Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі 21.05.2026
«Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» №4 үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде Атырау қаласы, Әйтеке би 77 үй мекен жайында орналасқан Басқарманың ғимаратында 2025 жылдың «1» мамырдан 2026 жылдың «1» мамыр аралығындағы қызметіне, ағымдағы жылдың «29» мамырдан бастап «29» маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін хабарлайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-economy/press/news/details/1223802?lang=ru
Астанада Этникалық немістер мәселелері жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысы өтті 21.05.2026
Астана, 2026 жылғы 19 мамыр – Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасында тұратын этникалық немістер мәселелері жөніндегі екіжақты үкіметаралық комиссияның 22-ші отырысы өтті. Бүгінгі таңда Қазақстанда 226 мың этникалық неміс, ал Германияда Қазақстаннан қоныс аударған шамамен 1 миллион неміс тұрады.Кезекті кездесу Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтың және Германия Федералдық үкіметінің қоныс аударушылар және ұлттық азшылықтар істері жөніндегі уәкілі Бернд Фабрициустың төрағалығымен өтті.Комиссия отырысының күн тәртібіне білім беру, неміс тілін қолдау, мәдениет, ғылым, жастар саясаты, мұрағат ісі сияқты салаларындағы ынтымақтастық, сондай-ақ іскерлік байланыстарды дамыту және виза режимін жеңілдету мәселелері енгізілді.Келіссөздер барысында қазақстандық немістердің ұлттық бірегейлігін қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.Тараптар Алматыдағы Қазақ-Неміс университетінің, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Неміс тілі мен мәдениеті орталығының, Алматы энергетика және байланыс университетінде Анхальт қолданбалы ғылымдар университеті филиалының, Астанадағы Қазақ-Неміс орталығының, Ақтаудағы Қазақ-Неміс тұрақты инженерия институтының, Республикалық академиялық неміс драма театрының, немістілді «Deutsche Allgemeine Zeitung»  газетінің және басқа да құрылымдардың екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан маңызды үлесін атап өтті.Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Исетов өз сөзінде: «Қазақстан этникалық немістерді қоғамдық келісімді нығайтуға, мәдени әртүрлілікті дамытуға және халықаралық гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге айтарлықтай үлес қосатын елдің біртұтас халқының ажырамас бөлігі ретінде қарастырады», – деп атап өтті.А.Исетов әртүрлі ұлт өкілдерінің ортақ әлеуметтік-мәдени кеңістікте бейбіт қатар өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасау Қазақстан Үкіметінің басты міндеттерінің бірі екенін айтты.Өз кезегінде, Б.Фабрициус Германия Үкіметі Қазақстанда тұратын этникалық немістерді жан-жақты қолдауды жалғастыратынын растады. «Қазақстандағы этникалық немістер «достық көпірі» ретінде екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға айтарлықтай үлес қосады, ал Германия үкіметі осы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған күш-жігерді қолдайды», - деді ол.Тараптар Қазақстандағы этникалық немістерді кешенді қолдау жөніндегі шараларды жоспарлы түрде жүзеге асыруды жалғастыруға келісті және бұл міндеттер кездесудің қорытындысы бойынша қол қойылған Коммюникеде бекітілді.Қазақстан Республикасында тұратын этникалық немістер мәселелері жөніндегі Үкіметаралық комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасы Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының неміс ұлтын қолдау жөніндегі ынтымақтастық туралы 1996 жылғы 31 мамырда Алматы қаласында қол қойылған келісімге сәйкес құрылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1223811?lang=ru
Алматы облысында әуе таксиі алғаш рет сынақтан өткізілді 21.05.2026
