дамыту болды.Мектеп бағдарламасы этика саласындағы білімді тереңдетуге, кәсіби мінез-құлықтың негізгі принциптерін түсіндіруге және ұйымдарда этикалық стандарттарды сақтау үшін тиімді әдістерді енгізуге арналған. Қатысушылар қазіргі заманғы этикалық жүйелерді құру және қолдау бойынша әдістермен танысып, кәсіби этиканың негізгі принциптерін, қақтығыс жағдайларын шешуді және этикалық нормаларды сақтау бойынша бақылау құралдарын енгізуді үйренді.Оқуға қатысушылар халықаралық озық тәжірибені зерттеуге, мемлекеттік қызметте этикалық стандарттардың сақталуына қатысты өзекті мәселелерді талқылауға, сондай-ақ мінез-құлық нормалары мен жұмыстың ашықтығын тиімді бақылау құралдарымен танысуға мүмкіндік алды.           «Мемлекеттік ұйымдарда этикалық стандарттарды енгізу – ашық, айқын және жауапты мемлекеттік қызметті қалыптастырудағы маңызды қадам. Бұл оқыту мамандардың біліктілігін арттырып, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді», – деп Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы қаласы бойынша департавментінің превенция Басқармасының басшысы Қанат Сәлімбаев атап өтті. Ол сондай-ақ этика жөніндегі уәкіл институтын іс жүзінде тиімді жүзеге асыру қажеттігін ерекше атап өтті.Этика бойынша уәкілетті тұлғалар мектебі аясындағы оқыту мемлекеттік ұйымдарда этикалық стандарттарды сақтау мәдениетін нығайтудың маңызды қадамы болды. Бұл оқыту мемлекеттік құрылымдардың жұмысын жақсартуға, олардың ашықтығын арттыруға және тұрғындар тарапынан сенімді нығайтуға мүмкіндік береді.  #ЗАҢ_мен_ТӘРТІП#ЗАҢ мен ТӘРТІП  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/961960?lang=kk
«Алматы қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мектебі аясында оқыту өтті» 29.03.2025
2025 жылдың 20 наурызында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаменті, «Парасатты ұрпақ үшін» қоғамдық қоры мен «Miliston Transformations Foundation» қорының серіктестігімен антикоррупциялық комплаенс мектебі аясында оқыту ұйымдастырылды. Іс-шара мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың өкілдерін жинап, сыбайлас жемқорлықты алдын алу механизмдері туралы білімді арттыруға және мемлекеттік құрылымдарда тиімді  сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелерді енгізу дағдыларын дамытуға бағытталды.Мектеп бағдарламасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы білімді тереңдетуге, жемқорлық тәуекелдерін болдырмау механизмдерін түсіндіруге және мемлекеттік құрылымдарда сыбайлас жемқорлықпен күресудің тиімді әдістерін енгізуге бағытталған. Қатысушылар алдын алу жүйелерін қалыптастырудың негізгі қағидаттарымен, тәуекелдерді анықтау және бақылау құралдарын енгізудің заманауи тәсілдерімен танысты.Оқыту комплаенс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен өтті, бұл негізгі тақырыптарды жоғары кәсіби деңгейде қамтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, іс-шараға комплаенс қызметтерінің шамамен 100 өкілі қатысып, тәжірибелерімен алмасты.«Бұл оқыту мамандардың біліктілігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды енгізу – жемқорлық тәуекелдерін төмендетіп қана қоймай, мемлекеттік мекемелерге деген қоғам сенімін нығайтуға ықпал етеді», – деп ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жарқын Ғалымов атап өттіСыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мектебі аясындағы оқыту Алматы қаласындағы мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтудағы маңызды қадам болды. Қатысушылар алған білім мен дағдыларын жемқорлықты алдын алу, тәуекелдерді азайту және мемлекеттік құрылымдардың жұмысындағы ашықтықты арттыру үшін тиімді енгізе алатын болады.  #ЗАҢ_мен_ТӘРТІП#ЗАҢ мен ТӘРТІП       Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/961954?lang=kk
Қазақстан мен Өзбекстан стратегиялық серіктестікті нығайтуда 29.03.2025