Бүгін Алматы облысының Алатау қаласында алғаш рет eVTOL ауе таксиі ұшырылды. Мұндай сынақ Орта Азияда бірінші рет өткізіліп тұр. Электр қуатымен жұмыс істейтін аэротакси көлік кептелісін азайтуға, туристік нысандарды байланыстырып, діттеген жеріңе тез жетуге мүмкіндік береді. Сағатына 200 шақырымды еңсере алады. Қуаты да 200 шақырымға шақталған. Бір ұшқыш пен бес жолаушыны тасымалдай алады. 13 электрқозғалтқышпен жабдықталған. Басқа көлік түрлерімен салыстырғанда дыбысы әлдеқайда бәсең және көмірқышқыл газын шығармайды. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес алғашқы сынақ жолаушысыз өткізілді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев те қатысып, жоба отандық көлік саласының тарихындағы айтулы жаңалық екенін атап өтті. «Өздеріңізге белгілі, жақында ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» конституциялық заңға қол қойды. Қала келешекте экономикалық өсім үшін қолайлы экожүйеге айналады. Ал бүгінгі жоба – озық технологиялар мен «ақылды қала» тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған маңызды қадам. Осындай заманауи ұшып-қону құрылғыларын дамытуға күш салып жатқан «Alatau Advance Air Group Ltd.» командасының еңбегі ерекше құрметке лайық.Аталған бастама Алатау қаласын инновациялар мен цифрландырудың басты орталығы ретінде дамыту тұжырымдамасымен толық үндесіп жатыр. Жобаға 250 млн доллар инвестиция тартылды. Бұл – Alatau City-дің болашағына деген жоғары сенімнің көрінісі.Бүгінде еліміз жаһандық технологиялық өзгерістерді сырттай бақылап қана қоймай, олардың белсенді қатысушысына айналды. Көк аспанды бағындырған әуе таксилерінің сапары сәтті әрі қауіпсіз болсын. Орталық Азиядағы заманауи авиацияның жаңа дәуірі дәл осы біздің өңірден бастау алғаны – бәріміз үшін үлкен мақтаныш», – деді аймақ басшысы. Сондай-ақ жобаны іске асырушы серіктестермен келісімшартқа қол қойды.«Alatau City Authority»-дің бас атқарушы директоры Әлішер Әбдіқадыров өз сөзінде игі бастаманың беретін мүмкіндіктеріне тоқталды. «Бүгін біз Қазақстан үшін тарихи сәттің куәсі болып отырмыз. Елімізде алғаш рет аэротакси сынақтан өтті. Бұл тек жаңа технологияны таныстыру емес, сонымен қатар инновация мен цифрлық технологияға негізделген жаңа қаланың даму кезеңінің бастамасы. Alatau City – болашақтың қаласы. Сондықтан еліміздің әуе мобильділігі мен жаңа индустриясының дамуы дәл осы жерден басталуының символдық мәні зор. Біздің мақсат – технологияны жай ғана енгізу емес, оның толыққанды экожүйесін қалыптастыру. Яғни қажетті инфрақұрылым құру, инженерлік саланы дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу», – деді ол.eVTOL әуе таксиінің ұшып-қонуы үшін қуаттау және навигациялық жүйелермен жабдықталған вертипорттар пайдаланылады. Оларды қала ортасына – ғимарат шатырларына, көлік тораптарына және бизнес-кластерлерге орналастыруға болады. Қазіргі таңда Alatau City-де алғашқы вертипорттың құрылысы басталып кетті. Болашақта Алатау қаласы, Алматы және Алматы облысының туристік аймақтарында вертипорттар желісін құру жоспарланып отыр. Маршруттар өңірдің негізгі көлік тораптарын байланыстырады деп күтілуде.Іс-шара барысында аэротаксимен қатар жүк тасымалдайтын дрондар мен цифрлық навигация платформасы да таныстырылды.Қазіргі таңда әлем бойынша жолаушы тасымалдайтын аэротаксилер әлі сынақтан өткізіліп жатыр. Әзірге инфрақұрылымды дайындау жұмыстары жүргізіліп, құжаттары әзірленуде. 2029 жылға қарай іске қосылуы мүмкін. Бұл жоба тек өңірдің ғана емес еліміздің әуе тасымалын дамытуға серпін беретіні сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1223816?lang=ru
Қазақстан Елшісі Бразилия муниципалитеттері мен қалалары конгресіне қатысты 21.05.2026
Бразилия, 2026 жылғы 19 мамыр – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бразилия Муниципалитеттерінің Ұлттық Конфедерациясының (CNM) шақыруымен құрметті қонақ ретінде Бразилия Вице-президенті Жералдо Алкмин, ел Парламенті Палаталарының басшылары, салалық министрліктер жетекшілері мен аймақ губернаторларының қатысуымен өткен «MARCHA-2026» Бразилия муниципалитеттері конгресінің ресми ашылу рәсіміне қатысты.Форум аясында Қазақстан Елшісі Интеграция және өңірлік даму министрі Валдес Гоэс, CNM президенті Пауло Циулкоски, сондай-ақ Бразилияның саяси және іскер топтарының кейбір өкілдерімен кездесулер өткізді.Іс-шараны CNM ұйымдастырды және дәстүрлі түрде оған мыңға жуық қатысушыны, соның ішінде аймақ губернаторларын, Бразилия қалалары мен муниципалитеттерінің мэрлерін, жергілікті үкімет хатшыларын мен муниципалдық басқарушыларды біріктіреді.Конгресс биылғы жылдың 19-21 мамыр аралығында өтеді. Оның барысында федерализациялау, парламентаризм, қоғамдық қауіпсіздік, экология, денсаулық сақтау және білім беру мәселелері талқыланады.Өткен жылы Қазақстан Елшілігі Конгреске ресми серіктес ел ретінде қатысқан болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1223833?lang=ru
Авиация саласын дамыту мен цифрландыру мәселелері қаралды 21.05.2026
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен кезекті мәжіліс өткізілді.Жиында облыс әкімінің авиация саласын дамыту мен цифрландыру бойынша берген тапсырмалары пысықталып, бірқатар міндеттер жүктелді.Сонымен қатар ауданның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің орындалу барысы сараланып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және өңдеу салаларындағы жұмыстарды толық орындау тапсырылды. Жандос Еркінбек межелі міндеттердің әрдайым сапалы атқарылуын қатаң бақылауда ұстау қажеттігін де ескертті.Аудан басшысы: «Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік. Әсіресе жазғы кезеңде су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын күшейту қажет», – деп аудандық төтенше жағдайлар және полиция бөліміне, білім саласы мен кент, ауылдық округ әкімдеріне күшейтілген жұмыстар жүргізуді тапсырды.Сондай-ақ балалардың жазғы демалыстарын дұрыс ұйымдастыру, жазғы лагерьмен қамту, оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу бағытындағы шаралар да талқыланды.Мәжіліс қорытындысында барлық жауапты мекемелерге берілген тапсырмалардың мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету тапсырылып, жұмыстар тұрақты бақылауда болатыны айтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1223893?lang=ru
Бюджет кірістері мен білім саласының мәселелері талқыланды 21.05.2026
Аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Сыдықовтың төрағалығымен өткен мәжілісте аудан бюджетінің кіріс бөлігінің орындалуы, салықтық түсімдердің қамтамасыз етілуі, «Соңғы қоңырау» шараларын ұйымдастыру мәселелері қаралды.Жиында кент және ауылдық округтер бойынша төртінші деңгейлі салықтық базаның орындалу барысы сараланып, жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы бағытында бірқатар тапсырмалар жүктелді.Сонымен қатар алдағы «Соңғы қоңырау» шараларын жоғары деңгейде ұйымдастыру, мектеп бітірушілердің қауіпсіздігі және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды. Аудан көлемінде өтетін бұл шара үлкен жауапкершілік жүктейтіндігі айтылып, төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында жұмыстар бойынша тиісті тапсырмалар берілді.Шыңғыс Әбділәмитұлы: «Ұлттық бірыңғай тестілеу жұмыстары оқушылардың ғана емес, мектеп мұғалімдері мен жалпы сол мектептің білім деңгейін таразыға салатын сәт деуге болады. Сондықтан дайындық жұмыстарын пысықтап, оқушылардың жоғары нәтиже көрсетуіне барлық жағдай жасау қажет»,- деп жауапты басшылар мен кент, ауылдық округ әкімдеріне берілген тапсырмалардың мерзімінде әрі уақытылы орындалуын тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1223896?lang=ru
Аудан әкімі Жосалы кентіндегі нысандарды аралады 21.05.2026
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентіндегі бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылады.Алдымен аудан басшысы күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан теміржол вокзалы ғимаратына барып, құрылыс жұмыстарының сапасын көрді. Қазіргі таңда 1904 жылы салынған тарихи ғимаратты жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жоба аясында ішкі және сыртқы әрлеу, инженерлік жүйелерді жаңарту, аумағын абаттандыру және жолаушыларға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар атқарылуда.Бүгінде нысандағы күрделі жөндеу жұмыстарының басым бөлігі орындалған. Осы бағытта аудан әкімі жауапты мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстап, жұмыстарды белгіленген мерзімде әрі талапқа сай аяқтауды тапсырды.Сонымен қатар Жосалы кентіндегі Дендропарк аумағының санитарлық тазалық және көркейту-көгалдандыру жұмыстарының барысы бақыланды. Мұнда Жандос Еркінбек тазалық жұмыстарының сапалы орындалуына және берілген тапсырмалардың кемшіліксіз атқарылуына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1223902?lang=ru
Ұлттық ұланның Петропавлдағы әскери нысандары тексерілді 21.05.2026