Хиуа, 2025 жылғы 20 наурыз – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Өзбекстанға жұмыс сапары барысында Хиуа қаласында өткен Қазақстан мен Өзбекстан Сыртқы істер министрлері кеңесінің алғашқы отырысына қатысты. Отырыста екі елдің мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдері бас қосты.Күн тәртібінде екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері қаралды, соның ішінде саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік және логистикалық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту жайы талқыланды. Тараптар стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайтуға бейілділігін растады.ҚР Сыртқы істер министрі мемлекет басшыларының саяси ерік-жігері мен даналығының арқасында қазақ-өзбек қатынастары жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. Атап айтқанда, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің Астанаға мемлекеттік сапары барысында екі ел арасындағы Жоғары мемлекетаралық кеңестің алғашқы отырысы өткізіліп, он жылдық Стратегиялық серіктестік пен одақтастық бағдарламасы бекітілді.«Елдеріміз барлық бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықтың бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейіне жетті», – деп мәлімдеді М. Нұртілеу.Сондай-ақ ол биік және жоғары деңгейдегі саяси диалогты одан әрі дамыту мен парламентаралық байланыстарды жандандырудың маңыздылығын атап өтті.Өз кезегінде Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов екі ел басшыларының тікелей бастамасымен ынтымақтастықтың барлық деңгейде қарқынды кеңейіп жатқанын растады.Тараптар сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, өзара тауар айналымын арттыру және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, логистика, құрылыс салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша келісілген шараларды қабылдауға уағдаласты.Қазіргі уақытта Қазақстан Өзбекстанның үш негізгі сауда серіктесінің қатарына кіреді, екі ел арасындағы жылдық тауар айналымы 4 млрд АҚШ долларынан асады. Мемлекет басшыларының тапсырмаларына сәйкес 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті 10 млрд долларға жеткізу және «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын іске қосу жоспарлануда. Сонымен қатар тараптар Термездегі «AIRITOM» арнайы экономикалық аймағында Қазақстан сауда павильонының ашылуын құптап, Ауғанстанмен сауда қатынастарын кеңейтудің перспективаларын атап өтті.Өңіраралық байланыстарды нығайтуға ерекше көңіл бөлінді.Тараптар көлік және логистика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуға басымдық беріліп, оның Орталық Азия елдерінің Таяу Шығыс, Оңтүстік Азия және Еуропа нарықтарына шығуына ықпал ететіні аталып өтті. Жүк тасымалын ұлғайту және көлік инфрақұрылымын жаңғырту бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге дайындық расталды.Су-энергетика саласындағы серіктестікті өзара мүдделер негізінде дамыту жоспарлары қарастырылды. Осы бағыттағы өзара іс-қимылдың табысты мысалы – Қамбар-Ата ГЭС-1 құрылысы бойынша үшжақты жобаны ілгерілету.Министрлер мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтау қажеттігін атап өтті. Өткен жылы Астанада өзбек ақыны Әлішер Науаи ескерткіш қойылып, Ташкент күндері табысты өтті. Алматыда «Лазги. Жан мен махаббат биі» спектаклі мен көрнекті суретші Ұ.Тансықбаевтың көрмесі ұйымдастырылды.Тараптар жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті. Оңтүстік Қазақстан университетінің Чирчик қаласындағы филиалы мен Алматыдағы Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтының табысты жұмысы аталып өтті.Туризм саласындағы ынтымақтастықты тереңдету, оның ішінде екі елдің мәдени мұрасын насихаттайтын бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.ҚР және ӨР Сыртқы істер министрлері кеңесінің алғашқы отырысында мемлекеттік органдардың сауда, өнеркәсіптік кооперация, көлік және логистика, су және мәдениет салаларындағы өзара іс-қимылы жөнінде баяндамалары тыңдалды.Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға және бір-бірінің бастамаларын өзара қолдауға дайындығын білдірді.Министрлер Орталық Азиядағы өңірлік кооперацияны дамытудың және тұрақтылық пен орнықты дамуға бірлескен күш-жігермен ықпал етудің маңыздылығын атап өтті. Бұл тұрғыда Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулері, Халықаралық Аралды құтқару қоры және «ОА+» форматтарындағы ынтымақтастықты жалғастыру қажеттігі айтылды.Келіссөздер қорытындысы бойынша ҚР және ӨР Сыртқы істер министрлері кеңесінің алғашқы отырысының хаттамасына қол қойылды.Сапар аясында сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Хиуаның мәдени нысандары – ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген тарихи орталығы Ишан-қалашығын және Хорезм ұлттық тұрғын үй құрылысының дәстүрлі ерекшеліктерін бейнелейтін Нұролла бай сарайын аралады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/961948?lang=kk