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бекайдар Қазкеев жұмыс сапарымен Петропавл қаласына барды. Сапар аясында ол ІІМ Ұлттық ұланы Академиясының және 6637 әскери бөлімінің қызметімен танысты.Генерал-майор оқу орнының материалдық-техникалық базасын аралап, курсанттарға арналған жаңа казарманың жай-күйін көрді. Сонымен қатар, заманауи талаптарға сай жабдықталған бірегей тирді қарап, курсанттардың жауынгерлік даярлығына жасалған жағдайға назар аударды.Ал 6637 әскери бөліміне Бекайдар Қазкеев “Орталық” өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы полковник Нұрлан Мұхамедовпен бірге келді. Олар бөлім аумағын аралап, әскери қызметшілердің күнделікті тыныс-тіршілігімен, қызмет өткеру жағдайымен және бөлімнің материалдық-техникалық әлеуетімен танысты.Сапар барысында әскери инфрақұрылымды дамыту, жеке құрамның жауынгерлік даярлығын арттыру және әскери қызметшілерге қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар талқыланды.Сондай-ақ ол “Береке” спорт кешенінде ұландықтар арасында өткен қоян-қолтық ұрыс турнирін тамашалап, жеңімпаздарды марапаттады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1223931?lang=ru
Салық шығыстары туралы талдамалық есепті қалыптастыру қағидалары туралы қаулының жобасы жарияланды 21.05.2026
ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Салық шығыстары туралы талдамалық есепті қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Құжат Бюджет кодексінің нормаларын іске асыру шеңберінде дайындалып, мемлекеттік ресурстарды басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған.Мұндағы негізгі жаңалық – салықтық жеңілдіктер көлемін есепке алудан әлеуметтік-экономикалық тиімділікті жүйелі талдауға көшу. Қазақстанда алғаш рет әрбір салық преференциясынан түсетін нақты табысты бағалауға мүмкіндік беретін салық шығыстары туралы жыл сайынғы талдамалық есеп тетігі енгізілуде.Жаңа ережелерге сәйкес, әрбір салық жеңілдігі бөлек талданады. Бағалау нақты шараның инвестицияның өсуіне, жұмыс орнын құруға, экономика салаларын дамытуға және басқа стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететіндігін анықтауға мүмкіндік береді.Есеп мемлекеттік органдардың дерегі, салық есептілігі және ресми статистика негізінде қалыптастырылады. Талдау нәтижесі, тиімділігіне қарай, салық жеңілдігін сақтау, түзету немесе жою туралы шешім қабылдауға негіз болады.Сондай-ақ, құжат салықтық алшақтықты – ықтимал және нақты салық түсімі арасындағы айырмашылықты талдау жүйесін енгізуді қарастырады. Бұл салықтық әкімшілендіру сапасы мен бюджет саясатының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Бірінші талдамалық есепті 2027 жылы салық реформасын имплементациялау кезеңінің қорытындысы бойынша дайындау жоспарлануда.Есеп жыл сайын ҚР Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланады.Құжаттың жобасы «Ашық НҚА» порталында жария талқылау үшін келесі сілтеме бойынша орналастырылды: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15828380Талқылау 2026 жылғы 5 маусымға дейін жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1224074?lang=ru
Қазақстан мен Дания тау-кен өнеркәсібіндегі серіктестікті кеңейтуде 21.05.2026
Астана, 2026 жылғы 19 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанқұлов Данияның FLSmidth компаниясының бас директоры Тони Лааксоненмен кездесу өткізді.Келіссөздер барысында тараптар тау-кен және цемент өнеркәсібі саласындағы жетекші халықаралық инженерлік компаниялардың бірімен ынтымақтастықты одан әрі тереңдету перспективаларын талқылады.Сондай-ақ тараптар Қарағанды қаласындағы компанияның қызмет көрсету орталығын кеңейту жобасын іске асыру мәселелерін қарастырды. Жоба Қазақстан мен Орталық Азияның тау-кен кәсіпорындарына қызмет көрсетуге арналған сервистік инфрақұрылымды жаңғырту мен едәуір кеңейтуді көздейді. Инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 15 млн АҚШ долларын құрайды.Ғ.Оспанқұлов аталған жоба жабдық жеткізуге, өндірісті локализациялауға және заманауи технологиялар трансфертіне бағытталған ұзақ мерзімді өнеркәсіптік серіктестіктің үлгісі ретінде қарастырылатынын атап өтті.Компанияның қызмет көрсету орталығының алдағы ашылуын талқылай отырып, сұхбаттастар ұсынылатын қызметтердің кең ауқымын, оның ішінде жабдық компоненттерін өндіру және жаңарту, тау-кен жабдықтарын жөндеу және жаңғырту, компоненттер мен жинақтарды құрастыру және техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ тау-кен металлургия кәсіпорындарына инженерлік-техникалық қолдау көрсету мәселелерін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыруға және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1223817?lang=ru
Қазақстан СІМ-де ExxonMobil компаниясымен энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды 21.05.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев «ExxonMobil» компаниясының халықаралық үкіметтік қарым-қатынастар жөніндегі аға директоры Юрия Киммен кездесу өткізді.Кездесу барысында «ExxonMobil» компаниясының Қазақстандағы қызметі, сондай-ақ инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және энергетика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.Е.Ашықбаев компанияның Қазақстанның энергетика секторының дамуындағы маңызды рөлін атап өтіп, өзара тиімді серіктестікті одан әрі нығайтуға деген қызығушылығын білдірді. Ю.Ким компанияның қазақстандық экономикаға инвестицияларды кеңейту және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1223943?lang=ru
ҚАЗАҚСТАНДА ЗАМАНАУИ АСШАЯН ӨСІРУ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ 21.05.2026
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінде Қазақстан Республикасында заманауи асшаян (креветки) өсіру кешенін салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында меморандумға қол қою рәсімі өтті.Жоба алдыңғы қатарлы еуропалық құрлықтағы рециркуляциялық аквашаруашылық (RAS) технологияларын енгізуді көздейді. Халықаралық сапа стандарттарына, экологиялық қауіпсіздікке және толық қадағалануға сәйкес келетін премиум өнімдерге арналған жоғары технологиялық өндірісті құруға бағытталған.Жобаның инвесторы Big Blue Farms халықаралық компаниясы.Ресми кездесуге инвестор жағынан директорлар кеңесінің мүшесі Марсиа Фавал және ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов қатысып, екіжақты меморандумға қол қойды. Жобаның жергілікті серіктесі әрі мердігері қазақстандық Artex Machinery компаниясы. Жобаға салынатын инвестицияның жалпы көлемі шамамен 50 миллион долларды құрайды. Өндіріс кешенін іске асыру өңірі таңдалуда. Жоба аясында жылына 5300 тонна асшаяндарды өндіру көзделіп отыр. Сондай-ақ, ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, өңірдің экспорттық әлеуетін дамытуды көздейді. Жоба толық өндірістік қуатқа шыққанда 300-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.«Біз Қазақстан Президентінің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, импортты алмастыруға, шикізаттық емес экспортты кеңейтуге, инновациялар мен тұрақты дамуға негізделген жаңа экономиканы қалыптастыруға бағытталған стратегиялық жобаны мақтанышпен қолдаймыз. Бұл жоба ел үшін жаңа агроөнеркәсіптік әлеуетті құруда, халықаралық сараптама мен инвестицияларды тартуда, Қазақстанның жоғары технологиялық және тұрақты азық-түлік өндірісінің өңірлік хабы ретіндегі рөлін нығайтуда маңызды қадам болады». — деп аталған жоба аясында Оман мемлекетінің Мәртебелі ханшайымы, Big Blue Farms негізін қалаушы Сайида Сария Әл Саид та өз қолдауын білдірді."Қазақстанда заманауи асшаян өсіру кешенін салу маңызы ерекше жоба болмақ. Бұл балық шаруашылығының дамуына ерекше серпін береді және мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетуге дайынбыз" - деді комитет төрағасы Серік Сағитжанұлы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/fishery/press/news/details/1224081?lang=ru
Оқыту мансап құралы ретінде: бүгінгі таңда мемлекеттік басқару академиясына түсу неге маңызды 21.05.2026
Бүгінде Қазақстандағы мемлекеттік қызмет дамудың жаңа моделіне көшуде, онда еңбек өтілі емес, құзыреті негізгі факторға айналуда.Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы тікелей бекітеді: мансаптық өсу кәсіптік даярлық деңгейіне, оқыту нәтижелеріне және тағылымдамадан өтуге байланысты болады.           Сонымен қатар, әзірленіп жатқан заңнамалық өзгерістер бұл тәсілді күшейтеді - ілгерілеудің көлденең моделі қалыптасады, онда оқыту жауапкершілік пен басқарудың жоғары деңгейіне көшудің нақты механизміне айналады.Мемлекет кадрларды дамытуға жүйелі түрде инвестиция салады. Жыл сайын еліміз бойынша 27 мыңға жуық мемлекеттік қызметші оқудан өтеді, оның ішінде 1 мыңнан астамы Академияның Қостанай филиалында.Қостанай облысында Академияның 8 түлегі қазірдің өзінде басшылық лауазымдарда.Нақты мысал-Алтынсарин ауданының әкімі Арнұр Сартов. Оқытуға дейін-аппарат басшысы, кейін-аудандық деңгейдегі дербес басқарушы.Бүгін Мемлекеттік басқару академиясына 2026-2027 оқу жылына қабылдау жүріп жатыр (01.06.2026 дейін).Оқуға түсу шарттары барынша түсінікті және ашық: мемлекеттік органнан жолдама; жоғары білім туралы диплом; мемлекеттік тіл деңгейін растау (B1-ден төмен емес); ағылшын тілі бойынша халықаралық сертификат (бағдарламаға байланысты); қызметтік тізім және базалық Кадрлық құжаттар.Процедура толығымен цифрландырылған және артық талаптарды қамтымайды.Бұл ретте оқыту заңмен бекітілген нақты артықшылықтар береді. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңның 15-бабына сәйкес академия түлектері бір жыл ішінде конкурстық рәсімдерсіз лауазымдарға тағайындалуы мүмкін.Бұл негізгі мансаптық лифт. Қосымша: ағымдағы жұмыс орны сақталады; лауазымдық жалақы деңгейінде стипендия төленеді; тұрғын үй беріледі (басқа қалалықтар үшін); мемлекеттік басқару практиктерінде шетелдік тағылымдамалар мен оқыту қолжетімді.Осылайша, Академияда оқу-бұл жұмыстан уақытша алшақтық емес, мемлекет толығымен қамтамасыз ететін инвестиция.Бүгінде мемлекеттік аппарат алдында қабылданатын шешімдердің тиімділігі мен сапасын арттыру міндеті тұр. Жүйелі оқытусыз бұл мүмкін емес. Тәжірибе қазірдің өзінде көрсетеді: оқудан өткендер нақты артықшылықтарға ие болады және тезірек алға жылжиды.Бүгінгі таңда таңдау қарапайым: қазіргі құзыреттер шеңберінде қалу немесе мемлекет құрған мүмкіндіктерді пайдалану. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы-Е. А. СалықбаевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1224112?lang=ru
📢 Салық төлеушілердің дербес шоттарын беру тәртібі: нені білу қажет? 21.05.2026
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы №637 бұйрығымен бекітілген Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жүргізу қағидаларының 132–139-тармақтарына сәйкес, салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын, оның ішінде бір мемлекеттік кірістер органынан екінші мемлекеттік кірістер органына беру келесі жағдайларда жүзеге асырылатынын хабарлайды:✅ Келесі мәліметтер өзгерген кезде:📍 жеке тұлғаның тұрғылықты (болу) жері;📍 орналасқан жері:* жеке кәсіпкердің;* жеке практикамен айналысатын тұлғаның;* резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ бейрезидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің;* филиал немесе өкілдік ашпастан Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның;* Салық кодексінің 229-бабының 1-тармағына сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесі болып саналатын тәуелді агенттің;* Салық кодексінің 687-бабының 9-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын бейрезиденттің.✅ Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде — БСН ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде.✅ Бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемелер тобы бойынша корпоративтік табыс салығын төлеу және декларацияны оның тұрақты мекемелерінің бірі арқылы ұсыну тәртібіне көшуі кезінде — Салық кодексінің 226-бабында көзделген хабарлама негізінде.✅ Салықтар мен төлемдер қате төленген кезде.✅ Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін тіркеуден шығарған кезде — БСН ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде.⏳ Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын, оның ішінде бір мемлекеттік кірістер органынан екінші мемлекеттік кірістер органына беру осы Қағидалардың 132-тармағында көзделген негіздер туындаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.📌 Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін дербес салық төлеуші (салық агенті) ретінде тануды жою туралы шешім қабылданған жағдайда да құрылымдық бөлімшенің дербес шотының сальдосы заңды тұлғаның дербес шотына беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1224118?lang=ru
Әскерге шақыру жүйесі жаңғыртылуда: цифрландыру мен сапалы іріктеу басты назарда 21.05.2026
Астанада Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің әскерге шақыру науқанын ұйымдастырудың өзекті мәселелеріне арналған көшпелі отырысы өтті.Іс-шараға Сенат депутаттары, Қорғаныс, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Төтенше жағдайлар, Жасанды интеллект және Цифрлық даму министрліктерінің, ҰҚК Шекара қызметінің, жергілікті атқарушы органдардың және басқа да мүдделі ведомстволардың өкілдері қатысты.– Әскери қызмет – абыройлы міндет қана емес, бұл жауапкершілік, тәртіп пен азаматтарды ел қорғаушы ретінде қалыптастыратын маңызды өмір кезеңі. Бүгінде әскерге дейінгі жастармен жүйелі жұмысты күшейтіп, олармен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру аса маңызды, – деді Сенаттың бейінді комитетінің төрағасы Андрей Лукин.Отырыста көктемгі әскерге шақыру науқанын ұйымдастыру, әскери-дәрігерлік комиссиялардың жұмысын жетілдіру, инфрақұрылым нысандары, әскери есепке алу үдерістерін цифрландыру және ведомствоаралық өзара іс-әрекеттің тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.Қатысушылар сондай-ақ Алматы, Сарыарқа және Байқоңыр аудандарының қорғаныс істері жөніндегі басқармалары орналасқан елордалық жинау пунктінің жұмысымен танысты.Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Руслан Балтеміровтің айтуынша, нысан заманауи медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Шақырылушыларға жайлы жағдай жасалып, толыққанды тамақтану мен орналастыру ұйымдастырылған.Бұдан өзге қазіргі уақытта Қарулы күштерді жасақтау аяқталғанын, ал 25 мамырдан кейін Ұлттық ұлан бөлімшелерін жасақтау басталатынын мәлімдеді. Әскерге шақыру науқаны 30 маусымға дейін жалғасады.Кездесуде әскерге шақыру науқанының медициналық қамтамасыз етілуі мен әскери-дәрігерлік комиссиялар жұмысының сапасына ерекше назар аударылды. Қатысушылар шақырылушылардың денсаулық жағдайын диагностикалауды, психологиялық тексеруді жетілдіру және медицина қызметкерлері қабылдайтын шешімдер үшін жауапкершілікті күшейту қажеттігін атап өтті.Әскери есепке алу мен әскерге шақыру жүйесіне цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект элементтерін енгізу жұмысы оң бағаланды. Сонымен қатар IT және киберқауіпсіздік саласындағы жас мамандарды әскери қызмет пен ғылыми қызметке тартудың маңыздылығы да айтылды.Отырысты қорытындылаған Андрей Лукин әскерге шақыру жүйесін тиімді дамыту Қазақстан әскерінің жауынгерлік дайындығын арттыруға және елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға тікелей әсер ететінін атап өтті. Сонымен қатар ол әскери қызмет, медициналық қамтамасыз ету және әскерге шақырудан жалтарғаны үшін жауапкершілік мәселелерін реттейтін заңды жетілдіруге депутаттық корпус қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1224125?lang=ru
ЖК атауын өзгерту 21.05.2026
Егер кәсіпкер қызмет бағытын өзгерткен болса немесе бизнес атауын жаңартқысы келсе, ол жеке кәсіпкердің атауын онлайн түрде, салық органына бармай-ақ өзгерте алады.Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 80-бабына сәйкес, жеке кәсіпкердің тіркеу деректерін өзгерту кәсіпкердің хабарламасы негізінде жүзеге асырылады.Хабарламаны келесі арқылы жіберуге болады:elicense порталыекінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларыҚалай жүзеге асырылады?Порталға ЭЦҚ немесе SMS-құпиясөз арқылы кіруЖеке кәсіпкердің тіркеу деректерін өзгерту қызметін таңдауЖаңа атауды көрсетуХабарламаны толтырып, онлайн қол қою және жіберуМаңызды:Хабарламаны деректер өзгерген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жіберу қажет.Өтініш өңделгеннен кейін жаңартылған мәліметтер мемлекеттік дерекқорларда автоматты түрде көрсетіледі.Атауды өзгерткеннен кейін банкке, серіктестерге хабарлап, қажет болған жағдайда шарттардағы, кассалық аппараттағы және бизнес әлеуметтік желілеріндегі деректерді жаңарту ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1224152?lang=ru
БЛОГЕРЛЕР МЕН БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІНЕ! 21.05.2026
Сізді 2026 жылдың 20 мамырда  15.00 сағатта Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша «Қызмет алушышалар күніне» шақырамыз.Өткізу орны: Көкшетау қаласы, Назарбаев д. 21 А.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1224165?lang=ru
Әскери көшбасшылық мектебі: Алматыда тәрбиеші офицерлер жиыны өтіп жатыр 21.05.2026
  Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында тәрбиеші офицерлер бас қосты. Іс-шараның өту барысын Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков тексерді.  Оқу жиынына екі жылдық қызметке шақырылған тәрбие құрылымдарының офицерлері тартылған. Олар «Шығыс», «Батыс», «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарынан, Десанттық-шабуылдау әскерлерінен, Әуе қорғанысы күштерінің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінен және Құрлық әскерлеріне тікелей бағынысты бөлімдерден жиналып отыр.Генерал-майор Асқар Мұстабеков қазіргі тәрбиеші офицердің тек тәлімгер ғана емес, әскери қызметшілердің жауапкершілігін, тәртібін және Отан алдындағы борышқа адалдығын қалыптастыратын көшбасшы екенін атап өтті.– Олардың кәсіби біліктілігі мен жеке үлгісі бөлімнің ауызбіршілігі мен жауынгерлік дайындығына тікелей әсер етеді, - деді ол.Жиын барысында тәжірибелі мамандар мен оқытушылардың ұйымдастыруымен түрлі тренингтер, дәрістер мен практикалық сабақтар өтіп жатыр. Бағдарлама командирлердің көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, коммуникация дағдыларын жетілдіруге және заманауи ақпараттық-тәрбие технологияларын қолдануға бағытталған.Қатысушылар әскери ұжымдағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту жолдарын, сондай-ақ жеке құрамды патриоттық рухта тәрбиелеу әдістерін меңгеруге машықтанады.Сонымен қатар моральдық-психологиялық қамтамасыз ету, жанжалдардың алдын алу және әскери қызметшілердің қызметке деген ынтасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылған.Ұйымдастырушылардың айтуынша, жиын бағдарламасы қазіргі заман талаптары мен әскери қызмет ерекшеліктерін ескере отырып жасалған. Алынған білім мен тәжірибе тәрбиеші офицерлерге әскери тәртіпті күшейтуге, ұжым бірлігін нығайтуға және сарбаздардың жоғары адамгершілік әрі патриоттық қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1224179?lang=ru
🔑 Қазақстан мектептерінде 2025–2026 оқу жылы қорытындылануда 21.05.2026
🛬 Еліміздің барлық мектептерінде 2025–2026 оқу жылы аяқталуға жақын. Биыл оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтайды. Оның ішінде екі жүз он бес мыңнан астамы – 11-сынып түлектері.📕 Оқу жылының қорытындысы бойынша 9-сыныпты үздік аяқтауға үміткерлер саны 31 мыңнан астам оқушыны құрайды. Ал 11-сыныпты үздік аяқтауға 18 мың оқушы үміткер. Бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 420 мыңнан астам педагог еңбек етуде.🖼️ Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 217 заманауи мектеп пайдалануға берілді. Оның 84-і ауылдық елді мекендерде орналасқан. Қазіргі таңда бұл мектептерде 220 мыңнан астам оқушы білім алып, 16 мыңға жуық педагог жұмыс істеуде.🖊️ Оқу жылының аяқталуына орай 25 мамыр күні еліміздің барлық мектептерінде «Білімім – Отаныма!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі. Сынып сағаттарында оқу жылы қорытындыланып, оқушылардың жетістіктері мен жарқын сәттері еске алынады. Сондай-ақ «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі құндылықтарына, білім мен ғылымға құрметті арттыруға, инновациялық ойлауды дамытуға Халықтық Конституцияда айқындалған басты стратегиялық бағыт ретінде ерекше назар аударылады. Оқушыларға жазғы каникул кезінде оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі таныстырылады.📒 Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен бұйрығы мен қаулысына сәйкес мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында салтанатты іс-шараларды мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында, демалыс базаларында және табиғат аясында өткізуге тыйым салынады.📔 Ата-аналардан, заңды өкілдерден және білім алушылардан салтанатты іс-шараларға байланысты ақша жинауға, сыйлықтар мен өзге де материалдық құндылықтар талап етуге жол берілмейді. Ал аттестаттар мен дипломдарды салтанатты табыстау рәсімдері тек білім беру ұйымдарының қабырғасында ұйымдастырылады.🖋️ Бірлескен бұйрық білім алушылар арасында мектеп бітіру іс-шараларын өткізу кезіндегі қауіпсіздік пен қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру ұйымдарында «Заң мен тәртіп» идеологиясын нығайтуды көздейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1224193?lang=ru
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап КТС мөлшерлемелері 21.05.2026
КТС мөлшерлемелері:Негізгі мөлшерлеме — 20%(өзгеріссіз).Төмендетілген мөлшерлемелер:ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер және аквакультура — 3%(бұрын 10%);ауыл шаруашылығы кооперативтері — 6%(бұрын 10%);әлеуметтік сала ұйымдары (КЕҰ-дан басқа) — 2026 ж. 5%, 2027 ж. 10%.Жоғарылатылған мөлшерлемелер:банктік қызмет (кәсіпкерлікті кредиттеуден басқа) — 25%;ойын бизнесі — 25%. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1224203?lang=ru